Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды.
3.Сабақ түрлері, мазмұны және жоспарлау. Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.
Ашық сабақ
Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.
Қорытынды сабақ
Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен қатар емтиханға дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.
Сабақтың мазмұны
-Ұйымдастыру,түгендеу псих ахувл
-өткен сабакты пысыктау,білімдерн тексеру
-мақсат кою
-қорытынды
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:
• тақырып
• сабақтың міндеттері
• сабақ кезендері
• оқушыларға арналған тапсырмалар.