Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет1/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.
2-ДӘРІС., ЖМП кері байланыс, даур тепло (копия), ТГО 143 на казахском 2020 года

1. СӨЗ

1.1. Сөздің лексика-семантикалық табиғаты

1.1.1. Ұғым

Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы - Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы – ұғым және мағына. «Мағына пайда болу үшін ұғым адам санасында қалай қалыптасады?» деген сұраққа алдымен жауап беруіміз керек. Сөздің мағынасын түсіну үшін ұғым дегеніміз не соған жауап берейік.

1.1.1.1. Ұғым адам санасында қалай қалыптасады? Ұғымның пайда болу, қалыптасу сатылары 4-еу.



Дүниені тану түйсіктен басталады. Қозғалыс, зат, құбылыс, әрекет туралы, олардың сапа, қасиеттері жайында түйсік арқылы ғана мағұлмат ала аламыз. Демек, ол - тіршілік иелерінің өз төңірегін бағдарлауының алғашқы формасы. Адамның дүниені сезу, білу мүмкіндігі мол болғанымен, алдымен нәрселердің жекелеген қасиеттерін ғана түйсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет