«Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану»



Дата21.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#163787
Байланысты:
Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану
Ояну жаттығулар кешені, Кажкенова Динара ДОиВк211уск-Дене шынықтыру

«Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану»

Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай


баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру
бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі
болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық, жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру
қажет. Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды қалыптастыруға бағытталған бар білім салаларымен өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.
Педагогика ғылымында «денсаулықты сақтау» ұғымы XX ғасырдың 90-жылдары қолданыла бастады және түрлі кезеңдерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері арқылы балалардың денсаулығын сақтауда қатынас өзгешелігін көрсетті.
Отандық және шетелдік ғалымдар адам денсаулығының 7-8% денсаулықтықты ойдағыдай сақтауға, 50% - өмір салтына байланысты екендігін анықтады, сондықтан мектепке дейінгі ұйымның міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша педагог жұмысының тиімділігін арттыру.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын таңдау: мектепке дейінгі ұйым типіне, мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына, педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне, балалардың денсаулық көрсеткіштеріне байланысты болады.
Соңғы уақытта әртүрлі сала мамандарының назарын ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы айырмашылықтың гендерлік аспектілері қарқыны және интеллектуалдық даму сапасы, эмоционалдық әрекет қабілеттілігі, іс-әрекетті және жетістікті, мінез-құлықты бағалауы аударуда.
Мектепке дейінгі ұйымның міндеті әр балаға өз мүмкіндіктерін сезінуге, оларды дамыту үшін дамытушы ойын ортасын құруға, баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көмек көрсету.
Денсаулық сақтау технологиясы анықтамасынан балаларда денсаулық мәдениетін қалыптастыру маңызды мақсат екендігін байқауға болады. Денсаулық мәдениетін зерделемей, тәрбиелеу қажет.
Денсаулық сақтау технологияларының мәні салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудан, денсаулықта болатын өзгерістерді болжаудан және соған сәйкес педагогикалық-психологиялық, түзету және сауықтыру шараларын өткізуден тұрады.
Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады:
- жас ерекшеліктерін ескеру;
- жүйелілік пен бірізділік;
- қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді);
- қауіпсіздік (орта сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары элементтерінің сәйкестілігін ұсынады);
- вариативтілік (балалардың танымдық, қимыл, ойындағы белсенділігін ынталандыратын құрал-жабдықтар мезгілімен ауыстырылуы тиіс);
- баланың жетістігін сезінуі.
Педагогтердің білім беру қызметінің денсаулыққа бағытталған әдістемелік ұстанымдарына ғалымдар (И.И.Брехман, Н.В.Колбанов, Г.К. Зайцев, 6
Л.Г. Татарникова) тұжырымдама жасады және кейін олар біздің жағдайға икемделді:
- денсаулықты сақтау - Үлгілік оқу бағдарлама мазмұнын игеру қарқынын анықтауға бағытталады;
- денсаулықты нығайту, әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, денеге түсетін салмақтың дұрыс мөлшерленуін сақтауды негізге алады;
- денсаулықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталады, өтпелі тақырыптарды жоспарлауға сәйкес білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Топтарда профилактикалық шараларды жүргізу: топ және жатын бөлмелерін кварцтау, ұйқыдан кейінгі жаттығу, тыныс алу жаттығуы, топ және жатын бөлмелерін желдету, таза ауада серуендеу, релаксация.
Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет атқарады:
релаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады;
коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау.
«Денсаулық» білім беру саласы балалардың жастарына сәйкес келесі міндеттердің орындалуын: дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жатттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау,велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және т.б.) элементтерімен таныстыруды; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды; балалардың дене бітімінің дұрыс дамуына медициналық-педагогикалық бақылау ұйымдастыруды, жалпақ табандылықтың алдын алуды қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді түрде кіріктіріледі: мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы «Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тыныс алу аппаратын нығайтады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы денсаулықты сақтауды іске асыру жағдайлары:
- балалардың дене дамуындағы заманауи технологияларды зерделеу және енгізу;
- балалардың түрлі жас топтарында қимыл белсенділігін арттыру үшін дамытушы ортаны ұйымдастыру;
- әрекеттің алгоритмдерін құру;
- балалардың дене дамуын, біліктері мен дағдыларын бақылау;
- балалардың дене дайындығының даму деңгейін диагностикалау;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілік деңгейлерін арттыру.
Тұтас денсаулық сақтау жүйесін құрудағы маңыздысы балалардың түрлі жас топтарында қимыл белсенділігін арттыру үшін дамытушы ортаны ұйымдастыру. Барлық жас топтарында жалпақ табандылықтың алдын-алуға, жалпы дамытуға әсер ететін, қимылды ойындар мен жаттығуларға құралдардың болуы. Ұсақ денешынықтыру құралдарының барлық балалар үшін қолжетімді жерде орналастырылуы.
Топтық бөлмелерде жас ерекшеліктеріне, гигиеналық және эстетикалық талаптарға сәйкес таңдалған денешынықтыру бұрыштарын түрлі өлшемдегі доптармен, секіртпелер, құрсаулар, гимнастикалық таяқшалар, шынықтыру құралдарымен құру қажет. Тәрбиешінің әдістемелік бұрышынды қимылды ойындардың картотекасының болуы.
Базалық мазмұн «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. Түрлі жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
- ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;
- мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
- мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
Олардың арасындағы үзіліс кезінде орташа қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Денсаулық сақтау технологиялары және салауатты өмір салтын қалыптастыру балабақшаның білім беру процесінде маңызды орындардың біріне ие болды. МДҰ-ғы инновациялық жұмыс формаларын ашатын және тиімді қолданылатын денсаулық сақтау технологиясының негізгі түрлері:

  1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы:

  • ырғақ пластикасы;

  • динамикалық үзілістер;

  • қимыл-қозғалыс және спорт ойындары;

  • саусақ гимнастикасы;

  • тыныс алу гимнастикасы;

  • шынықтыру.

  1. Саламатты өмір салтына үйрету технологиясы:

  • дене шынықтыру ҰОІӘ;

  • коммуникативтік (қарым-қатынас) ойындары;

  • өзіне-өзі массаж жасау;

  • нүктелік массаж;

  • қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешені.

Коррекциялық (түзету) технологиясы:

  • ертегі терапиясы;

  • уәенмен ықпал ету технологиясы;

  • психогимнастика;

  • арттерапия.

Балалардың түрлі жас топтарында денсаулықтарын сақтау мен ынталандырудың заманауи технологиялары:


Стретчинг – ортаңғы топтан бастап аптасына 2 рет 30 минуттан, тамақ ішкеннен кейін кем дегенде 30 минут өткен соң дене шынықтыру немесе музыка залында, топ бөлмесінде, жақсы желдетілген бөлмеде өткізілетін музыканың сүйемелдеуімен орындалатын арнайы жаттығулар. Дене сымбатының бұзылысы және жалпақ табандылылығы бар балаларға ұсынылады.
Динамикалық үзілістер – ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың шаршағанына қарай 2 минуттан 5 минутқа дейін болады. Шаршауды басу үшін ұсынылады. Бұл көзге, тыныс алу органдарына, қолдың ұсақ бұлшық еттеріне арналған гимнастика элементтері және т.б. ұйымдастырылған оқу қызметінің түріне байланысты болуы мүмкін.
Қимылды және спорттық ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлігі ретінде, күнделікті серуенде, баяу, орта және жоғары қимыл деңгейіне байланысты – топ бөлмесінде өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда спорттық ойындардың элементтері ғана (футбол, волейбол, баскетбол) қолданылады.
Релаксацияны кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады, педагог релаксация технологиясы қарқынын, балалардың жағдайына және мақсатына байланысты анықтайды. Байсалды классикалық музыканы, табиғат дыбысын қолдануға болады.
Коммуникативтік ойындар – ересек топтан бастап, аптасына 1-2 рет 30 минуттан өткізіледі, бірнеше бөліктерден тұрады. Оларға әңгімелесулер, этюдтер және сурет салумен, мүсіндеумен, би билеумен және т.б. қимыл деңгейі әртүрлі ойындар енеді.
Саусақ жаттығулары – кіші топтан бастап жеке немесе шағын топпен өткізіледі. Барлық балаларға, әсіресе тілінде кемістігі бар балалармен жүргізу ұсынылады. Кез- келген ыңғайлы уақытта өткізіледі.
Көзге арналған жаттығулар – кіші жастан бастап көзге түскен салмақтың қарқынына байланысты күнделікті 3-5 минуттан кез-келген бос уақытта өткізіледі. Көрнекі материал, педагогтің көрсетуін қолдану ұсынылады.
Тыныс алу жаттығулары – дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының әр түрлерінде желдетілген бөлмеде өткізілуі тиіс. Педагог балаларға шараны өткізу алдында мұрын қуысының міндетті гигиенасы туралы нұсқау беруі қажет. Тыныс алу жаттығуы балаларға психотерапиялық және сауықтырушылық әсер етеді: зат алмасу процесіне оң ықпал етеді; орталық жүйке жүйесін қалпына келтіруге жағдай жасайды; бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады;
мұрынмен дем алудың бұзылысын қалпына келтіреді; көкірек қуысы мен омыртқаның түрлі өзгерістерін түзетеді.
Түзету жаттығулары – дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының әр түрлерінде жүргізіледі. Өткізілу түрі қойылған міндет пен балалардың контингентіне байланысты.
Ортопедиялық гимнастика – жалпақ табандылығы бар балаларға және табан күмбезі ауруларының алдын-алуда қолдануға ұсынылады.
Құм терапиясы – кіші мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделуіне көмектесетін, баланың жан-жақты дамуын қалыптастыратын әдістердің бірі ретінде белсенді түрде қолданылады: шығармашылық қабілеттерін, ойлауын дамыту, сөздік қорды байыту және маңызды фактор- баланың психологиялық денсаулығы.
Музыка терапиясы – адамның интелектуалдық саласына сәйкес болады. Психогимнастикалық этюдтарды орындаумен бірге дұрыс таңдалған музыканы тыңдау балалардың иммуниттерін көтереді, тыныштандырады, бас және бұлшық ет ауруларын жазады, байыппен дем алуды қалыптастырады. Үрмелі аспаптар эмоционалдық саланың қалыптасуына әсер етеді, мыстан жасалған үрмелі аспаптар – ұйқыдан тез оятады, оны сергек және белсенді қылады. Пернелі аспаптардың орындауындағы музыка соның ішінде фортепианомен адамның интелектуалдық саласына сәйкес болады. Ішекті аспаптар жүрекке әсер етеді. Олар соның ішінде скрипка, виолончели мен гитара адамның аяушылық сезімін дамытады. Ал вокалды музыка барлық ағзаға соның ішінде тамаққа әсер етеді.
Ароматерапия – бұл иістермен емдеу, ағзаның табиғи күштерін нығайтады, көтеріңкі көңіл күйде болуға ықпал етеді, суық тию ауруларын емдеуге және шаршауды басуға жәрдемдеседі. Ароматерапия – бұл иістермен емдеу, ағзаның табиғи күшін нығайтады, көтеріңкі көңіл күйді сақтайды, суық тию ауруларын емдеуге және ұйқының бұзылуын және шаршауды еңсеруге жәрдемдеседі.
Шынықтыру – иммунитетті нығайту және аурулардың алдын алудың ықпалды әдістерінің бірі. Ауа баланың өмірге келген күнінен бастап пайдалы шынықтыру құралы. Балабақшада шынықтыру: күнделікті сауықтыру серуендері, күні бойы бірнеше рет жуыну, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю, күні бойы жалаң аяқ жүру (ұйқыға дейін және ұйқыдан кейін) арқылы іске асырылады. Бала есейген сайын ауа ванналарының уақыты біртіндеп ұлғайтылады. Ересек жастағы балалар үшін ауа ванналарының ауа температурасы 19°С құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін 18°С дейін төмендетіледі. Шынықтырудың тиімді құралдарының бірі-жаз мезгілінде күндіз таза ауада ұйықтау. Бұл ағзаның суық тиюден болатын ауруларға, жоғары тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына төзімділігін арттырады. Балаларды дәлізге немесе балконға ұйқыға жатқызуға болады.
Оттегі коктейлі – дененің және ақыл-ойдың шаршауын басады, иммунитетті арттырады, жүйке жүйесінің жағдайын жақсартады. Мектепке дейінгі ұйымдарда оттегі коктейлін ішу курстары суық тиюден болатын аурулармен сырқаттануды төмендетуге бағытталған.
Ритмопластика музыка арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін игеруге және жетілдіруге, дене және психикалық саулығын, сондай-ақ салауатты өмір салтын саналы ұстанудың алғышартын қалыптастыруға бағытталған, балаға уақытын жақсы өткізуге және жинақталған энергиясын шығаруға мүмкіндік береді.
Түзету технологиялары:
Ертегі терапиясы – ересек топтан бастап айына 30 минуттан 2-4 сабақ өткізіледі.Сабақтарда психологиялық, терапиялық және дамытушы жұмыс жүргізіледі. Ертегіні ересек адам айтуы мүмкін немесе топпен айтуға болады, қалған балалар ертегіні айтушыдан кейін қажетті қимылдарды қайталайды.
Алыстан нашар көрудің үдеуінің алдын алу үшін көзге түскен күшті басуға арнайы гимнастика қолданылады.
Дене сымбаты бұзылуының алдын алу және түзету үшін дене сымбатын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік беретін гимнастика қолданылады. Дене сымбатын түзету үшін емдік дене шынықтыру сабақтары және дене сымбатын жақсартуға ықпал ететін ойындар, жалпы шынықтырушы массаж жүргізіледі.
Суық тиюден болатын аурулардың алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымда дәрумендеу жүргізіледі.
Мұрын мен жұтқыншақ ауруының алдын алуда ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу жаттығуы қолданылады.
Массаж жасауда балаларды көрсетілген нүктелерге күш салып баспауды, оларды саусақтардың жұмсақ қимылымен сылауға, ақырын ғана басып сипауға үйрету ұсынылады.Сылау қимылдары шеттен ортаға қарай бағытта (қолдың білегінен иыққа қарай және т.б.) орындалуы қажет. Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдерін мынадай реттілікпен орындайды: сипау, сылау, уқалау және дірілдету. Балаларға арналған өзіне-өзі массаж жасаудың ұзақтығы қойылған міндетке байланысты 5-7 минут.
Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдері:
- қолдың саусақтарына: әр саусақты созу және оны басу; «Сақина» - әр саусаққа сақина салғандай бір қолдың саусақтарымен екінші қолдың саусақтарын сылау;
- табанға: массаж кілемшелерінің, тастардың үстімен, ойлы-қырлы жолмен жүру; табанға массаж жасау («Аяқтармен ойнаймыз», «Аяқтың башпайларын алақанға саламыз» ұйқыдан кейін ойын түрінде өткізіледі); табанмен түрлі заттарды домалату (гимнастикалық таяқша, масаж добы, жаңғақтар және т.б.).
Дененің басқа бөліктеріне массаж жасағанда сипау, сылау, уқалау тәсілдері қолданылады.
Бір-біріне масаж жасау: «Жаңбыр», «Поезд», «Барабан» және т.б.;
Өзіне-өзі массаж жасау тек ауырған адамға ғана емес, дені сау адамға да пайдалы. Дененің белгілі бір нүктелерін сылау арқылы бала жүрекке, өкпеге, бауырға, бүйрекке, асқазанға, басқа да органдарға жағымды әсер алады. Массаж қимылдарын жасау терінің капиллярларын кеңейтеді, қан айналымын жақсартады, ағзаның зат алмасу процесіне белсенді ықпал етеді, орталық нерв 12жүйесін қалпына келтіреді, адамның көңіл-күйін көтереді, хал-жағдайын жақсартады.
- құлақ қалқанына массаж үйкелеп қыздырылған алақан және саусақтармен жасалады: сүрту, құлақтың ұштарын жан-жаққа тарту, құлақты сипау және т.б. Массаждың осындай түрі жалпы жағдайды жақсартуға, сергектік пен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Мұндай массажды жиі жасауда ағзаның иммундық жүйесінің қызметі артады.
- басқа массаж жасау қан айналымын жақсартады, бастың ауырғанын жазады. Басқа массаж жасағанда балалар басты, шашты, самайдан желкеге қарай саусақтармен сипайды. Бұл жаттығуларды бас сүйек ішіндегі, көз, артериялық қысымы, жүйке жүйесі және бас миы ауруы бар балаларға жасауға болмайды.
Қарастырылған технологиялардың әрқайсысы сауықтыруға бағытталады, денсаулық сақтау қызметін кешенді қолдану нәтижесінде балада салауатты өмір салты дағдысы қалыптасады.
Физикалық мақсаттарды кеңейтуге балабақша топтарында дене шынықтыру құралдары мен спорттық құрылғыларды орнату жолымен тиісті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік берді. Тәрбиешілер мен ата-аналардың қолдарымен жасалған жаңа, дәстүрден тыс құралдар балалар үшін өте қызықты. Олар дене шынықтыру-сауықтыру оқу іс-әрекетіне көтеріңкі көңіл-күймен қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет