Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет16/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.
2-ДӘРІС., ЖМП кері байланыс, даур тепло (копия), ТГО 143 на казахском 2020 года
потенциалды (ықтималды, салыстырмалы), тіркескен жағдайда пайда болуына қарап коннотатты (қосымша, үстеме) семалар деп атайды. Мысалы, эмоционалды-экспресивті сөздерде "баға", "эмоция", "экспрессия" коннотатты семалары кездеседі.

1. Фразеология және оның өзіндік белгілері

Фразеология деген термин екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.

Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен 3 түрлі басты белгісі бар. Олар:

1. Даяр қалпында жұмсалу белгісі;

2. Мағына тұтастығы;

3. Тіркес тиянақтылығы;

Фразеологияның даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемде әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы: Дәурен қалаға жүрмекші, Дәрен жақын арада қалаға бармақшы, Дәрен қалаға барам ба деген ойда т.б. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де өз еркі деген сөз. Ал тілдегі фразеологизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мәселен, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанмен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркесінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.

Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретіде көрінеді. Фразеологизм біткеннің бәріне тән басты белгі – туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды немесе жағымсыз бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі осында.

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегенннің орнына қолын көкке көтерді десек , мән-мағынасы бүтіндей өзгеріп кетеді.

Жоғарыда аталған 3 түрлі белгі арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.

2. Фразеологизм түрлері

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен 3 топқа бөлінеді.

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанмен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін ату ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлік. Бұл да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса, ттасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы ерін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегенннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады.

Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынадағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, ай қабақ т.б.

3.Фразеологизм және ұйытқы сөздер

Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікте берілгенде, бірінші сөздің әліппелік тәртібіне қарай орналастарылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөздер деп аталады. Әсіресе сын есімдерден, сан есімдерден, бірлі-жарым етістіктерден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмдердің бірінші сөзі болып жұмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ маржан, ақ жауын, ақ жем, көк долы, бір үзім, бір қора, өлер жері, өлгенше жақсы көрді, ішкен асын жерге қойды, т.б.

Ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөзі болып келуі шарт емес. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмде ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болыпта тұра береді. Мысалы: Есім фразеологизмдер: а) сүт тіс, күрек тіс, ақыл тіс, таңдай тіс, азу тіс; ә) тіс қаққан, тіске басар, тіс тимеген, тісі шыққан, тісі меруерттей; Етістік фразеологизмдер: тіс жарды, тіс батпады, тісін қайрады, тісін батырды т.б.

Тілдегі кез келген сөз ұйытқы бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөздер болады.

4.Фразеологизмнің сөз табына қатысы

Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телінді болады деген сөз. Мәселен, күлі көкке ұшты деген күйреді деген сөздің орнына жүреді. Бұл идиом лексика-грамматикалық мағынасы жағынан етістікке ұқсайды. Сол себепті бұл сөйлем ішінде баяндауыштың қызметін атқарады.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан 4 топқа бөліп қарауға болады:

1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.

2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.

3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.

4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.

Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің еті өсті – көкірек керді, менменсіді; қолды болды – ұрланды, жоғалды; басына іс түсті істі болды, шатылды; екі аяғын бір етікке тықты – тықсырды, қуарды; көз жаздырды – адастырды, айырылып қалды.

Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспан тілдескен – биік, ұзын; қара қылды қақ жарған – әділ турашыл, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ – мәре-сәре, мәз – мейрам; қаламы жүйрік – жазғыш, қаламы төселген.

Заттық мағыналы фразеологизмдер: кіндік кесіп, кір жуған – туған ел, отан; бір ауыздылық – ынтымақ, бірлік; аяқ-алысы – бет алысы, бағыты; суық қол – ұры-қара, жау-жала; бас араздылық – өшпенділік, қастық;

Үстеу мағыналы фразеологизмдер: сақадай сай – дайын, әзір; атқан оттай – түп-түзу, тура; салған жерден – бірден ә дегенннен; ат үсті – үстіртін, жеңіл-желпі; шу дегенде – о баста, әуелде; ит өлген жер – алыс, қашық; демнің арасында – айтқанша, лезде;

Қазақ тіліндегі фрезеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең көбі – етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері – сындық және заттық мағынадағы фразеологизмдер. Бұл үшеуінен азырағы үстеу мағынасындағы фразеологизмдер. Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең емес. Тұрақты тіркестен туратын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күшті, әсіре мағынада айтылады. Сонымен қатар жағымды – жағымсыз экспрессивтік мәні болады. Жеке сөз нақтылы дәл ұғымды көрсетсе, фразеологизмдер дара сөздерді күрделендіріп, оның үстіне бейнелеп, суреттеп көз алдыңа келтіреді. Олай болса, фразеологизмдер жеке сөздің орнына жұмсалса, оны дәл баламалық демей, жанамалық түрдегі қозғалыс деп қарау керек.

5. Фразеологизмнің мақал-мәтелдерге қатысы.

Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Халық: мақал – сөздің тұздығы деп тұжырымдайды. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материял болғандығында ғана емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жасайды. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдерде әбден қалыптасқан. Бұлардың компаненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгертуге келмейді. Сонымен қатар сыртқы тұрпаты жағынан мақал-мәтелдердің фразеологиядан өзіндік айырмашылықтары бар. Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу сипатында болады. Фразеологизмдер мақал-мәтел тәрізді күнбе-күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты қажет етеді. Сол себепті фразеологизмдер екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал, мақал-мәтелдер емін-еркін аударылады.

6. Фразеологизмнің көп мағыналығы.

Омонимия мен көп мағыналық(полисемия) құбылыстары негізінен жеке сөздердің арасында жиі ұшырасады. Ал фразеологизмдерге бұл құбылыс онша тән емес. Дегенмен бұлардың арасында ара-тұра кездесіп қалады. Әсіресе омонимия құбылыс фразеологизмдерден сирек байқалады. Мысалы: Ат қойды – атой салып шаба жөнелді. 2. Ат қойды – балаға есім, ныспы берді.

Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі – жалғаса туады, екіншісі – жарыса туады. Мәселен ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланыстты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Фразеологизмдердің көп мағыналығы негізі заттық мағынадан өрбиді. Туынды мағына да сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып қолданудан келіп шығады.

7.Фразеологиялық варианттар мен фразеологиялық синонимдер.

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) фонетикплық вариант, ә) лексиалық вариант. Фонетикикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқартылып айтылуы жатады. Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ деп те айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.

Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы, ағама жеңгем сай – апама жездем сай, аға өлсе іні мұра – аға өлсе жеңге мұра, жас өспірім – жас ұлан – жас түлек т.б.

Лексикалық варианттардың бір-бірінен сәл болса да ерекшелігі байқалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады.

Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұндай құбылыс тіл білімінде фразеологиялық синонимдерге соншалықты бай. Бірақ олар өздерінің стильдік, мағыналық ерекшеліктерін сақтап отырады. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын ала қашты дегенде мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылып өсіп, күшейе түсіп отырады. Мәселен, көз ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғылары қарқындай береді.

Фразеологиялық синонимдер сандық және үстеулік мағынада да кездесе береді. Мәселен, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабақ, алтын кірпік т.б. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасауда жиі қолданылады. Тілдегі лексикалық синонимдар мен фразеологиялық синонимдер екеуі екі түрлі аталғанмен бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат – ойлаған ойды жеткізе, жан-жақты баяндау болып табылады.

7.Фразеологизмнің шығу арналары

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:

1.Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды(әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейгесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады.

2.Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінен пайда болған. Мысалы, а) уақыт өлшемдері: күн шыға, сәске түсе, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, көктің көлінде т.б. ә) көлем өлшемдері: бір топ жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір қоспақ түйе, бір табан сиыр, бір көген қозы т.б. б)ұзындық, қалыңдық, теңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, үш елі, сала құлаш жіп, қол созым жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шаптырым, сынық сүйем, бір құлаш т.б.

3.Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы, ант су ішті, әруақ атсын, бата қылды, бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, иманы жолдас болсын, некесін қиды, талақ етті т.б.

4.Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: қайда барса да Қорқыттың көрі, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, ердің құны, нардың пұлы, есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, жыланы қайтты, ер кезегі үшке дейін т.б.



1 Жалпы психология. Алматы. Мектеп. 1980. 157-236 беттер.

2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лекскологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997. 66-б.

3 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы: Рауан, 1991. 82-88 беттер.

4 М. Оразовтың аталған кітабының 133-150 беттері.

5 Оразовтың аталған кітабының 192-202 беттері.

6 М.Оразовтың аталған кітабының 73-бетінде.

7 М.Оразовтың аталған кітабының 79-бетінде.

8 М.Оразовтың аталған кітабының 75-83 беттері.

9 М.Оразовтың аталған кітабының 84-106 беттері.

10 М Оразовтың аталған кітабының 165-189 беттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет