Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет15/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.

ортақ сема қызметін атқарып тұр. Санамаланған семалардың біреуі болмаса біреуі немесе екеуі туысқандық атауларын өзара айырып-ажыратады: айталық, ата еркек жынысты, ана әйел жынысты. Сондықтан да оны ажыратушы, немесе айырушы сема деп атайды. Ал «туысқандық» сөзі барлық атаулардың басын қосып, жалпылаушы мағынада қолданылған. Сондықтан ол архисема ретінде танылады. Бірақ сөздердің барлығы бірдей мұндай семаларға оңай бөліне бермейді. Мысалы, ақ, қызыл, сары, көк, қоңыр, боз, қарагер, торы, құла, күрең, жасыл сияқты сапалық сын есімдер заттың түр-түсін білдіреді. Әрине, бұл сөздердің өзіндік мағынасы бар екендігі, олардың бірі екіншісінен жеңіл ажыратылатындығы анық, бірақ оларды семаларға бөлу дәстүрі жоқ. Сондай-ақ сан есімдерді де семаларға бөлу өте қиын.

Қай сөздің мағынасында семалардың саны көбірек болса, сол сөздің семантикасы жайылыңқы, абстракты, бірнеше мағыналы болады. Бұл сипат, әсіресе, етістіктерге тән. Мысалы, сөйлеу етістіктерінің басын құрайтын архисема белгілі бір хабарды екінші біреулерге жеткізу. Бұл етістіктер әрі қарай жіктеліп, кіші семантикалық топтар жасайды. Олар: 1) хабарлау етістіктері (айт, жеткіз, хабарла, дерек бер т.б.), 2) сөйлеу етістіктері (сөйлесу, әңгімелесу, әзілдесу, айтысу т.б.), 3) сұрақ-жауап етістіктері (сұра, жауап бер, жауап қайтар т.б.), 4) эмоциялы сөйлеу етістіктері (мыңқылда, кәкі, отта, мыжыңда, танты т.б.). Кел, кет, алыста, айнал, өт т.б. етістіктерінің барлығына ортақ архисема - қозғалған заттың бір орыннан екінші бір орынға өтуі, орын ауыстыруы. Сонымен бірге олар бірінен екіншісін ажыратып жататын айырушы семаларға да ие. Кел мен кет қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты білдірсе, алыста "ұзау", "қашықтау" мағынасымен басқалардан бөлшектеніп тұр. Айналу етістігі бір заттың төңірегінде болған қозғалысты білдірсе, өт етістігі түрлі кедергілерге байланысты болған қозғалысты білдіретін семасымен ажыратылып тұрады.10

Бірқатар зерттеушілер сөздің лексикалық мағынасында негізгі семалармен қатар қосалқы семалардың болатындығын да атап көрсетеді. Оларды жеке сөздердің бойында ұшырасуына орай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет