Тон. Сигнификаттық (пайымдық) мағынасы – суық, аяз күндері киетін қалың, түрлі түсте тігілген сырт киім. Денотатттық (заттық) мағынасы – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Сурет.Сигнификаттық (пайымдық) мағынасы – сстелікке қалдыру үшін немесе өз шығармашылығын таныту үшін т.б. мақсаттарда түсірілген, салынған бейнелер. Денотаттық (заттық) мағынасы- бір заттың қағазға не басқа бір нәрсеге түсірілген бейнесі. Көріп отырғандарыңдай денотаттық белгілер жанды заттарда көбірек болады.
1.1.2.3.2. Сигнификаттық мағына. Сөздің лексикалық мағынасының құрамында идеалды денотат болғанымен, оның бір өзі толыққанды мағына жасай алмайды. Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөлшектерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады. Денотатты мағына адамның сезім мүшелеріне әсер етіп, көрнекі-нақты ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің объект бейнесі болса,