сема деп аталады. Нақтырақ айтқанда, сөз мағынасының ең кіші, әрі қарай бөлінбейтін бөлшегі, ақиқат дүниемен байланысатын семантикалық элементі сема деп танылады.
Ақиқат дүние заттардың қалай болса солай жинақтала салынған қоймасы емес. Заттар өзара байланысып, белгілі бір заңдылықтар, тәртіптер бойынша ұштасып жатады. Нақ осылайша сөздер де сөздік құрамда қалай болса солай жинақтала салынған емес, олар да өзара байланысып, жүйе-жүйе болып жатады. Заттар мен құбылыстардың белгілерін, амал-әрекеттерін жалпылау, өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау - олардың арасындағы байланыстарды ашу деген сөз. Ақиқат дүниедегі заттарда, құбылыстарда өмір сүретін жеке-жеке белгілер, қасиеттер сөз арасындағы байланыстың негізі болып қаланады. Осы тұрғыдан келгенде, семаларды тілден тыс элементтердің сөз мазмұнындағы көшірмесі деп түсінуге болады.
Атап айтуға тура келеді: семалардың табиғатын анықтауда тілшілер арасында бір ізділік жоқ. Қалай дегенмен, зерттеушілердің көпшілігі сөздерді өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын
Достарыңызбен бөлісу: |