Геометрия курсындағы үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар тақырыбын оқытуда it-технология және бағдарламаларды қолдану



бет1/3
Дата20.05.2024
өлшемі59,62 Kb.
#202556
  1   2   3
Байланысты:
Мақала Темірлан конференция
Салық салу жуйесінің негізгі функциялары, Нұрмұханова М.С (коконис)

Геометрия курсындағы үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар тақырыбын оқытуда IT-технология және бағдарламаларды қолдану.

Жүсіпқазы Темірлан Жорабекұлы


temirlan.app@gmail.com
Математика, физика және информатика институтының магистранты
Ғылыми жетекші: Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы, п.ғ.к., доцент, университет профессоры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы, Қазақстан
Аңдатпа: мақала мектепте немесе ЖОО-дардағы геометрия курсы бойынша үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар тақырыбын өту барысында компьютерлік технологияларды және бағдарламаларды қолданудың маңыздылығын түсіндіруге арналған. Нақтырақ айтқанда геометриялық есептер шығару барысында қолдануға өте ыңғайлы GeoGebra бағдарламасымен де толығырақ танысатын боламыз.
Түйінді сөздер: технология, компьютер, геогебра, үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар, интерактивті тақта.
Аннотация: в статье рассматрвается вопрос важности использования компьютерных технологии и программ в процессе обучения темы метрические соотношения в треугольниках курса геометрии в школе и вузах. Также особенного внимания достойна программа GeoGebra, который очень удобен при решении разных геометрических задач.
Ключевые слова: технология, компьютер, геогебра, метрические соотношения в треугольниках, интерактивная доска.
Abstract: the article deals with the issue of the importance of using computer technology and programs in the process of teaching Geometry courses at school and universities. Also, the GeoGebra program deserves special attention, which is very convenient for solving various mathematical problems.
Key words: technology, computer, GeoGebra, metric relationships in triangles, interactive whiteboard.

  1. Кіріспе

Қазір ғылым мен білімнің, техниканың дамыған кезеңі. Сондықтан да қазіргі қоғам әр оқушының озық технлогиялар мен бағдарламаларды қолданып сапалы терең білім алуын, жаңаша ойлау қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Осы ретте компьютерлік технлогиялар мен қазіргі кезде тегін қолдануға болатын геогебра бағдарламасын сабақ өту барысында қолданудың маңызы зор. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.Болашақтың адамы тек қана сауатты емес, сонымен қатар оның «екінші» компьютерлік сауаттылығы болуы қажет. Қашықтан оқыту, мультимедиа құралдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.Оқушының сабақта көзделетін нысандары, құбылыстары туралы өз бетінше оқу-тәрбие процесінде ақпаратты жинауы, өңдеуі, оны жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму өрісіне байланысты. Сондықтан, пән мұғалімдерін дайындауда тек информатика курсын оқытуда пайдалану ғана емес, сонымен қатар, нақты пәннің оқу бағдарламасында ақпараттық технологияларды қолданылуын жүзеге асырылуын енгізуге баса назар аудару керек.
Геометрия пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

  • қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

  • оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

  • ақпараттық әдістемелерді оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет