Геометрия курсындағы үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар тақырыбын оқытуда it-технология және бағдарламаларды қолдану



бет3/3
Дата20.05.2024
өлшемі103,04 Kb.
#202556
1   2   3
Байланысты:
Мақала Темірлан конференция

3. Геогебра бағдарламасы.
Бағдарлама бойынша оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, берілген тапсырманы өздіктерінен орындай отырып, талдайды, шығарады, көрсете алады, интерактивті тақта арқылы оқушы сол бағдарламада жұмыстанады. Геогебра тегін таратылатын математикалық интерактивті бағдарлама геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойнша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрететін бейнероликтер мен қолданушы кітапшасын шығару.
Менің ойымша, егер бұл бағдарлама қазақ тіліне аударылып, мектептерге математиканы, соның ішінде геометрияны үйрену мен үйретудің көмекші құралы ретінде ұсынылса, бұл пәнді түсінбей жүрген оқушылардың математиканың шын мәнінде қызықты бір пән екендігіне көздері жетеді.GeoGebra алгебра мен геометрияға байланысты элементтерді (мысалы: нүктелер, векторлар, түзулер, көпбұрыштар, және функциялардың графиктері) интерактивті, орындарын ауыстыра алатын түрде көрнекі түрде көрсетеді.
4. Геогебра бағдарламасын сабақта қолдану.
Геогебра бағдарламасын сабақта қолдану тиімді. Геометрия сабағында қалай қолдануға болса, алгебра сабағынан да қолдануға болады. Оқушылар компьютермен жұмыс жасап, өз беттерімен берілген тапсырманы осы бағдарламада салып орындайды. Төмендегі оң жақ суретте геометриялық есеп Ферма-Торричелли нүктесіне байланысты.
GeoGebra тақтасы


5. Қорытынды.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жаңа технологияларды қажет етеді. Оны пайдалана отырып, біз жас ұрпақтың қалай да білімді, келешегі жарқын болуына әсерін тигіземіз. Баланың өз бетімен оқып үйренуіне, кез келген жұмысты өздігінен жауапкершілікпен атқара алуына осы технологияның ықпалы мен пайдасы зор деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қабдықайырұлы Қ. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы». Оқу құралы.-Алматы: РБК, 1999ж

  2. Бөрібекова Ф.Б. «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар». Оқулық.-Алматы, 2014.

  3. Ларин С.В. «Вычисления с помощью виртуальных геометрических инструментов». Математика в школе — № 8, 2007 г.

  4. «Geogebra» бағдарламасы ғаламтор желісінен жүктелген.

  5. Погорелов А.В..Геометрия : Орта мектептің 7–11-сыныптарына арналған оқулық. 3 басылымы – Алматы: Рауан, 1997-384 бет

  6. С.Мирсеитова, «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері», Алматы 2011ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет