Бағдарламасы және онымен жұмыс істеу ережелері



Дата29.01.2018
өлшемі46,85 Kb.
#35712
Баяндама тақырыбы : «Геогебра» бағдарламасы және онымен жұмыс істеу ережелері
Алдарыңыздағы әдістеме қиын да қызықты пән математиканы «ГеоГебра» бағдарламасымен компьютер арқылы оқытып, онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйрететін бірден-бір құрал.Сіздерге үлкен көмегін тигізеді деген ойдамын.Бұл әдістемеде ГеоГебра бағдарламасымен қалай жұмыс істеуге болатыны толық баяндалған.

Менің ойымша, егер бұл бағдарлама қазақ тіліне аударылып, мектептерге математиканы үйрену мен үйретудің көмекші құралы ретінде ұсынылса, бұл пәнді түсінбей жүрген оқушылардың математиканың шын мәнінде қызықты бір пән екендігіне көздері жетеді.



Мақсатым: Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрететін бейнероликтер мен қолданушы кітапшасын шығару. Әрі онымен мектеп оқушыларын, мұғалімдерін, ЖОО- түсуші талапкерлерді таныстыру/үйрету.

Болашақтағы жоспарларым:

- Аудан мектептеріне қазақша көмекші құрал ретінде тарату.

- Мектептерге арнайы курс ретінде ұсыну.

- Қолданушы кітапшасындағы Геогебрамен жұмыс істеу ережесімен таныстыру.



Геогебра – оқу құралы ретінде.

Бағдарлама тегін болғаннан кейін оны кез-келген компьютерге орнатып, қолдануға болады(бес мб.). Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсінду барысында тиімді бұл бағдарлама. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.



Геогебра» бағдарламасы туралы түсініктер:

Геогебра – Тегін таратылатын математикалық , (www.geogebra.org) геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойынша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Сол жылдың тамызында оның үш өлшемді нұсқасы шықты. Бұл бағдарлама әлем бойынша кең таралған. Орталығы Австрия мемлекетінде орналасқан.

Геогебраның басқа мемлекеттерде дамыту жергілікті мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады: бағдарлама жергілікті тілге аударылады, Геогебра институттары ашылып, сол институттар арқылы бағдарлама әрі қарай дамытылып, интерактивті нұсқалар дайындалады, үйретуші бейнекөріністер жазылады, қолданушы кітапшалары жазылады, әрі басқа елдердегі

мұғалімдермен Геогебра бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу іске асырылады.Қазіргі уақытта Геогебраны қазақ тіліне аударып жүрген Қостанайлық Талғат Байназаров .


Қазақ интернетінің дамуына үлес қосып жүрген Талғат Байназаров Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі.Ғаламторда «Математика және мультимедия» атты блог жүргізеді. Бұл бағдарламаның орталығы саналатын Австриядағы Геогебра институтындағы мұғалімдерімен байланыс орнатып, үзіліссіз хабар алмасуда. Наурыздың 19-20 күндерінде Алматы қаласында өткізілген Блог-құрылтай аясындағы «Start-up» (жаңа бастама) атты байқауының Геогебраны дамыту жобасы үздік танылып, байқаудың жеңімпазы атанды.
Европадағы және Қазақстандағы «Геогебра» институттары туралы.

Еуропада Геогебра бағдарламасын дамыту үшін ұйымдастырылған арнайы институттар арқылы басқа елдердің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады. Жүйелі түрде конференциялар өткізіліп отырады. Арнайы конференция Азиядағы бағдарламаның таралуы жайында болады. Ол Пекин қаласында 2011 жылдың мамырдың 23-інде өткізілді.Мұндай конференцияға арнайы тіркеуден өткен кез-келген математика пәнінің мұғалімі қатыса алады. Геогебраны дамыту үрдісі Еуропа елдерінде кең дамыған. Азия елдерінде бұл бағдарлама тек қана тізімде көрсетілген 4 мемлекетте ғана мектептерде және ЖОО-ларда белсеңді түрде оқу құралы ретінде қолданылуда.



Европадағы Геогебра институттары орналасқан қалалар:

Геогебраны ең көп қолданатын мемлекет Франция.Қазақстан жалпы санақ бойынша 82 орында тұр.Қалалар бойынша қарайтын болсақ,


Қазақстандағы ГеоГебра институттары орналасқан қалалар
1.Астана-53

2. Семей-53.

3.Алматы-50.

4. Қостанай-17.

Көріп отырғанымыздай ГеоГебра Қазақстанда әлі дамымыған.Елімізде алғашқы ГеоГебра институты Астана қаласында 2012 жылы наурыз айында тіркелді.Жақында Талдықорған мен Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізінде тағы екі ГеоГебра институты ашылды.

«Геогебра» бағдарламасымен жұмыс істеуге нұсқаулықтар:
Бұл бағдарлама мектеп бітіруші талапкерлердің математика пәні бойынша дайындалуына зор мүмкіндік береді,математиканы үйрету мен үйренуге өте тиімді «Геогебра» бағдарламасын қалай қолдану қажеттігін түсіндіретін бейнероликтер де бар.

ГеоГебра тегін, әрі қазақ тіліндегі жалғыз бағдарлама.

ҰБТ-да кездесетін есептердің шығару жолдары да көрсетілген.

«ГеоГебрада»:

- «Жансыз фигуралар мен графиктерге жан бітеді.

- Кез-келген фигураны анимациялауға болады.

- «Ойнау» батырмасы арқылы сабаққа керек сызбаны алдын-ала сызып алып, қайталап көрсетуге болады.

- Компьютерлік сауаттылық артады.
Геогебра интерфейсі

Мәзірде: тіл, шрифт, сақтау, көрініс, басып шығару, баптаулар сияқты орналасқан.

Құралдар тақтасында: Бұл жерде Графиктер алаңында геометриялық фигураларды салуға болады.

Құралдар сипаттамасында:Бұл жерде біз таңдаған немесе орындаған фигураларға сипаттама беріледі.

Алгебралық сипаттамада: Бұл жерде Графиктер алаңында салынған фигураларға алгебралық сипаттама беріледі.

Кіріс алаңында: Бұл жерде сіз кез келген функцияның формуласын тересіз, Графиктер алаңында графигі салынады .

Графиктер алаңында: Кез келген геометриялық фигураны, графиктерді салуға болады.

Құрметті әріптестер!


Менің осы «Геогебра» бағдарламасы арқылы өткізген бірнеше сабақтарымның жоспары бүгін жарияланып отыр, егер сіздерге көмегі тиіп жататын болса, онда менің мақсатымның аз да болса орындалғаны деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет