Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық



Дата15.09.2017
өлшемі86,02 Kb.
#33737
Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық
Геоэкология ғылымы- география ғылымының басты бір бағыты әрі экологиямен де тығыз байланысты жаратылыстану ғылымының бір саласы болып табылады. Ол -экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым/1/. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Қазіргі кезде геоэкология адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан туындаған ландшафтты сауықтыру мен оның әуелгі қалпын сақтау; табиғат ресурстарын тиімді пайдалану; адам денсаулығын қорғау қатарлы маңызды дүниелерді өзінің зерттеу міндетіне алып отыр.

Геоэкология ғылымы өткен ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасып дами бастады. Оның негізін қалаған Карла Троллия (1899—1975) сияқты неміс ғалымдары болды /2/. Геоэкологияның жалпы зерттеу міндеті бойынша қарастыратын болсақ, оның құрамына барлық ғаламдық мәселеллердің қамтылып жатқанын көреміз. Бәрі де адам үшін маңызды тақырыптар және де бұл дағдарыстардың түрі көп әрі күннен-күнге асқынып барады. Ғаламдық экологиялық мәселеллер қалай пайда болды деген сұрақтың ортаға шығуы тәбиғи. Бұған жауап бермес бұрын ғалам деген не? ол неден құралады?-деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек болады. Себебі затты танымай жатып, оның өзгерістеріне назар салу ақылға сиымсыз екені даусыз. Ғылыми еңбектерде ғалам — нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем-деп анықтама берілген. Анықтамаға негізделгенде ғаламды материалдық дүниелердің жиынтығы деп түсінеміз. Менің ойымша, бұл анықтама ғаламның сыртқы формасы мен тұлғасына, нақты айтқанда көзге көрінетін түріне ғана сипаттама берген. Алайда, ішкі мәні мен шынайы құрылымына көңіл бөлінбеген. Бейне адамды тануда оның тәніне ғана назар салып, жанына мән бермегендей дүние. Көрер көзге ғалам материадан құралып тұрғандай білінгенмен, философиялық және логикалық тұрғыдан үңіле ой жүгірткен адам оның заттардан емес, заңдылықтардан құралып және сақталып тұрғанын сана түйсігімен сезер еді. Себебі, кез-келген үлкенді, кішілі денелердің барлығы да элементтерден, олар молекулалардан, молекулалар атомнан, атомның электрон және протон мен нейтроннан тұратынын білеміз. Әрі атом заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі екендігін,


олар ядродағы протон санына қарай ерекшеленетіндігін және заттың молекуласы әр түрлі болғанымен атомдары бірдей болатынынан да хабардармыз. Міне осының барлығы да заңдылықтар. /3/. Тұтас табиғатта 92 атом бар болса, ғарыштағы денелер негізінен екі түрлі атомнан тұрады. Оның бастысы сутегі атом, саны 10 000. Екінші орында гелий, оның саны 500 атом. Ал қалған атомдардан бір данадан келеді. Бұл да заңдылық.

Табиғаттағы осы заңдылықтарды өз ойымша ішкі және сыртқы заңдылық деп бөліп қарастыруға болады. Ішкі заңдылық ол атом мен молекуланың құрылымы арқылы белгіленсе, сыртқы заңдылық денелер арасындағы өзара қозғалыс пен байланыс негізінде жасалаған жүйелі тәртіптік қатынас. Бұл тәртіп әлемді осы қалпында сақтап тұрушы және дамытушы белгілі, әуелде жасалған және өз міндетін мүлтіксіз атқарап келе жатқан табиғаттың түпкілікті іс-әрекетін үйлестіруші заңы деп қарастыруға болады.

Бұл түпкілікті илахи заңның бес түрлі қасиеті бар деп санаймын. Олар: Әділдік, тұрақтылық, жалпыға ортақтық және мәңгілік пен ғылымилық. Енді осы қасиеттерді ашып түсіндіріп көрейін:



Әділдік - осы қасиеттердің ішіндегі басшысы және негізгі қасиеті. Сондай-ақ ол Жаратушының түп негізгі сипатының бірі. Егер әділдік сипаты болмағанда Аллахтың өзінің де түпкілікті сипатының мәні өзгерер еді. Әділдік күллі жаратылыс әлемінің бір тәртіппен қозғалыс жасауына және баянды дамуына негіз болып отырған күш.

Тұрақтылық- ғаламдық тәртіптің бір қалыпты және өзгерместен жұмыс жүргізуінің кепілі. Егер тұрақтылық болмай, әр түрлі жағдайда өзгеріп отыратын болса, ғаламның қазіргі бейнесі мүлде өзгеріп, жер-бетінен де тыныштық кетер еді. Ешқандай тірліктің баяны болмас та еді.

Жалпыға ортақтық – Бұл қасиет заңның барлық жаратылыс иелеріне бірдей, бәріне ортақ және тең екендігін көрсететін маңыз. Ол, мейлі адам болсын, мал болсын, тіпті өсімдіктер мен жануарлар болсын, барлық жанды және жансыз заттарға ортақ күшке ие. Оның алдында әр бір жаратылыс дүниесі өзіне берген нығмет және мүмкіндік көлемінде жауапты болады.

Мәңгілік – ол жаратушының өз сипаттарының бірі. Егер ол жасаған тәртіп пен заңдылық уақытша болса қайтер еді, онда, ол заңның өзгермелігі мен ауытқушылығы басым болып, әділдік сипатынан айырылар еді. Жаратушы өзі мәңгілік болғандықтан оның заңының да мәңгілік болуы ол тәбиғи заңдылық.

Ғылымилық- осы заңдылықтардың барлығы да өте жоғары дәлдік пен шынайылықтан және қисындылықтан тұрады. Барлығының негізінде ғажайып ғылыми құндылықтар жасырынған. Ғылымның түпкі иесі Жаратушының жалғыз өзі. Адам баласы, соның ішінде ғалымдар Алланың қалауымен дүниенің бізге тылсым сырларын ашады. Ал, ол ұлы сырды жасап, оны дүниенің қызылды, жасылды бедерінде сақтап, жасырып отырушы да құдіреті күшті Алланың өзі. Әрі бізге ғылымды игеру керектігін Жаратқан Рабыңның атымен оқы-деп бұйырады/4/. Бейне әйглі Платон : Біз ештеңені ойлап таппаймыз, тек, санамыздағы жазылып қойылған жазуларды ғана оқимыз-дейді емеспе.

Міне осы бес негізгі сипатқа ие заңдылықтың үстіне ғаламдық тәртіп пен жүйе және қозғалыс орнатылған. Жалпы осы заңдылық қасиеттерін жинақтай келе түпкілікті заңдылықты ҮЙЛЕСІМДІЛІК заңы деп атауға болады. Ой салып, ақыл жұмсаған жанға күллі тіршілік жүйесінде сақталып тұрған үйлесімділіктің «гармонияның» барлығын көру қиын емес. Ғарышыға қарасақ, күн-ай жүйесі, одан күн жүйесі одан ары галактика, құс жолы болып кете береді. Бәрі де белгілі заңдылықты негіз етіп өз айналыс орбитасынан ауытқымай қозғалуда. Егер тәртіп пен үйлесімділік болмаған да ше? Онда бір-бірімен қақтығысып дүние әп-сәтте быт-шыты болар еді. Жер бетіндегі тәбиғат дүниесіне көз салайықшы, бір-бірін шарт еткен, бір-бірін толықтаған және бір-біріне байланысты дүниелерді көреміз. Ал адамзат қоғамына енейікші, онда да сондай, адамдар бір-біріне тәуелді, бір-біріне серік және бір-бірі толықтап жасап отырған жоқ па? Олардың да қоғамда белгілеген өздерінің тәртіптері мен заңдары бар, ондай заңдарды біз экономика да, жол қозғалысында, білім беру де, қортып айтқанда барлық шаруашылық саласында кеңінен қолданмыз. Ал енді адамдардың жеке басына оралайық, олардың да жалпы даму барысында ортақтық пен жүйелілік бар. Өмірге келген нәрестенің өсуі, есейуі, адам болуы, қартайуы да сондай тәртіппен рет-ретімен дамып отрған. Адамның ішкі организмдері де өзіне берілген тәртіп негізінде адамға бағынбастан, өзінің жұмысын атқарып келді. Біз жеген тамағызмыз бен ішкен суымыз қалай таралып, қайтып сіңіріліп жатқанын білмейміз. Бірақ өз заңымен, жолымен бізді қуаттандырып тұр. Қорыта айтқанда, барлық ғаршыдан заттың атомдық зәредей дейінге күллі тіршілік өзіне бекітілген заңдылық негізінде жұмыс жасайды. Оның заңдылығына дұрыс келмеген жағдайда, не тәбиғаттан, не адамзаттан не болмаса шаруашылықтан , тіпті денсаулықтан мәселелер туындайды. Бұл келеңсіздіктер біз қашан сол заңдылыққа бейімделгенше қырсауынан шығармайды.

Заңның болуы барда, орындалуы да бар. Жаратушы Иеміз ғаламның заңдылықтарын жасағанда оның орындалу миханизмінде жасаған. Заңды осы қозғалыс үшін жасаған десек те артық болмас. Олай болса, осы заңды орындаушы күш не? Менің түсініуімше, ол күш – тоқтаусыз әрекет, қайталанбалы қозғалыс. Күллі тіршілік атаулы барлығы да қозғалыста, жылжымастай көрінетін таулардың өзі де жылдап «өсіп» отырады. Қасиетте Құранда: сендер тауларды қозғалмайды дейсіңдер ме? Олар да бұлтардай көшуде деген /5/. Біз тыныш отырғанымызбен жүрегіміз соғып, қанымыз айланып жатыр. Демек, тіршіліктің анасы – қозғалыс. Демек тіршілік деген заңдылық. Заңдылық болмаса тірлікте болмақ емес.

Олай болса, осы қозғалысты, әрекетті тудырып, жасап тұрған күш не?

Менің ойымша ол күш – махаббат. Себебі Алла тағала бар дүниені махаббатпен жаратқаны анық. Абай атамыз:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. –демей ме/6/

Алла тағала тек адам затты ғана махаббатпен жаратып қойған жоқ, күллі тіршілікті де махаббатпен жаратқан. Егер махаббатпен жаратпағанда, онда заңдылықта, әдемілік те, бір-біріне деген әсер де болмас еді. Жалпылама қарағанда заңдылықтар адамзатты бақытқа кенелту үшін жасалған.

Махаббат деуіміздің тағы бір себебі, оның басты қасиеті тартылыс, бір-бірін тартудың нәтижесінде бір бүтіндік қалыптасады, заттар ұлғаяды, күшейеді, өседі, дамиды. Тұтас ғаламның жаратылысынан алып қарағанда, жер шарының пайда болуында да осындай тартылыстың салдарының әсері болған деген гипотеза әлі де басым ұстанымда тұр.

Ал қозғалыстың жүрер бағыты – мәңгілікті бетке алу. Мәңгілікке беттеу формасы – домалақ шар тәрізді пішін. Себебі, доп пішінді зат кез-келген бағытқа, кез-келген бетімен әрекет жасай алады. Әрі қолайлы әрі жаттық. Сондықтан жер шарының орбитасы да сол пішінге сай тұйық күйдегі айналыс шеңберін жасайды. Жердің шар тәрізді екендігін логикаға сүйенген Аристотел ескі заманда-ақ болжаған. Сондықтан логикалық әрі философиялық тұрғыдан қарағанда шар тәрізді формадан артық және әдемі ешқандай геометриялық пішін жоқ.

Осы үйлесімділік заңын ескермеу, бойұсынбау қазіргі ғаламдық мәселелердің шығу себебі, толастамауының, барынша өршіп отыруының негізі. Ал олардың алдын алу, салдарын жою аса күрделі дүние. Оны ғылым мен техниканың көмегімен немесе тәртіп пен салықты қатайту және басқа шаралар қолдану арқылы толығымен жеңуге мүмкін емес. Өйткені, қазіргідей саяси, экономикалық, әлеуметтік, дінни және басқа да алауыздық өршіп тұрған заманда жер беті халқының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесе жұмыс істеуінің мүмкіндігі аз. Сондықтан да тәбиғаттың осы үйлесімділік заңын сақтау мен бойұсыну және қорғау негізінде табиғатпен қарым-қатынас орнату адам баласының ең басты борышы және болашағы. Геоэкологияның да басты мақсаты мен міндеті осы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Бейсенова Ә., Самақова А., Есполов Т., Шілдебев Ж. Экология және табиғатты пайдалану. Оқулық. - Алматы: "Ғылым" ғылыми баспа орталығы, 2004. - 328 б. 199 б.



2. ahresbericht über das K. Wilhelms-Gymnasium zu München  ZDB-ID 12448436, 1916/17

3. Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8

4. Құран-Кәрім. Қазақша аудармасы. Аударған Ғазез Ақытұлы. Пекин қаласы, "Ұлттар" баспасы. 1990 ж. -629 б. 597 б.

5. Ғазез Ақытұлы, Құрандағы ғылыми негіздер. Алматы- "Тоғанай Т" баспасы, 2007.-224б. 25 б.

6. Ғарифолла Есім. Хакім Абай: Даналық дүние танымы - Алматы, Атамұра - Қазақстан, 1994. - 200 б. , 60 б.

түйін сөз

Ғаламның қалыптасуы, геоэкология, үйлесімділік заңы және оның сипаттары, ғаламдық проблемалар және олардың пайда болуы себептері мен шешу жолдары



Резюме

В статье обсуждаются создание природы и ее закономерности на духовном уровне. Также предоставляются причины глобальных проблем и ее решения.



Abstract

The article discusses the creation of nature and its laws on a spiritual level. Also included are the causes of global problems and its solutions.



Регистрационная форма участника

Фамилия______ Сарқытқан

Имя_______ Қастер _________________________________

Отчество____________________________________________________________

Ученая степень_________г.ғ.к.______________

Ученое звание__________доцент_________________

Место работы/учебы Абай ат. ҚазҰПУ, магистрантура және PhD докторантура институты, Жаратылыстану пәндері кафедрасы

Должность___________________________________________________________

Доклад по направлению________ Актуальные проблемы геоэкологии

Название доклада ______________ Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық

Доклад устный, стендовый (нужное подчеркнуть)



Служебный почтовый адрес____________________________________________

Телефон______________________________________________________________

Факс_________________________________________________________________

Электронная почта___________kaster0102@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет