Тақырып: Сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдері
Орындаған: Исгендер П.
Тексерген: Молдабаева З.
Ақтөбе, 2023ж. Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынандай тәсілдер жұмсалады:
Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар), шылаулар (жалғаулық, септеулік), сөздердің орын тәртібі, интонация.
Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу .
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі — қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру аркылы жасалады. Қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде кандай? деген сұракка жауап беріп, аныктауыштыц кызметін аткарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші — Құрманғазының сүйегі жатканымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жүлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланыскан тіркес, үлы сөзі сөйлемде анықтауыш кызметін атқарып тұр.
Кейбір жағдайларда кабысуды меңгерумен, матасумен, тіпті күрделі сөзбен шатастыратын кездер де болады.
Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұксайды. Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ, жасырын тұрған септік жалғауы ашык тұрады. Хатты жиі жазады. Мына қантты мен әкелдім. Бұдан шығатын қорытынды, қабысуды меңгерумен шатастырмас үшін, сырт тұлғасы ұқсас байланысқан сөздердің арасына баска сөз қойса, не алдына сілтеу есімдігін койса, ұксас сөз тіркестерінің байланысу түрлерін кай түріне жататындығы оңай ажыратылады.
Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп калып, қабыса байланыскан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауыл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғауынан байқауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала болып калады да, мағынаға нұқсан келеді. Әке баласы, ауыл баласы тэрізді тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің 2-түрі 3-түріне ұласады. Бұл аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке баласы, ауыл баласы дегендер меншіліктілік мәнді білдіру касиетінен мүлдем қол үзіп кетпегендігін көрсетеді.
Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ құба т.б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тән негізгі белгілер болмайтындыктан, оның бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланыспайды.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі — жанасу. Тіл ғылымында жанаса байланыскан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі деп қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың бір түрі деп қана карастырады, яғни арасына сөз салуга келсе жанасу, келмесе кабысу деп карастырады. Біз де осы соңғы пікірге косыламыз. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар аркылы жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимылдады, сабақтан соң келді, үйге дейін барды.
Сондай-ақ қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, сондықтан, сырткы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін кай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою аркылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.