Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына


Санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық тәжірибесі арқылы сөздік қабыққа (жамылғышқа) бекітілген бөлегі



бет5/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.

Санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық тәжірибесі арқылы сөздік қабыққа (жамылғышқа) бекітілген бөлегі ұғымдық мағына (лексикалық мағына)деп аталады. Адамның біліміне, өмір тәжірибесіне, психологиялық жағдайына байланысты ұғымдық мағынаның қалпы (көлемі) әр түрлі болуы мүмкін. Айталық, сөйлесіп отырған екі адам үйеңкі туралы екі ұғымға келуі ғажап емес. Сөйлеушінің біреуі үйеңкінің қандай ағаш екендігін, жапырағының, үлкен болатындығын, жейтін жеміс бермейтіндігін, әрі биік, әрі жуан өсетіндігін, тағы басқа ерекшеліктерін білуі мүмкін де, екіншісінің оның жуан және биік өсетіндігін білумен шектелуі ықтимал. Сөйлескен екі адамның бірін екіншісі түсіну үшін үйеңкінің барлық қасиеттерін білуі емес, тек оның аршадан, теректен, қарағайдан, тағы басқа ағаштардан ерекшелеп тұрған белгілерін білсе болғаны. Сондай-ақ тұз сөзінің мағынасы "асқа салынатын зат" екендігі әр адамға белгілі, бірақ тұздың бірнеше түрі барлығы, олардың әрқайсысының әр түрлі химиялык, элементтерден тұратындығы, тұздардың барлығы бірдей асқа салына бермейтіндігі арнайы химиялық білімі бар адамдарға ғана аян. Демек, заттар мен құбылыстар туралы қарапайым, күнделікті өмірде қалың көпшілік қолданатын түсінік бір бөлек те, олар жайындағы терең білім, ғылыми түсінік бір бөлек болады. Сөзбен бірге өмір сүретін ұғымдық мағынада материалдық дүниенің белгілі бір дәрежедегі бейнесі болады да, біртұтас толық бейнесі көбіне көрініс таппайды.3 Ғылыми әдебиеттерде ұғымдық мағынаны заттық-логикалық ұғым (ұғымдық мағына) деп атайды.

Сөз мағынасының түрлері көп. Солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталалық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет