“Исатай батыр Тайсойғаннан ерте шығып, түсте хан ордасына жетпекші болды. Оның астындағы Ақтабаны бұлттан төмен, қарағайдан жоғары шапты.” Тайсойған мен хан ордасының арақашықтығын шамамен 300 км, ал Исатай батыр жолда 10 сағ болды деп есептеңдер. Ақтабанның қандай жылдамдықпен шапқанын анықтаңдар.
Белгілі спортшы жерлесіміз Ә.Тұяқов 100 м қашықтықты 9 с-та жүгіріп өтеді. Оның жылдамдығын км/сағ түрінде көрсетіңдер.
“Қозыкөштің” тапсырмалары
Кейбір балықтар жыртқыш балықтардан қашқан кезде 10 м биіктікке секіреді де, инерциямен 30 м-ге дейінгі қашықтыққа ұшады. Егер секіру ұзақтығы 2 с деп болжасақ, онда оның горизонталь бағыттағы қозғалысының жылдамдығы қандай?