Лат cancerogenesis; cancer рак + көне грекше: γένεσις пайда болу, даму) рак (ісік) ауруының пайда болу процессі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік те әсер етеді



Дата02.02.2023
өлшемі25,92 Kb.
#167246
Байланысты:
Глоссарий Молекулалы биология Мырзабек То жан (1)
3-СӨӨЖ ТАРИХ (3)

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ




НУО «КАЗАХСТАНСКО- РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

БӨЖ
Тақырыбы: Канцерогенез негіздері




Орындаған: Мырзабек Тоғжан
Қабылдаған: Ерешова Айгерім Тұрарбекқызы

Алматы, 2021


Глоссарий

  1. Канцерогенез (лат. cancerogenesis; cancer — рак + көне грекше: γένεσις — пайда болу, даму) — рак (ісік) ауруының пайда болу процессі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік те әсер етеді. Рак (ісік) ауруы ХХ ғасырдағы адамдардың ең қауірпі ауруларының бірі.

  2. Өспе (лат. tumor, blastoma; грекше neoplasma, oncos) – тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жэасушаларға бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.

  3. Канцерогендер – өспені дамытатын жайттар

  4. Тура канцерогендер – метаболизмдік өзгерістерге ұшырамай-ақ өспені дамытады (ДНҚ-на алкил топтарын қоса алатын алкилдейтін қосылыстар)

  5. Тура емес канцерогендер – организмде метаболизмдік өзгерістерге ұшыраған соң өспе дамытады.

  6. Коканцерогендер (промоторлар) – өздері өспе дамытпайтын, бірақ канцерогендердің әсерін күшейтетін заттар.

  7. Канцерогенез сатылары: бастама, күшею, өршу.

  8. Бастама – қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуы.

  9. Протоонкогендер – жасуша пролиферациясын күшейтетін ген. Осы гендермен бақыланатын нәруыздар жасушаның бөлінуін қамтамасыз ететін серпіндерді беруге қатысады.

  10. Онкогендер – жасушаның бақылаусыз көбеюін шақыратын ген. Онкогендер протоонкогендер сияқты, бірақ бақылаудан шыққан.

  11. Антионкогендер – жасушаның бөлінуін тежейтін гендер, пролиферацияны тежейтін нәруыздардың синтезін бақылайды.

  12. Күшею – өспеге айналған жасушалапдың көбеюі.

  13. Өршу – өспе жасушаларының қатерлілік қасиетінің артуы.

  14. Атипия – өспе жасушаларының қалыпты жасушадан айырмашылығы.

  15. Реттелмейтін, шексіз өсу (кез келген түзілістің алғашқы, негізгі белгісі), жасуша бөлінуінің «шегінің» жойылуы (Хейфлик шегі).

  16. Жетілу атипиясы – жасушалардың толық немесе жартылай жетілмеуі - анаплазия

  17. Биохимиялық атипия – өспе тініндегі зат алмасу ерекшелігі

  18. Физикалық – химиялық атипия – өспе жасушаларында калий мен судың артуы, кальций мен магнийдің азаюы, ацидоз, беткей зарядының артуы

  19. Антигендік атипия – антигендік қарапайымдану, антигендік күрделілену

  20. Қызметтік –функциялық атипия – ағза функциясының төмендеуі, жоғарылауы, бұрмалануы

  21. Инфильтрациялық өсу – қатерлі өспелердің негізгі белгісі - өспе жасушасының қоршаған тінге енуі

  22. Экспансиялық өсу – қоршаған тінге енбей, капсуланың ішінде шектеліп өсуі, қатерсіз өспелерге тән.

  23. Метастаздану (грекше Metastasis - ауысу, тасымалдану) – өспенің кейбір жасушаларының басқа тіндерге тасымалдануы және сол жерде гистологиялық құрылымы сондай екіншілік өспе түйінінің пайда болуы.

  24. Қайталану - (латынша recidivas- қайталану, аурудың қайтадан дамуы) – алынып тасталған жерде өспенің қайтадан дамуы.

  25. Кахексия - (грекше kakos– нашар, жаман + hexis-жағдай) - организмнің жалпы әлсіздік және қажу синдромы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет