БөӨж тақырыбы : Канцерогенез негіздері Орындаған: Төребек Н. Е. Курс: 1 сф22-104а қ/б Тексерген



Дата22.02.2023
өлшемі1,51 Mb.
#169813
Байланысты:
канцерогенез

  • Орындаған:Төребек Н.Е.
  • Курс:1 СФ22-104а қ/б
  • Тексерген: Тунгушбаева З.Б.
  • Кіріспе.
  • Канцерогенез ұғымына түсінік.
  • Негізгі бөлім.
  • Ісіктің пайда болуына әсер ететін факторлар.
  • Ісік жасушаларының пайда болуы.
  • Ісік жасушаларының дамуы, метастаз беруі.
  • Қорытынды.
  • Канцерогенез дегеніміз-(“канцер”-ісік, “генезис”-пайда болу), яғни ісіктің пайда болу процесі.
  • Б.з.б.460-370 ж.ж. Гиппократ қатерлі ісікті “карцинома” деп атаса,Гален ғылымға “oncos” терминін енгізген.
  • Рак (ісік) ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан 2 ерекшеліктері болады:
  • кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, рак(ісік) жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті. Сондықтан да олар ағзаға механикалық зиян келтіріп, өсіп көбее береді де ақырында оның өлуіне алып келеді;
  • рак жасушалары жайылып метастаз пайда ете алады, яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып сол жерлерде жаңа ісіктерді пайда етеді.
  • Ісіктің пайда болуына себеп болатын факторлар канцерогендік факторлар деп аталады.
  • Қатерлі ісіктердің себебі-бір жасушадағы генетикалық зақым болып келеді. Алайда, жасушаның бір зақымдануы көбінесе оны ісікке айналдыру үшін жеткіліксіз. Көптеген жылдар бойы 5-10 мутацияның (зақымданудың) жинақталуы қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді. Жасушалардың бөлінуі мен өсуін бақылайтын гендердің жұмысы бұзылады, содан кейін олардың тез өсуі басталады.
  • Ісіктің пайда болуына әсер ететін факторлар
  • Негізгі этиологиялық факторлар:
  • Химиялық факторлар:бензпирен,хлорнафизин, мышьяк т.б
  • Физикалық факторлар: УК сәулелері,рентген сәулелері;
  • Биологиялық факторлар:онкогендік вирустар, гепатит В,С вирустары, геликобактериялар (асқазан қатерлі ісігі); описторхоз (өт жолдарының қатерлі ісігі) және шистосомоз (қуық қатерлі ісігі).
  • Қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналу процесі трансформация деп атайды.Медицинада ісіктің 2 түрін ажыратады:
  • Қатерлі тез әрі инвазивті өседі және (екінші реттік ісіктердің пайда болуына әсер етеді) метастаз береді.
  • Қатерсіз ісік дифференциалданған жасушалардан тұрады және соған қатысты баяу өседі. Ісік жасушаларының цитоқаңқасының формасы өзгерген,сондықтан олар дөңгелек пішінді,олар көлемі мен формасы әр түрлі ядролардан тұрады.
  • Ісік жасушаларының промоциясы мен прогрессиясы
  • Ісік жасушасының промоциясы - бұл зақымданған жасушалардың түрлі инициаторлық факторлар арқылы көбеюі.Мұндай процесс жылға созылуы мүмкін.Ісіктердің көбеюіне протеинкиназа С-ның активаторы болып табылатын форбол эфирі әсер етеді.
  • Жасуша прогрессиясы-бұл қатерлі ісік жасушаларының көбею процесі,метастаз беруі. Метастаз процесі – жасушалардың гематогендік, лимфогендік жолмен барлық организмге жайылуы және ісік ошағын тудыруы.
  • Метастаз (көне грекше: μετάστασις – орын ауыстыру, ауысу) – ауыру тудыратын ісік клеткаларының, т.б. бастапқы (бірінші реттік) зақымданған ошақтан қан не лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ; қатерлі ісік көзінің (түйінінің) екінші бір жерден өніп-өсуі; қатерсіз ісіктердің, яғни дерттің асқынып, одан әрі қарай дамуы.
  • Метастаз түрлері
  • Лимфогендік метастаз – қатерлі ісік клеткаларының ісіктің өсуіне қарай лимфа тамырларына еніп, лимфа ағынымен лимфа түйіндеріне таралуы;
  • Гематогендік метастаз – ісіктің тікелей капилляр қан тамырларында өсуі;
  • Имплантациялық метастаз – кейбір ісіктерді операциямен алып тастау кезінде, ісік клеткаларының басқа органдарға ауысуы.
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Лазарев Н.И. Теоретические основы профилактики и терапии дисгормональных опухолей. М., 1963.
  • Мюльбок Л., Боот О. // Механизмы канцерогенеза. М., 1961. С.113—127.
  • Дильман В.М. Четыре модели медицины. Л., 1987.
  • Li J.J., Li S.A. // Endocrine Rev. 1990. V.11. P.524—531.
  • Yager J.D., Liehr J.G. // Annual Rev. Pharmacol. Toxicol. 1996. V.36. P.203—232.
  • Берштейн Л.М. Онкоэндокринология курения. СПб., 1995.
  • Засухина Г.Д. и др. // Журн. общ. биологии. 1986. №1. C.42—50.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет