Лекция. Гендердің өзара әрекеттесуі. Мақсаты: Гендердің өзара әрекеттесуі құбылыстарын түсіндіру. Сұрақтар: Аллельді гендер әрекеттесуі. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі



Дата30.05.2020
өлшемі16,08 Kb.
#71659
түріЛекция
Байланысты:
5-лек
5-лек

V лекция. Гендердің өзара әрекеттесуі.
Мақсаты: Гендердің өзара әрекеттесуі құбылыстарын түсіндіру.

Сұрақтар:

  1. Аллельді гендер әрекеттесуі.

  2. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі.

а) комплементарлық

б) эпистаз және гипостаз

в) полимерия

г) модификациялаушы гендер (күшейткіш гендер және репрессор гендер).


Г.Мендель ашқан заңдылықтың дұрыстығы 1 белгіні 1 ген анықтайтын жағдайда болды. Алайда Мендель заңдылығының сипатына симайтын кезеңдер болды. Соның себебін гендер арасындағы әрекеттестікпен түсіндіруге болады, әрі ол күрделі құбылыс. 1 ген кейде бірнеше белгіні анықтауға қатысады немесе бір белгіге көптеген гендер жауап беруі де болады. Бір геннің 2 немесе одан да көп белгінің дамуына әсер етуін плейотропты әсер деп, құбылыстың өзін плейотропия (грекше: pleistos-көпшілік) деп атайды.

Гендер әрекеттестігін 2 түрге бөледі: Аллельді гендер әрекеттестігі, Аллельсіз гендер әрекеттестігі.



І. Аллельді гендер әрекеттестігіне мыналар жатады:

  1. Толық үстемділік кезіндегі аллельді екі геннің әрекеттесуі;

  2. Жартылай үстемділік кезіндегі аллельді гендердің тең түсуі;

  3. Рецессивті аллельдің доминантты аллельдің әрекетін басып тастауы;

  4. Кодоминанттылық (қанның 4-тобы туралы).

ІІ. Аллельсіз гендер әрекеттестігіне мыналар жатады:

  1. Комплементарлық ;

  2. Эпистаз-гипостаз;

  3. Полимерия;

  4. Гендердің модификаторлық әсері.

Комплементарлық немесе қосымша ген әсері деп аллельсіз гендер жеке тұрғанда өзін көрсете алмайды да, бірге тұрғанда генотипте жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етуін айтамыз. Мысалы: ақ гүлді бұршақтарды шағылыстырғанда қызыл гүлді бұршақ берген (ААвв х ааВВ)=АаВв-қызыл гүлді F2 ажырау 9:7 болып, Мендельдің ажырау заңы бұзылғандай көрінеді, әсіресе фенотипі, ал генотип сол күйінде дигибридті будандастырудағыдай қалды.

Эпистаз-гипостаз бір аллельді жұп геннің доминантты басқа аллельсіз жұп генмен басылып тасталуын эпистаз десек, басылып қалған ген әсерін гипостаз дейміз. Мысалы: А>В ; В>А.

Полимерия – аллельсіз гендер бір белгінің дамуына мәндес қызмет атқаратын гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал құбылысты полимерия дейді. Бұл құбылысты тұңғыш рет шведтің генетик-селекционері Нильсон-Эле байқаған. Ол өсімдіктердің бойының биіктігінен, вегатациялық кезеңінің ұзақтығынан, белоктық мөлшерінің көбеюі кезенен байқаған. Полимерия құбылысын сусарлар терісінің түсінен (27 түрлі) көреміз.

Модификатор гендер негізгі гендерден басқа кез-келген белгінің дамуына басқа да ген әсер етеді, ал олардың әсерін нақты анықтау мүмкін бола бермейді. Бұл гендер бірде белгіні анықтайтын геннің әсерін күшейтеді-оны күшейткіш гендер десе, бірде әсерін басып тастайды-оны супрессор гендер дейді.

Сонымен модификатор гендер дегеніміз-негізгі геннің әсерін өзгертіп отыратын аллельсіз гендер әсерін айтамыз.

Өз әсері жоқ, бірақ басқа гендерді күшейтіп, не осалдандыратын әсері бар гендерді модификаторлық (латынша «модификация»–түр өзгерушілік) гендер деп атайды. Бұл тұжырымға гендердің өзара әсер етуінің барлық түрі жатады. Дегенмен, «модификаторлық гендер» анықтамасына гендердің өзара әсер етуінің ауыспалы түрлері кіреді. Мысалы, супрессиялық гендер (ағылшынша «супрессорс» –басымдылық) белгіні қалпына келтіреді, ал модификаторлар нашарлатады, не күшейтеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Аллельді гендер әрекеттесуі.

  2. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі.

а) комплементарлық

б) эпистаз және гипостаз

в) полимерия

г) модификациялаушы гендер (күшейткіш гендер және репрессор гендер).


Әдебиеттер:

  1. Бегiмқұл Б. К. Генетика: Оқулық - А. : Алтынсарин атындағы ҰБА Республикалық баспа кабинетi, 2000

  2. Жимулев С.Г. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Сиб. АН. 2002.

  3. Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2002. 1-бөлім.

  4. Төлегенов С. Жалпы генетика: оқу құралы / - Алматы : Нур-Принт, 2010

  5. Ордабеков С., Сейтбаев Қ., Сембаева Ж.. Генетика негіздері / - Тараз : ТарМУ, 2009

  6. Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск: Б. и., 2002

  7. Берсімбаев Р.І. Генетика. Алматы: 2002

  8. Сартаев А. Адам генетикасы. Алматы: 2006


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет