«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Парфия патшалығы



Дата25.08.2017
өлшемі33,67 Kb.
#26879
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы

17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Парфия патшалығы

Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Пән мұғалімі: Бекбергенов Т.Н.

Сынып: 6 «Б»




Тараз -2016

Сабақ жоспары

Пәні: Ежелгі дүние тарихы.

Мерзімі: 15.12.16

Сыныбы: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Парфия патшалығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Парфия патшалығының кұрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайтып отырып Римнің басқыншылық әрекетіне күйреуге соққы бергендігі туралы баяндау

Дамытушылық: Оқушылардың ойын дамыту үшін ең алдымен орналасқан жерін патшаларының қызметерін салыстыра отырып талдау

Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа отансүйгішттіке тәрбиелеуге көңіл бөлу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Сөзжұмбақ, Крестиктер мен Нөлдіктер ойыны, «Футбол» ойыны, постермен жұмыс.

Көрнекілігі : Плакаттар, маркер, стикер, қайшы, желім, суреттер, слайд,

интерактивті тақта.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 1 мин.Алтын ережемен таныстыру.Әр түрлі фигуралар таңдату арқылы 4 топқа бөлу.Дөңгелек таңдағандар І топ, көпбұрыш таңдағандар ІІ топ, үшбұрыш таңдағандар ІІІ топ, төртбұрыш таңдағандар ІV топ.Бағалау парағын топ басшыларына таратып беремін.



ІІ. Үй тапсырмасы: Тақтаға сөзжұмбақ іліп қоямын.Сөзжұмбаққа үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қолданылады.Сөзжұмбақ толық шешіліп болған соң негізгі сөз жаңа тақырып екенін айтамын.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Сонымен жаңа тақырыбымыз «Парфия патшалығы» екенін айтып, 4 топқа тақырыптарын бөліп беремін.

І топ – Парфия патшалығының құрылуы

ІІ топ – Парфиядағы басқару жүйесі

ІІІ топ – Көшпелілер және Парфия

ІV топ – Парфияның римдіктерді талқандауы



2. Постер қорғау әдісі: Мәтінді оқи отырып, постер қорғау: 15 мин.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: «Крестиктер мен нөлдіктер»

1.Парфия патшалығы қашан және қай жерде пайда болды?

2. Парфия патшалығының негізін қалаған кім?

3. Арсак қаза тапқан соң орнына таққа кім отырды?

4. Мемлекеттегі әкімшілік аймақтар қалай аталды, оларды кімдер басқарды?

5.Сирияның патшасы ІІІ Антиох Парфияға қашан жорық жасады?

6. Әскери көмек ретінде парфиялықтар кімдерден көмек сұрайтын?

7. Рим мен Парфия шекараны қай өзеннің бойымен белгіледі?

8. Римдіктер жақсы дайындалып, Парфияға қарсы қашан үлкен жорыққа шықты?

9. Римдіктерге қарсы Парфия әскерін бастаған қолбасшы?



«Футбол» ойыны

1. Вавилон, Парсы және Мидия елдерін Парфия өзіне қай патшаның тұсында бағындырады?

2.Сатраптықтар бөлінген шағын аудандар қалай аталды?

3.Парфия билеушілерінің басты тірегі не?

4.Парфияны сақтар не үшін талқандады?

5.Рим дік әскербасы соғыс алдында нені ескермеді?

6.Б.з.б. 55 жылы Сирия жеріне келген римдік әскербасы?

7.Соғыс кезінде римдіктердің қанша әскері аман қалды?



V.Бағалау: Топпен бағалау, топ басшысының бағалауы, , өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия: «Бағдаршам»

VІ. Үйге тапсырма: Парфия патшалығы
Каталог: uploads -> doc -> 0168
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0168 -> Оқушыларға арналған қазақ тілінен тақырыптық сөздік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет