Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Әл-Фараби
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі - ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Мұхтар Әуезов
Жақын болудың бірінші шарты – адалдық.
Михаил Пришвин
Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций
Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын.
Менандр
Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі.
Габриэль Оноре Марсель
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер
Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Р. Роллан
Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді. Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.
Т. Фуллер
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
М. Әуезов
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
Н.Назарбаев
Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.
Сағатхан Әшімбаев
Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.
Абай Құнанбайұлы
4 НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ:
АДАЛДЫҚ
ПАРАСАТТЫЛЫҚ
ӘДІЛДІК
СЕНІМ
Қасым ханның Есім ханның Тәуке ханның
«Қасқа жолы» «Ескі жолы» «Жеті жарғысы»
АДАЛДЫҚ
«Алдау қоспай, адал еңбегін
сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі - сол».
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
(А. Құнанбайұлы)
«Мақтан үшін мал жима, жан үшін
жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін
жи».
«Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ»
(Ш. Құдайбердіұлы)
ПАРАСАТТЫЛЫҚ
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
(А. Құнанбайұлы)
«Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында»
(Әл – Фараби)
«Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық»
(Қ. Тоқаев)
ӘДІЛДІК
«Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ».
«Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде, сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме»
(А. Құнанбайұлы)
«Әділ сөйлеп, адал жүр»
(Қ.А. Ясауи )
СЕНІМ
«Сенім. Бұл бір ұлы күш. Сенімге ие болу - өмірді мәнді етеді». (І. Есенберлин)
«Сен - ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».
(Б. Момышұлы)
«Жалпы адамзаттың жақсылығына сену - адамгершіліктің ең биік белгісі».
(М. Жұмабаев)
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін»
Ә.Тәжібаев
«Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...»
Мағжан Жұмабаев
Әрбір тіл ұлы өзінше,
Атадан қалған аманат.
Құрметте оны, құрметте,
Түсініп мәнін жамағат.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
1989ж. 22 қыркүйек – тіл туралы Заң қабылданды.
Елбасы Н. Назарбаевтың
1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері күні ретінде аталып келеді.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Осыдан тура 30 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |