1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ӨҢДЕУДІҢ КАТАЛИТИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ



бет24/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
3. МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ӨҢДЕУДІҢ КАТАЛИТИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
Каталитикалық крекинг – мұнайды терең өңдеудің маңызды процестерінің бірі. Процестің басты артықшылығы оның үлкен операциялық икемділігі болып табылады: жоғары октанды бензин мен пропиленге, изобутанға және бутендерге бай газ алу үшін әртүрлі мұнай фракцияларын өңдеу мүмкіндігі; алкилдеу, гидрокрекинг, гидротазалау, адсорбциялық өңдеу, деасфальттау және т.б. сияқты басқа процестермен біріктіру салыстырмалы түрде оңай. Мұндай әмбебаптық мұнай өңдеудің жалпы көлеміндегі каталитикалық крекингтің өте маңызды үлесін түсіндіреді.
Мұнай өңдеу және мұнай-химиялық өнеркәсіптердің прогресі катализаторларды қолданумен тығыз байланысты. Мұнай өңдеуде катализ және каталитикалық процестердің маңызы өте зор. Ол әр түрлі кен орындарының мұнай құрамында бензинге сәйкес келетін оңай қайнайтын фракцияларының 5-тен 20%-ға дейін болуында. Автокөліктің және авиациялық көліктердің қазіргі дамуында бензинге деген сұраныс орасан зор. Одан басқа мұнайдан тікелей айдалған мотор отындарының сапалары төмен. Мұнай өңдеудің каталитикалық тәсілдерін (каталитикалық крекинг және риформинг) өңдеудің қазіргі басқа каталитикалық тәсілдерімен (отындардың жоғарыоктанды компоненттерін синтездеу, гидротазарту, гидрокрекинг) біріктіре қолдану жоғарыоктанды бензиндердің шығуын мұнай массасының 75%-ына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнай өңдеудің каталитикалық әдістерінің дамуы - Қазақстан Республикасы үшін ерекше көкейтесті мәселе. Барланған және іске қосылған Қазақстанның кен орындарындағы мұнайлардың көпшілігі ауыр, күкіртті және жоғары күкірттілерге жатады. Мұнай-химиялық процестерге шикізат және мотор отындары өндірісінің негізі болып табылатын мөлдір фракциялардың құрамы аз күкіртті мұнайлармен салыстырғанда, мұндай мұнайларда тым аздау. Мұндай мұнайлардан мөлдір (жеңіл) фракциялардың шығуын арттыру мәселесі катализаторларды кең қолданып, оларды терең өңдеу жолымен шешілуі мүмкін.





13-билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет