1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет35/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
Сілтілік тазалау. Мұнай өнімдерінен қышқылды (нафтенді, май қышқылдары, фенолдар) және күкіртті қосылыстарды (күкірт сутек, меркаптандар) сілтімен бөлуді сілтілік тазалау деп атайды.
Сілітілік тазалаудың кемшілігі - қымбат реагенттің қайтарымсыз шығыны және қиын утилизацияланатын күкіртті-сілтілі ағыстардың түзілуі.
Күкірт қышқылды тазалау. Бұл әдіс мұнай өнімдерінің алкендерді, арендерді, шайырларды азотты және күкіртті қосылыстарды бөлу үшін қолданылады.
Күкірт қышқылды тазалаудың кемшілгі көп мөлшерде реагенттердің қолданылуы және құрал-жабдықтардың үлкендігі және т.б.
Гидротазалау. Бұл катализатормен сутек қатысында жүргізілетін каталитикалық тазалау әдісі. Гидротазалауға тура айдаудан және екіншілік өңдеуден алынған барлық мұнай өнімдері: бензин, керосин, реактивті және дизельді отындар, вакуумдық газойль түседі. Үдерісті алюминийкобальтмолибден катализаторының қатысуымен 380-420°С температурада, 3,5-4,0 МПа қысымда сутек күкіртті, азотты, оттекті қосылыстармен әрекеттесіп жеңіл бөлінетін күкіртті сутек, аммиак және суға айналдырады. Сондай-ақ бір мезгілде қанықпаған қосылыстардың гидрленуі жүріп, өнімнің тұрақтылығын арттырады.
Адсорбциялық және каталитикалық тазалау. Мұнай өнімдеріндегі ароматты қосылыстардан қанықпаған көмірсутектерді болу, ашық мұнай өнімдерін шайырлардан, асфальтендерден тазарту үшін адсорбциялық әдіс қолданылады. Адсорбент ретінде табиғи саздар, силикогельдер, алюмогельдер, активтелген көмір, синтетикалқы алюмосиликаттар және т.б. қатты заттар пайдаланылады.
Каталитикалық тазалау біріншілік, екіншілік өңдеуде алынған мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылату үшін жүргізіледі. Өндірістік практикада катализатор қолдану арқылы тазалаудың келесі әдістері: алюминийкобальтмолибден және алюминийникельмолибден катализаторлары қатысында сутек қысымында күкіртті, азотты, оттекті, металорганикалық қосылыстарды тазалау, синтетикалық алюмосиликаттар қатысында қанықпаған көмірсутектерден тазалау, табиғи бокситтермен алюмосиликаттар қатысында күкіртті қосылыстардан тазалау.
Абсорбциялық әдіс. Мұнай өнімдерінің құрамындағы зиянды заттарды селективті түрде этаноламинде, фенолятта, фосфатта, нитробензолда, фурфуролда, сұйық күкіртті ангидритте т.б. еріту арқылы тазалау





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет