Мұнайдың және мұнай өнімдерінің құрамы Мұнайдың фракциялық құрамы. Мұнай жəне мұнай өнімдері көмірсутекті қосылыстардың қоспасын құрайды, оларды жеке тəсілдермен бөлу мүмкін емес. Алғашқыда мұнайды жəне мұнай өнімдерін
айдау тəсілі арқылы күрделілігі аздау бөліктерге бөледі. Мұндай бөліктерді фракциялар немесе дистилляттар деп атайды. Мұнай көмірсутектерінің жеке қосылыстардан айырмашылығы – жеке қайнау температурасы болмайды. Олар белгілі аралық температурада қайнайды, яғни олардың бастапқы қайнау (б.қ.) жəне соңғы қайнау (с.қ.) температурасы болады. Ол фракцияның химиялық құрамына байланысты. Олай болса, мұнай мен мұнай өнімдерінің фракциялық құрамы, олардағы белгілі бір температура шегінде қайнайтын əртүрлі фракциялардың мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің іс жүзіндегі мəні үлкен, яғни фракциялық құрамға қарап, одан қандай мұнай өнімдерін жəне қандай мөлшерде алуға болатыны анықталады. Мұнай сияқты өте күрделі қоспаны қыздырғанда бу фазасы алдымен жоғары ұшқыштық қабілеті бар төмен температурада қайнаушы компоненттерге ауысады. Олармен бірге аздап жоғары температурада қайнайтын компоненттер ілесіп кетеді, бірақ төменгі температурада қайнайтын компоненттің булардағы концентрациясы қайнап атқан сұйықтықтағыға қарағанда əрдайым көп. Төменгі температурада қайнайтын компонент бөлінген сайын, қалдық жоғары қайнайтын компоненттермен байи түседі. Қайнау тоқтаусыз жүру үшін қыздыруды жалғастыра береді. Бөлінген бу конденсацияланады, конденсат əртүрлі мұнай фракциялары күйінде компоненттердің аралық қайнау температурасына байланысты бөлінеді. Мұнайлар мен мұнай дистилляттарының фракциялық құрамын анықтау үшін зертханада айдаудың төмендегідей 5 əдісі көп қолданыс табуда.
1. Төменгі температурада жүрізілетін ректификация – сұйытылған
газдар жəне 200°С төменгі температурада қайнайтын көмірсутектер
фракциясы үшін.
2. Орта температурада жүргізілетін айдау – 350°С-те дейін қайнайтын мұнай өнімдері үшін.
3. 300°С-ден жоғары температурада қайнайтын сұйықтарды вакуумды айдау.
4. Жоғары молекулалы заттарды (шайырларды) молекулалық дистилляциялау.
5. Біртіндеп буландыру əдісімен айдау.