3)Күкірттің белсенді қосылыстарын сапалық анықтау Мұнай өңделуі ірі өндірістік масштабта 100 жылдан астам іске асырылып келе жатқанымен, әлі де мұнайдан күкіртті сұрыптап аластау және оны өңдеу үрдісі жасалған жоқ. Мұнайды өңдеу үрдісінде күкіртқұрамдас қосылыстар көмірсутектік фракциялар арасында түрлі сапалық пен сандық арақатынаста таралады. Мұнда күкірттің ең көп мөлшері қалдықтық фракцияларда шоғырланады. Қазіргі кезде көмірсутектік фракцияларды күкіртқұрамдас қосылыстардан тазалау үшін мұнай өңдейтін зауыттарда мынадай үрдістер жасалды және пайдалынады:
газдар мен жарқын дистилляттарды күкіртсутектер мен тиолдардан сілтілік тазалау;
күкіртқышқылдық тазалау;
газдарды күкіртсутек пен СО2-ден аминдік тазалау;
бос күкіртті ала отыра, қышқылдық газдарды (Н2S+CO2) өңдеуге арналған Клаус үрдісі;
меркаптансыздандыру («Мерокс» пен «ВНИИУС-12» үрдістері);
адсорбциялық тазалау;
майлы фракцияларды еріткіштермен сұрыптап тазалау;
дистилляттық фракциялардың (бензин, керосин, реактивтік пен дизельдік отын, вакуумдық газойль) гидротазалануы;
майлар мен парафиннің сутазалауы;
қалдықтардың гидротазалануы мен гидрокрекингісі.
Тазалаудың саналған үрдістері тек күкіртті, күкіртсутекті және тиолдарды өндірістік масштабта бөліп шығаруды және өндіруді шешеді.
Қазіргі уақытта мұнай мен мұнайөнімдеріндегі күкіртқұрамдас қосылыстарды сапалы және сандық талдаудың түрлі әдістері жасалды және қолданылады. Талдаудың сапалы әдістері бәрінен бұрын күкіртсутек, тиолдар мен бос күкірт сияқты белсенді қосылыстарды тауып алуға қажет. Белсенді күкіртқұрамдас қосылыстарды анықтаудың сапалы әдістерінің ішінен зертханалық тәжірибеде ең көп қолданыс тапқан докторлық сынама аталған, мыс табақшаны сынау. Докторлық сынама моторлық отындарда көмірсутектің және тиолдардың бар екенін байқауға мүмкіндік береді және негізінен бензиндер үшін пайдалынады.
Докторлық сынамада талдаудың мәні мынада, мұнайөнімін натрий плюмбиті мен ұнтақтық күкірт ерітіндісімен қарқынды араластырады. Мұнда егер талданушы мұнайөнімінде күкіртсутек бар болса, онда қорғасын сульфидінің қара кристалдық шөгіндісі түседі:
Na2PbO2 + H2S = PbS↓ + 2NaOH.
Докторлық сынама өте сезімтал және күкіртсутектің 0,0006 % мөлшерін байқауға мүмкіндік береді.
Тиолдардың натрий плюмбитімен әрекеттесуінің реакциясы:
Na2PbO2 + 2RSH = (RS)2Pb + 2NaOH.
Мұнда талданушы мұнайөнімі қызғылт сары, қоңыр немесе қара түске боялады.
Күкіртсутек пен бос күкіртті байқау үшін, стандарт ретінде ТМД-да (МЕСТ 6321-91) және шетелде қабылданған, мыс табақшада сынау қолданылады. Күкірттік жемірілу нәтижесінде, мұнайда немесе мұнайөнімінде (бензин, керосин, реактивтік отын, дизельдік отын, жағар майда) ұсталған, мыс табақша, көтерілген температура кезінде нақтылы уақыт ағымында, солғын-сұрдан тіптен қараға дейінгі түрлі түске (дақтарға) боялады. Сынау температурасы шамамен 100 0С кезінде жарқын сары-қызғылтсары пайда болуы мұнайөнімдерінде тиолдар мен сульфидтердің қатысуынан екенін білген жөн.
Мұнайөнімдерінде бос күкірттің қатысуын, сондай-ақ металдық сынап, кетоспирттер реакцияларымен, сілтінің талданушы сынаманың пиридиндік ерітіндісіне әсерімен табуға болады. Бос күкіртті талдау оның жоғары белсенділігі мен түгелдей барлық элементтермен (инерттік газдар, иод, алтын, платинаны ескермегенде) әрекеттесе алатынынан басқа да көптеген реакцияларға негізделе алады.
Күкіртсутек қатысуына сапалы сынамалар болатын сондай-ақ оның NaOH-пен, натрий карбонатымен, сульфатпен немесе кадмий хлоридімен реакциялары. Аналитикалық химияда күкіртқұрамдас қосылыстардың тиолдарға, дисульфидтерге, сульфидтер мен тиофендерге сапалы реакциялары белгілі.