1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет1/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)




1 Билет
1. Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны.
Ең алдымен мұнайға тоқталып өтсек. Мұнай бұл көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасадыпайдалы қазбалардың ең маңызды түрі болып табылады екен. Ертеректе «тас майы» деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. ЛомоносовПенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. Кейіннен мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Қазақстандағы ең алғашқы мұнай көздерінің ашылуы бұл
Қазақстанда мұнайды іздеу мен барлауға бағытталған жұмыстар 1892 жылы Жайық-Жем қалабында басталды. 1899 жылы қазақтың алғашқы мұнай кен орны – Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Қарашұңғыл алаңындағы №7 ұңғымадан 40 м тереңдіктен тəулігіне 25 тоннаға дейін өнім беретін мұнай бұрқағы атқылады. Бұл, бүгінде дүниежүзіне мəлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары болатын. Қарашұңғыл мұнайы туралы хабар Алтайдан Оралға дейін тарап, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын
іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мүмкіндік туды. Содан кейін Доссор, Мақат, Ескене өңірінде терең бұрғылау жұмыстары қолға алынды. 1911 жылы Доссор кеніші ашылып, Ембі мұнайын игеруге жаңа қадам жасалды. Екінші мұнай фонтаны, 1911 жылы 29 сəуірде Доссорда бұрғыланған №3 скважина 226 метр тереңдіктен 16,7 мың тонна мұнай берді. Қарашұңғыл мен Доссор кенорындарының мұнай қоры, Қазақстан мұнай өндірісінің алғашқы тарихи беті болып саналады.
1915 жылы Мақат мұнай кені пайдаланылуға берілді. «Ағайынды Нобельдер» серіктестігінің Новобогатинскіде (Қамысқалада) бұрғылаған 2/64 скважинасынан тəулігіне 50 т мұнай беретін фонтан атқылады. Мақат пен Доссорда өндірілген мұнай 1915 жылы
272746 тоннаға жетті. 1915 жылы ашылған Мақат – Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті болып тарихқа енді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет