3. Мұнайдың органикалық заттардан шыққандығын алғаш кім айтты
Қазіргі заманғы ғылыми əлемде мұнайдың пайда болуының екі негізгі гипотезасы бар. Мұнайдың анорганикалық түзілу гипотезасын алғашқылардың бірі болып Д.И.Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы бойын ша, мұнай көмірсутектері жер астына да металл карбидтерінің су мен əрекеттесуі нəтижесінде түзіледі. Бірақ мұнай құрамындағы көптеген əртүрлі құрылымды көмірсутектердің пайда болуын карбид теориясымен түсіндіру мүмкін емес.
Ең алғаш мұнайдың биогендік пайда болу гипотезасын 1763 жылы орыс ғалымы М.В.Ломоносов ұсынды. Оның пікірі бойынша, мұнай «жер асты отынның тасталған көмірге» əсері арқылы түзіледі.
Қазіргі уақытта бұл гипотезаны дəлелдеу үшін көптеген тəжірибелік жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М.Губкин мұнайдың биогенді пайда болуының соңғы пікірін ұсынды. Ол мұнайдың түзілуінің бастапқы заты – сапропель деп қарастырады. Сапропель – ыдыраған төмен балдырлар мен су қоймаларының микроағзаларынан тұратын ор ганикалық тұнбалар. Органикалық қалдықтармен байытылған сап ропельді қабаттар жердің тереңдігіне түскен сайын, оның температурасы мен қысымы өседі. Нəтижесінде, органикалық зат мұнайға айналады.
Губкиннің пікірі бойынша, мұнайдың түзілу процесі ұзақ, үздіксіз жəне деңгейлі болып табылады. Ол мұнай мен газдың түзілуінің органикалық материалдардың қалдықта жиналуы, таралған мұнайдың түзілуі, бұл мұнайдың аналық шөгінділерінен кеуек тектерге өтуі (топырақтар, ізбес тасы) сияқты деңгейлерін ажыратты. 36 Аналық шөгінділер деп алғашқыда органикалық заттармен байытылған, кейінірек, мұнай мен газдың қайнар көзі болған тектерді атайды. Барлық мұнай кен орындары құм, топырақ, саз, шөл далада орналасқан. Академик Трофимук И.М. Губкиннің ұсынған теориясын нақтылап, толықтырды. Ол мұнайдың пайда болуының бес негізгі деңгейшелерін ұсынды:
Бірінші деңгей – қалдықтың жиналуы. Өсімдікті жəне тірі ағзалардың қалдықтарының жойылуынан кейін, олар өзенді немесе көлді суқоймаларының түбіне түсіп, минералды қалдықтардың орнында пайда болған тұнбаларда жиналады.
Екінші деңгей – биохимиялық. Суқоймаларының түбінде жиналған органикалық қалдық тығыздалады, күрделенеді жəне биохимиялық процестердің өтуі арқылы оттектің органикалық қызметі арқылы сусызданады.
Үшінші деңгей – протокатагенез. Органикалық қалдықтардың қа баты тереңдікке баяу түсе отырып, беті жас жаңа қалдықтардың қа батымен жабылады. Тереңдеген сайын, қабатта қысым мен температура ақырындап жоғарылайды. Микроорганизмдердің жойы луы нəтижесінде, биохимиялық процестер толығымен сөнеді.
Төртінші деңгей – мезокатагенез. Қалдық 3-4 км тереңдікке түседі, температура 150°С-ге дейін өседі. Органикалық зат белсенді термокаталитикалық дестркуцияға ұшырайды.
Бесінші деңгей – апокатагенез. Бұл деңгей 4-5 км тереңдікте, 180-250°С температурада өтеді. Қалдық қабаттардың тереңдігінің өсуімен бірге, мұнай алкандардың үлесінің артуымен қатар, төмен тем пературада қайнайтын көмірсутектермен байытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |