1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет46/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Физикалық қасиеттері. Мұнай – газтектес жəне қатты заттар еріген, сұйық көмірсутектердің табиғи дисперсті жүйесі. Сыртқы түріне байланысты, мұнай – қызыл-қоңыр, кейде қараға жақын немесе əлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Ультра-күлгін сəулелерден жарық шығаратын сұйықтық. Өзіне тəн исі бар, ол судан жеңіл жəне суда ерімейді. Мұнайдың тығыздығы 0,65-0,95 г/см3 аралығында, оның тығыздығы жоғарылаған сайын, қайнау температурасы арта береді. Қайнау температурасы 40-300°С аралығында, қату температурасы -20°С-тан 74 +20°С-қа дейін болады. Орташа молекулалық массасы – 250-300, жылу бергіштік қабілеті – 4000-4400кДж/моль. Мұнай сумен қосылғанда тұрақты, берік эмульсия береді. Электрлік қасиеттері. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырғыш) ретінде қолданылады. Мұнайдың электрлік кедергісі аса жоғары. Электр өткізгіштігі 2,10-10- 0,3·10-18см-1·см-1, диэлектрлік өткізгіштігі 2-2,5. Сусыздандырылған мұнай мен мұнай өнімдері диэлектрик болып табылады. Мұнай өнімдері бетінде статикалық электр заряды жиналады. Статикалық электр заряды жарқыл тудырып, қопарылуы немесе өртенуі мүмкін.
Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады.Бұл көрсеткіштер тұщы судың
тығыздығымен 1г(см)салыстырылады.Салмағына қарай мұнай, ауыр және жеңіл мұнай деп екі топқа бөлінеді. Жеңіл мұнайлар қатарына тығыздығы 0,9 гсм-ге дейінгі, ауыр мұнай қатарына тығыздығы 0,9 гсмжоғары мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарлаған сайын қабат температурасы арта бастайды.Ауыр мұнайлар100С-ден жоғары температурада қайнай бастайды.Ауыр мұнайлар құрамында 0,001-5,3 % кейде одан да жоғары мөлшерде күкірт, 0,001-1,8% азот, 0,7% оттегі, 10%- тен көбірек парафин,35%-ке дейін шайырлы заттар болады.
Мұнай фракциялық құрамына қарай бензинді- керосинді және бензин болып ажыратылады.Негізінде мұнай өз денесінен электр тоғын нашар өткізеді. Сонымен қатар мұнай суда ерімейді.Бірақ тұрақты эмуляция құруы мүмкін.

Мұнайдың жылу бөлу қасиеті 10400- 11000ккглкг шамасында.Жер қойнауындағы мұнайдың физикалық жағдайын оны жер бетіне шыққан қасиетімен салыстыруға


болады. Себебі жер астында мұнай шығаруда температура қабаттың Қысымен байланысты сақталады.Ал, мұнайды жер бетіне шығарудағы температурасы төмендейді,қысым бірге жойылады да, мұнайдан газ бөлініп шығады, мұнайдың көлемі кішірейеді.

Мұнайдың қабат бойындағы физикалық қасиеттерін білу, мұнай қорын есептеу, меңгеру жұмыс салаларында өте қажет. Мұнайдың физикалық қасиеттерінің бірі тұтқырлық. Мұнайдың тұтқырлық қасиеті, өндіріс саласында маңызы өте зор. Мұнайдың өндіру үрдісімен,оны құбыр арқылы


айдағанда жұмыс қарқынына көптеген әсер келтіреді. Тұтқырлығы төмен, жеңіл мұнайлар құбыр бойымен тез өтеді.Ал тұтқырлығы жоғары қою мұнайларды өндіру, жинақтау, құбыр арқылы айдау жұмыстарды қосымша еңбекті қажет етеді.

Негізінде мұнайдың тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар, оның құрамындағы парафин, шайыр және температурасы. Мұнайдың температурасы әртүрлі болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет