Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың педагогикалық алқалы органы.
Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағытталған шығармашылық белсенділігін дамыту.
Міндеттері: мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру; бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру; ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату; алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру.
Мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері педагогикалық кеңес мүшелері болып табылады.
Қажет болған жағдайда педагогикалық кеңес отырысына ата-аналар комитетінің төрағасы, оқушылардың өзіндік басқармасы органының өкілі, жекелеген оқушылар, ата-аналар, мектептен тыс ұйым қызметкерлері, базалық кәсіпорын, қоғамдық ұйым өкілдері және т. б. шақыртылуы мүмкін.
Өтетін айлары: тамыз, қараша, наурыз, мамыр, мамыр-маусым.
Мектеп директоры педагогикалық кеңес төрағасы болып табылады.
Бірінші педкеңесте бір оқу жылы мерзіміне хатшы бекітіледі.