1 Билет Оқыту принциптері мен заңдылықтары



бет1/18
Дата01.06.2020
өлшемі39,03 Kb.
#71935
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Гос экзамен по педагогике


1 Билет

1.Оқыту принциптері мен заңдылықтары

Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.

Оқыту заңдылықтары – құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс. Ол арқылы оқыту процесі іке асады.

Оқытудың ғылымилығы – ғылымда ашылған білімдерді білу, меңгерту, ғылыми білім беру.

Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі – ғылыми білімдер жүйелі және танымдық мүмкіндіктеріне қарай бәрәздә берілуі тиіс.

Саналылық және белсенділік принципі – білімді саналы меңгерту және өз бетімен жұмыс істеуге, таным белсенділігін арттыру.

Теория мен тәжірибенің байланысы принципі – оқытудың өмірмен байланыстылығын негіздейді.

Көрнекілік принципі – көру қабілеттері арқылы мәліметтерді есте сақтау (әр түрлі көрнекіліктер арқылы)

Оқытудың беріктілігі принципі – оқыту материалын түсіну үшін, материалмен жұмыс істеп, бекіту.

Ынталандыру принципі – сабақты қызықты еткізіп өткізу.

Ізгілендіру принципі – оқушыға ерекше сүйіспеншілікті талап етеді.

Мәселелік принципі – білім дайын түрде берілмей, ізденітен тұруы тиіс.

Интеграциялау принципі – әр түрлі пәндердегі негізгі принциптермен заңдылықтарды өзара бірлікте қарастыру.

Түсініктілік принципі – оқыту процесінде ең алдымен қарапайым материалды, одан кейін күрделіге көшу керек. Яғни, индукция заңын қолданамыз.
Оқыту принципін алғаш ұсынған – Я.А. Коменский

Көрнекілік принципін ерекше бағалаған – И.Г. Пестолоций

Оқытудың халықтық сипатын жасаған – К.Д. Ушинский

А.П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы, жас ерекшелік принципі.

Зерттеген ғалымдар: М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, И.П. Подласый, Т. Сабыров.
Оқыту принциптерінің заңдылықтары:

1.Оқытудың қоғам талабына сай өзгеріп, жаңаруы.

2.Білім беру, тәрбие, дамыту қызметтерінің бірлігі.

3.Мұғалім оқушының білім, іскерлік деңгейіне сүйенуі.

4.Оқыту мен оқу іс-әрекеттерінің бірлігі.

5.Жеке адамды үйрету – тек іс-әрекет арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет