Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа Жалпы мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі213,75 Kb.
#31121
түріСабақ


Айдымбаева Арай Болатовна

Алматы облысы Іле ауданы



№10 орта мектебінің ІІ-санатты мұғалімі

 Әдебиеттік оқу

Панорамалық сабақ 2 «Е»сынып

Сабақтың тақырыбы:

Шегіртке мен құмырсқа

Жалпы мақсаты:



Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту, ойын жүйелі айтуға меңгерту.

Міндеттері:

Білімділік: Мысалдағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам

бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді танып,баға беруді үйрену.



Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы

қасиеттерге тәрбиелеу.



Дамытушылық: Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе

білу дағдылырын дамыту. Оқушылырдың шығармашылық қасиеттерін

шыңдау.


Күтілетін нәтижелер

 1.Мысалды меңгере отырып, негізгі ойды түсінеді.

2.Жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді

ажырата алады.

3.Мысалдағы іс-әрекеттерге баға бере отырып, қорытынды жасай алады.

4. Ойларын ашық айту,шапшаңдыққа, нақтылыққа үйренеді


Тапсырмалар

Сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,әңгімелеу,Инсерт әдісі, Венн диаграммасы, кластер,рөлге бөліп оқу

Керекті жабдықтар:

Оқулық,моноблок,автор суреттері,слайд,мақал-мәтелдер,маркер т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы  әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

Топқа бөлу. Жылдың төрт мезгіліне қарай бөлінді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тыныштық сәті

        Психологиялық дайындық.

І. Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн, қонақтар

Қайырлы күн, достым,

Ашық аспан болсын!

Сейсенбінің күні, сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Мақсат қою

Әрбір адам қандай іске кірісседе ,ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме?

Бүгінгі сабағымыз сәтті болу үшін мыныдай мақсаттар қояйық:

-тыңдай білу

-салыстыру

-бір жүйеге келтіру

-талдау,қорытындылау

- Балалар бір сәтке көзімізді жұмайықшы! Айнала тыныштық. Ауа райында бір ызғарлылық сезіледі. Жан жағым аппақ , бейне бір тон жамылғандай. Басқан жерлері сықырлап . беттері домбығып кеткен балалар , ана жерде шулап шанамен ойнап жүр.

-Кәне балалар көзімізді ашайық. Жылдың қай мезгілі туралы әңгіме қозғалды? Қандай әсер алдыңдар? Олой болса біздің әдебиеттік оқу пәнінен оқып жатқан  бөлімізде  «Қыста талай қызық бар»



 

Оқушылыр қайталап айтады тыңдайды



«Алтын ереже»

-тыныштық сақтау

-бір-бірімізді сыйлау,тыңдау

-ұйымшылдықпен бірлесіп жұмыс жасау

 

Оқушылар көздерін жұмып, қиялдайды.



Шапалақтау


 Сынып бөлмесі

 

 Үй тапсырмасын тексеру



«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

Мазмұнын айтып береді.



Доп лақтыру ойыны арқылы ойналады.

1.Жазушы қысқы Нұра өзенін қалай суреттеген?

2.Эдуард қандай бала?

3.Эдуарттың ұлты кім?

4.Достық туралы мақал айт.

5.Досын құтқару кезінде оның қандай қасиеттері байқалды?

6.Қауіпті жағдайда Эдуард жылап қашса немесе қорқақтық жасаса,баланың жағдайы не болар еді?

7.Эдуардтың анасы туралы не айтуға болады?

Балалардың басты қатесіне болды деп ойлайсың?

Балаларға қандай ескерту ереже айтар едіңдер?




Сұрақтарға

жауап береді



 

Формативті бағалау

3 түсті ою-өрнекпен бағалау 

 

оқулық


 Жаңа сабаққа дайындық.

Қызғушылығын ояту.

Мультфильм көру

Ой қозғау

 

 



Биік болсын біздің санамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Біздер өсіп толамыз.

 Жұмбақтар шешу


  1. Қылдай белі бүгілген

Өзіненде жүгі үлкен    (құмырсқа)

  1. Өзі қара шекілдеп,секіреді секілдеп (шегіртке)

-ал енді балалар ненің суреті шықты?

Союзмултьфильм түсірген «Құмырсқа мен шегіртке» мултьфильмін көрсету.

-Кейіпкерлері жан-жануарлар болатын шығарманың түрін қалай атаймыз?


 Хормен дауыстап айтады.  

Жұмбақтың шешуін табады

 

 

 



 

Балалардың жауабы

Мысал.

Мысал дегеніміз-адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.



-Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. 


 

Шапалақтау




Қосымша материалдар


 

Мағынаны тану.

Кластер құру.

 Автормен таныстыру




Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?

Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын  жазамыз.


Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білеміз бе?

Қане кім айтады Абай кім болған

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген

. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.

   


-Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда  Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.



 Тыңдайды

Ақын, кемеңгер, данышпан,сазгер,

Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда.мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген –  мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші  шілдеде 59 жасында  қайтыс болған.

1796 ж 2 ақпанда Мәскеуде туылған Сатирик        ұлты орыс      ақын-жазушы. 


 


Қосымша материалдар 

 Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

«Ойлан Жұптас Пікірлес»

Сергіту сәті

Сөздік жұмысы

Ой толғаныс

Топпен жұмыс

Сахналық көрініс

Өлеңмен таныспас бұрын құмырсқа мен шегіртке туралы не білесіңдер.Соны қағазға жаза қойыңдар.
-Жарайсыңдар балалар, енді өлеңмен танысайық мен мәнерлеп оқимын сендер жақсылап тыңдап отырыңдар.

«Түртіп алу» әдісі

Сөздік жұмыс.

Сұрақ жауап арқылы талдау жүмысы

1.Шегіртке жазды қалай өткізді?

2.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?

3.Ол құмырсқаға неге келді?

Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?

Құмырсқаны ше?

- Құмырсқаның орнында болсаң, сен не істер едің?
Жұптас, ойлан, топтас, ортаға сал
- Кейіпкерлердің қайсысы ұнады. Неліктен?
- Шегіртке жазды қалай өткізді? Оқып беріңдер.
- Қыс түсісімен шегірткенің өмірі қалай өзгерді?
- Кімнен көмек сұрады? Құмырсқаға қандай өтініш айтты?
- Сендер Шегірткені аяйсыңдар ма? Жауабыңды түсіндір.
- И. А. Крылов осы мысалмен бізге не айтқысы келді?
- Шегіртке мен құмырсқа бейнелерінен адамдардың қасиеттерін көріп, байқауымызға болады ма?
- Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?

Осы мысалды неше бөлімге бөлуге  болар еді ?


«Маймылдар» биі

Сабан-орылып алынған бидайдың сабағы.Илеу-құмырсқаның үйі.Гөлайттап-жағдай , ахуал.Сауықшыл-тойшыл, сауыққұмар.Асырау-бағу, қағу

«Жаз» - Венн диаграммасы, «Күз» - шегіртке туралы не біледі, «Қыс» -құмырсқа туралы мәлімет айтады, «Көктем» - еңбек туралы мақал- мәтел жазады.

Әр топтан оқушылар шығып көрініс қояды.

Құмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттыларотрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.

Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады.





 Құмырсқа

 Шегіртке




 


 1. Өлеңді оқиды

2. Рөлге бөліп оқиды

3. Мазмұнын толық бір оқушы айтып шығады

Шегіртке   мен  құ мырсқа.                          

Күннің суытуы                      

Шегірткенің тоңуы

Құмырсқаны іздеп табуы              

Өкінуі
Оқушылар экраннан қарап би қимылдарын орындайды.

Топ басшылары тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды.


Сахналық көрініске дайындық жүргізу.


Оқушылардың жұмысын тамашалау.
Маскалар киіп сахналайды.

Оқушылар дайындап әкелген мәліметтерімен таныстырады.


Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беру


Кестені толтырады

 


Оқулық

Постерлары




Рефлексия

«Жетістіктер ағашы»

Мен үйрендім.... Менің қолымнан келді....Қиын болды....Мені таңқалдырды...Қызықты болды...

Оқушылар өздерін бағалайды.Үлкен алма ағашына жеміс – мен сабақты жақсы меңгердім,белсене қатыстым, гүл – мен сабаққа орта деңгейде қатыстым, жапырақ – сабаққа қатыса алмадым дегенді іледі.

 

 Сұрақтарға жауап береді.


Бағалау

  Формативті бағалау (түсті жұлдызшалар, ою-өрнектер)



      

 

 

 Келесі тапсырма беру

Өлеңді рольге бөліп оқу.Құмырсқа мен шегірткенің  суретін салып келу


Күнделікке жазады.

 

 

Айдымбаева Арай Болатовна
Алматы облысы, Іле ауданы 

№10 орта мектебінің ІІ-санатты мұғалімі 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет