9 «Б» сынып Өткізген: Акитбаева р н. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Дата25.01.2017
өлшемі70,09 Kb.
#7899
33 орта мектебі

Ашық тәрбие сабағы




9 «Б» сынып

Өткізген: Акитбаева Р Н.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

2014 жыл

Тәрбие сабағының Тақырыбы: Адам болам десеңіз...

Тәрбие сабағының мақсаты : Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі, жетіші қара сөзіндегі адамның жақсы және жаман қасиеттерінің мағанасын түсіну, өзін-өзі бағалай білуге, оқушыларды жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге тәрбиелеу, оқушылардың өзіне-өзі сын көзбен қарау қабілетін дамыту.
Сабақта кіріктірілген модульдер:

  • Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

  • Сыни ойлауға үйрету

  • Диалогтық оқыту

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру

  • Дарынды және талантты балаларды оқыту

  • Оқытудағы көшбасшылық


Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Абайдың кітаптарынан көрме, сабақтыңң эпигафтары- қанатты сөздер, слайд-презентация, музыкалық сүйемелдеу, таратпа қағаздар, жүрекшелер, стикерлер, смайликтер.
Сабақта қолданылған әдістер: өзін-өзі тану пәні әдістері (шаттық шеңбері, жүректен жүрекке), топтық пікірталас, СТО стратегиялары (топтастыру, бірлесе оқу, эссе, топ ішінде өзін өзі бағалау, болжау, сұрақ қою стратегиялары), рефлективті экран.
Тәрбие сағатының өтілу барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Кіріспе бөлім. Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру: шаттық шеңбері (музыкамен бір-біріне энергия жіберу). Жүректен жүрекке-бүгінгі сабағымыздың барысында бір-бірімізге тілектер тілейміз. Жарайсыңдар осындай көтеріңкі көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

(Таратпа қағаздар көмегімен оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу). Қағаз қиындыларын дұрыс құрғанда бүгінгі сабағымызда басшылыққа алатын қанатты сөздер шығады:



Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік.

Бәрінен жүйрік –

Ой.

Бәрінен дана –

Уақыт.

Бәрінен жеңілі –

Басқаға ақыл айту.

Бәрінен қиыны –

Өзінді өзің тану
ДҮНИЕДЕ ТЕҢІЗ ТЕРЕҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ ЖАНЫ ТЕРЕҢ. АДАМНЫҢ ШЫН МАҒЫНАСЫМЕН “АДАМ” БОЛУЫ ҮШІН ӨЗІН СҮЮІ, ЖАҚЫНДАРЫН СҮЮМЕН ҚАНАҒАТТАНБАЙ, ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫ СҮЮ ШАРТ”
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар сендерге өз таңдауларың бойынша «Адамгершілік», «Жақсы және жаман қасиеттер», «Рухани байлық», «Абайдың еңбектеріндегі адамгершілік тақырыбы» жөнінде эссе, өлең құрастыру тапсырмасы берілген.

4. Көсемдікке ұмтылу. Топтық жұмыс ережесін еске түсірейік.

А) Адам болам десеңіз... деген өлең жолдары Абайдың қай еңбегінен алынған? Кімнің есінде? (Бір оқушы жатқа мәнерлеп айтып береді)

Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеіңде бес асыл іс және бес дұшпан деп адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерді бөліп көрсеткенін білесіңдер. Кәне соларды еске түсіріп, ол қасиеттердің мағынасын талдап, ой жүгіртейік.

Әр топ талдап, алдарындағы параққа топтастыру жасайты. Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Б) Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Абайдың 7-ші қара сөзін тыңдау. Оқушылардың ойларын білдіруі.

Тән құмарлығы, жан құмарлығын топтастыру түрінде сызып көрсету топтық жұмысы.

В) Абайдың өлеңінде айтылмаған адамның бойында болатын жағымды және жағымзыз тағы қандай қасиеттерді білеміз. Топпен жұмыс. Тақтаға іліп қою.



  1. Ойланайық, пікірлесейік! (әңгімені талдау)

-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.) Әр бөлімін тыңдаған соң оқиға қалай өрбігенін топ ішінде талдап, өз пікірлеріңді білдіріңдер:
1 бөлім

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды.
2бөлім

Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.

«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:

3 бөлім

«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ



4 бөлім

балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын», -дейді.


Сұрақтарға жауап берейік:

-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.

-Әкесі неге қарапайым талап қойды?

-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?

-Жақын достарыңызды, ата-анаңызды, ұстаздарыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?

-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?

Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
5.Жақсы мен жаман қасиеттер. Жұмбақ.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі.
Көрініс «Екі қасқыр»:

Бір күні данышпан қария өзінің кіші немересімен әңгілесіп отырды.

-Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.

-Нашар адамдар болмайды-деді көсем. -Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?

-Түсінемін,- деді, атасының сөзі жан дүниесін дір еткізген бала.
Бала кішкене ойланып қалды да атасынан:

-Соңында қай қасқыр жеңеді- деп сұрады.



Данышпан сәл жымиып:
- Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді - деді.

Топ ішінде талдап, не түсінгендерін спикер айтады.


6.Өзіңді өзің тани біл.

Таратылған ақ қағазға өз бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін жазады. Ортаға дөңгеленіп тұрып алында тұрған оқушының бойындағы қасиеттерін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.


Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.
7. Бағалау. Топтық жұмысымызда өзімізді-өзіміз бағалайық. Топта оқушылар «Бас бармақ» әдісімен өздерінің бүгнгі сабақтағы жұмысын бағалайды.

8. Қорытынды рефлексия.
Көңіл-күй рефлексиясы: Смайлик көмегімен сабақ соңындағы көңіл-күйін бейнелейді.
Мұғалімнің қорытындысы: Абайша «Адам болам десеңіз», бойыңа барша жақсы қасиеттерді жинап, тән құмарлығынан жан құмарлығын жоғары қойып, бес нәрседен қашық болу, бес нәрсеге асық болу арқылы, талмай еңбектену арқылы ақыл, біліммен толысып, ата-ана, ұстаздар, құрбы құрдастарыңды сыйлап, құрметтеу қажет. (оқушылардың ойын тыңдау)




Каталог: uploads -> doc -> 089b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
089b -> Білім беру саласы: Қатынас Оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
089b -> Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көртүрлілігі. Жәндіктер. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет