Пән: Балалардың бос уақытын ұйымдастыру әдістемесі Тақырыбы



Дата02.11.2022
өлшемі42,17 Kb.
#156264
түріКонкурс
Байланысты:
10 тақырып


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Пән: Балалардың бос уақытын ұйымдастыру әдістемесі
Тақырыбы : Конкурстық бағдарламалар, конкурстық бағдарламаларды ұйымдастыру.

Оқытушы: Турганова М.М.


Студент: Балтабекова Б.Г
Тобы: МҚқ221
2021/2022
Конкурстық бағдарламалар, конкурстық бағдарламаларды ұйымдастыру. Пішіндерді таңдау мәселесі. Іс-шараларды дайындауға және өткізуге әсер ететін балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеру.
Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі баланың тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына қарамастан оған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы кешенді тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы тығыз ынтымақтастықта іске асады. Егер отбасы мен мектепке дейінгі ұйымда балаға қойылған талаптар келісілмесе, онда жақсы дағдылар мен қасиеттерді тәрбиелеу қиынға соғады.
Қазақстандық ғалым-психологтар Ж.И. Намазбаева, Л.С. Пилипчук, С.Ж. Омирбекова, Л.О. Сарсенбаева, Т.М. Шалгимбаев, , К.М. Арымбаева және шетелдік ғалымдар А. И. Захаров, А. Н. Демидова, О.Л. Зверева, Е. П. Арнаутова және басқаларының арнайы психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулері отбасына мектепке дейінгі жастың барлық кезеңдерінде мамандар көмегінің қажеттігін дәлелдеді. Сонымен бірге баланың толыққанды дамуы үшін өзіндік ерекше қызметтерге ие мектепке дейінгі ұйым және отбасы бір-бірімен өзара тиімді ықпалдастықта болуы қажет. Бұл мәселенің өзектілігі – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен белсенді ықпалдастыққа баулу.
Мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйым мен отбасының арасындағы ықпалдастықтың заманауи түрлері мен әдістерін қолдануда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету; - ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстыру; - ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту; - отбасылық тәрбиенің үлгілі тәжірибесін, жақсы отбасылық дәстүрлерді тарату. Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс түрлері».
Ата-аналармен заманауи жұмыс түрлерін қолдану мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналардың бірлескен еңбегімен балаларды әлеуметтік- мәдени нормаларға, мемлекеттің, қоғамның және отбасының дәстүрлеріне тартуға ықпал етеді.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі отбасы бала туылғаннан бастап шынайы себептерге байланысты балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда мәселелерінде кәсіби педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды қажет етеді. Ата-аналардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді.
Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі: 1. Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен таныстыру. 2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеу және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау. 3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту. Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді: - ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері; - балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі; - мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай тәсілдер құруға негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет