Астана қаласы
№ 53 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі:
Мустафина Алмагүл Зияшқызы
Күні:
Пән: Әдебиеттік оқу пәні
Сынып: 2 « А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:«Шегіртке мен құмырсқа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Абай ата туралы мағлұматты кеңірек беру,шегіртке мен құмырсқа мысал өлеңінің мазмұнын ашу,мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыта отырып,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,еңбек ете білуге баулу.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,білімділікке,еңбек етуге,жалқаулықтан аулақ болуға,табиғатты қорғай білуге,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау,топтастыру,әңгімелеу,венн диаграммасы.
Көрнекілігі:А.Құнанбаев,И.В.Крылов суреті,шегіртке мен құмырсқаның макеті,үнтаспа.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,ән-саз.
Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен сабақты қайталау.
«Жеміс бағында» әңгімесін сұрау.
III. Үй тапсырмасын бекіту,бағалау.
IV.Жаңа сабақ.
V.Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар жасыру.
Ине бел,қылқа мойын,қара батыр
Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (шегіртке)
-Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңімен танысамыз.
VI. Топтастыру стратегиясы.
-Балалар,Абай Құнанбаев кім және ол қай жерде,қай жылы дүниеге келген?
-Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
-Тағы не білеміз?
ақын
1845-1904
кемеңгер
сазгер аудармашы
әжесі Зере
әкесі Құнанбаев
ШҚО
Семей өңірі
анасы Ұлжан
«Шегіртке мен құмырсқа» өлеңін Абай атамыз орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.
Мұхтар Әуезов екі халықтың ұлы ақындары туралы былай дейді.
«Қазақ тілінде Крылов мысалдарын аударып,біздің халықты оның мысалдарымен алғаш таныстырушы Абай еді.Ол Крыловтың шығармаларының қасиетін ерте танып,аудара бастаған. «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен түлкі», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа» сияқты мысалдарын жақсы аудару арқылы Абай Крыловты өз халқына мейлінше танытты»
Ой қозғау.
Өлеңді үнтаспадан оқымас бұрын ой қозғайық.Біз шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді көз алдымызға елестетіп айтып шығайық.
Миға шабуыл.
Тірі табиғат,жәндік,секіреді,ән салды,шөп,жапырақ жейді.
Тірі табиғат,дән,күшті,кіші,бунакденелі,жіңішке,ұйымшыл.
Серіктесімізбен ой бөлісу.Білетінімізді тізіп айтайық,енді өлеңді үнтаспадан тындайық.
Достарыңызбен бөлісу: |