Құлсары қаласы
№ 15 жалпы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Юханова Анаргул Базарбайқызы
Пән: дүниетану
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу , өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сабақтың ұраны:
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық».
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде , күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз.
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
- Алға қадам жасау үшін біз өткен тапсырманы еске түсірейік.
- Қазір жылдын қай айы?
- Ол жылдың қай мезгіліне жатады?
- Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?
- Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын ата
- Бақбақтың сабағы қандай?
- Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата
- Сабақтың атқаратын қызметі?
- биік, жуан сабаққа мысал келтір.
Достарыңызбен бөлісу: |