Пәні: Биология Сыныбы: 6 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Өсімдіктердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы оқушыларға түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз беттерінше жұмыс істей алуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірме қағаздар, плакаттар, смайликтер, ноутбук
Пәнаралық байланыс: география, экология, музыка
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер: Сұрақ- жауап, қарлы кесек ойыны, көршіне айтып бер стратегиясы
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық ахуал . Жақсы тілек, жылы жүрек (бір - біріне жылы лебіздер білдіру)
2) Үй тапсырмасын пысықтаудағы тапсырмалар:
"Қарлы кесек ойыны" (музыка ойнап тұрады)
- Жемістер қандай топқа бөлінеді (шырынды және құрғақ)
-Тозаңдану дегеніміз не? (атлық тозаңның аналықтың аузына түсуі)
-Тозаңдану кандай топтарға бөлінеді? (айқас және өздігінен)
-Гүл бөлімдерін айтып бер (гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша, күлте,аталық пен аналық)
-Фотосинтез дегеніміз не? (Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс)
- Өсімдіктердің тыныс алуына орта факторлар әсер ете ме?(жылу, су, топырақтың құрылымы)
- Жер бетіндегі жасыл өсімдіктердің рөлін ғарыштық деп атаған кім? ( К.А.Тимирязев)
-Көмірқышқыл газы ауа көлемінің неше пайызын құрайды? (0,03)
-Ауадағы оттектің көлемі неше пайыз? (21)
-Жер бетіндегі тіршіліктің барлығы неге тәуелді? (күнге)
Оқушыларды топқа бөлу.
Биологиялық диктант.
Барлық жасушалар және тірі ағзалар ... алады. Өсімдік тыныс алу кезінде ... сіңіріп, ... шығарады. Жарықтың әсерінен жапырақта ... түзіледі. Қант қараңғыда суда еріп ... тарайды . Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты ... дейді.
Жаңа сабақ: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары Көршіне айтып бер стратегиясы
1- топ : Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және зат алмасу ретінде қажет.
Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты.
Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады . минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.
Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады, тұқымның ұзақ тыныштығы кезінде де өсімдікте су болады.. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады. . Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады
2- топ: СУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі.
Ксерофиттер_деп_ылғалдың_көп_мөлшерде_жетіспейтін'>Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімдеушіліктер тән сыртқы қабықшасының қалың болуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды , жақсы жетілген тамыр жүйесін түзеді.
Ксерофиттер- топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. Олардың тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады.
Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер топырақта ылғал орташа , жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесінжәне мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.
Гидрофиттер -деп жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар қалыптасады.
Гигрофиттер - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ олар салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, нашар жетілген болып келеді. Гигрофиттер екіге бөледі. жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш( көпжылдық шөптесін өсімдіктер) жапырақтар деп бөледі. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.
Берілген мәтін бойынша топ арасында жұмыс жасайды Постерге жазады тақтада қорғайды
Жаңа сабақты бекіту:
1. Ксерофиттер А. ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.
2. Мезофиттер Ә. құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған өсімдіктер
3. Гидрофиттер Б. бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктер
4. Гидатофиттер В. теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер
Оқушыларға бір біріне сұрақтар қойғызу.
Қорытынды: Рефлексия
"Білім ағашы" (стикерлерге ойларын жазу)
Не білемін?
|
Не үйрендім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
Үйге: « Суды қорғау» мәтін дайындау.
Бағалау: смайликтер арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |