САБАҚ:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
«Менің атым Қожа» хикаятынан үзінді
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: «Менің атым..», «Жолдама жайында» бөлімдерімен танысып, «қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, талқылау жұмыстарын жүргізеді.
Кейбір оқушылар: Хикаяттағы кейіпкерлерді анықтап, іс-әрекеті арқылы образын ашады.
|
Бағалау критерийлері:
|
«Менің атым..», «Жолдама жайында» бөлімдерімен танысып, «қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, талқылау жұмыстарын жүргізе алады.
Хикаяттағы кейіпкерлерді анықтап, іс-әрекеті арқылы образын аша алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:
жолдама, лагерь, фамилия, үлгілі, тәртіпті оқушы
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушылар бойында адамгершілік, бауырмалдық сынды адами қасиеттерге қалыптастыру.
|
Сабақта қолданатын әдіс -тәсілдер
|
«Еден, төбе, мұрын», «Ішкі, сыртқы шеңбер», «Ойқозғау», «Қарлы кесек», «Кім тапқыр?», «Аяқталмаған сөйлем»
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, өзін-өзі тану
|
Алдыңғы білім
|
Б.Соқпақбаев өмірі. Хикаят
|
Жоспары
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин.
|
Амандасу
Кезекшімен жұмыс жүргізу
«Еден, төбе, мұрын» ойыны.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, талқылау.
|
|
Сабақтың ортасы
25 мин.
|
ІІІ. Жаңа тақырып
«Ойқозғау». Суретпен жұмыс.
«Менің атым Қожа» фильмі жайлы оқушылардың білетіндерін сұрау. Фильмдегі басты кейіпкер туралы, фильм сюжеті жайлы сұрау.
«Менің атым Қожа» хикаяты жайлы қысқаша түсінік беру.
«Менің атым...», «Жолдама жайында» бөлімімен мен танысу.
«Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар бөлім бойынша сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.
Дескриптор:
Оқыған бөлім бойынша сұрақтарды жүйелі құрастырады;
Сұрақтарға нақты дәлелмен жауап береді;
Бірін-бірі тексеріп, бағалайды, қателіктерін түзеп үйренеді.
«Менің атым..» бөлімі бойынша өз есімінің мағынасын баяндап жазу.
«Жолдама жайында» бөліміндегі кейіпкерлердің портретін анықтау.
Кейіпкерлер
|
Іс-әрекеті
|
Портреті (образы)
|
Қожа
|
|
|
Жантас
|
|
|
Майқанова
|
|
|
Дескриптор:
Кейіпкерлерді анықтайды;
Үзіндіден кейіпкерлердің іс-әрекетін табады, талқылайды;
Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы портретін ашады.
«Кім тапқыр» ойыны. Берілген үзінділердің кімге тиесілі екенін анықтаңдар.
Лагерге жолдама. Біз лагерге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке алуға қалатын болдын. (Жантас)
Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.
Немене, жолдама алдың ба? (Жантас)
Өмір дегенді ойлап отырсаң, қызық нәрсе. Бірі мен бірінің қалайда тұзы жараспайтын кереғар жаралған адамдар болады. Майқанова екеуіміз соның дәл өзі секілдіміз. Біздің кикілжіңіміз күзде, ол осында мұғалім болып келген бетте-ақ басталды. (Қожа)
Дескриптор:
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Сабақтың соңы 5 мин
|
Үйге тапсырма: «Ағаттықтың азабы», «Түбінде адам болатын бала» бөлімдерін оқу.
Бағалау:Сабаққа қатысқан белсенділіктері бойынша смаиликтер арқылы бағалау.
Рефлексия:«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша оқушылар сабақты қорытындылайды.
|
|
Бекітемін:
Қолы:
Достарыңызбен бөлісу: |