Білім беру ұйымының атауы
|
«№ 15 жалпы білім беретін мектеп» КММ
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
Бөлім:
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Ахмет Гүлзира
|
Күні:
|
20.02.2024ж
|
Сынып: 4 Қ
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Ашық сабақтың тақырыбы:
|
Күзгі құс керуені
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
|
Сабақтың мақсаты
|
1. Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалай алады
2. Мәтін талдайды, шығармашылық жұмыс жасай алалды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
2 минут
Жаңа білім
30 минут
Бекіту
5 минут
|
Психологиялық ахуал.
«Сенің есімің»
Ортаға шеңберге жиналып, допты бір-біріне лақтыра отырып, өздерінің есімінің бастапқы әрпіне сәйкес сөздер айтады. Мысалы: Аружан- ақылды, Жасұлан-жылдам т.б
Топқа бөлу
Қауырсында жазылған құс атауы арқылы топқа бөлу: сұңқар, бүркіт, қарлығаш, жағалтай.
Жаңа тақырып
Бейнебаян арқылы тақырыпты ашу
-Жылы жаққа ұшқан құстар қалай ұшады?
-Құстар керуенінде қай құс көбірек күш жұмсайды екен?
«Құс керуені» мәтіні
Автор туралы мәлімет.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
(1897-1961) 1897жылы 28қырқүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Қазақ жазба әдебиетінің тарланы, жазушы, ғалым, драмматург,аудармашы, зерттеуші, ұлағатты ұстаз,ірі суреткер, Қазақстандағы тұңғыш футбол командасының ойыншысы, публицист,аса ірі қоғам қайраткері, филологияғылымдарының докторы, профессор.
-Автордың қандай шығармаларын білесіңдер?
ФС тапсырмасы
«Домино» әдісі
Қағазға жазылған мәтінге байланысты сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіреді немесе өздері сұрақ құрастырып қоя береді.
Үлгі
1\2 домино: Жолда әкеммен кезіктім. Әкем маған жолда нелер туралы әңгіме айтып берді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |