Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет1/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Шұбарши орта мектебі

«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»

(курсының бағдарламасы)

География пәні мұғалімі: Телимова Акерке Исаевна

2016 жыл

«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ саяхатшылар»

Түсінік хат

«Материктер мен мұхиттар зерттеуші географ – саяхатшылар» элективтік курсы 7 кластарда география пәніне қызығатын, саяхатшы зерттеушілердің өмірі, ашқан жаңалықтары мен зерттеулері, саяхаттары туралы көбірек білгісі келетін, оқулықтан тыс материалдарды оқып, білуге құштар оқушылар үшін жазылған.



Бағдарлама 34 сағатқа құрылған, аптасына 1 рет.

Бұл курста оқушылар ежелгі дәуірдегі, орта ғасырдағы және Ұлы географиялық ашылулар мен ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтарды ашуға негіз болған саяхатшылар және олардың зерттеулері, қол жеткізген нәтижелері туралы оқып, біле алады.

Оқушылар осы курсты меңгере отырып, география пәніне деген қызығушылығының артуы мен қатар, жан – жақтылық пен көп білуге, батыл да ержүректілікке, шыдамдылық пен қайсарлылық секілді қасиеттерді бойына сіңіреді.

Осы курста оқушылар мына мәселелерден хабардар болады:



  • Саяхатшылардың өмірі.

  • Саяхатшы – зерттеушілердің саяхаттары.

  • Зерттеушілердің ашқан жаңалықтары.

  • Қол жеткізген нәтижелері.

  • Саяхаттарының маршруттары.


«Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар» курсының

Мақсаты:

  • Оқушыларға саяхатшылардың өмірі және қызықты да күрделі саяхат жолдары, зерттеген жаңалықтары жайлы тереңірек білім беру.

  • Оқушыларды саяхатшылар секілді батыл да ержүрек, қайсар да шыдамды болуға және жан – жақтылыққа баули отырып, танымал тұлғалардан үлгі алуға үйрету.

  • Өз бетімен ізденістерін дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың зерттеушілер және олардың зерттеулері туралы толығырақ білуіне көмектесу.

  • Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру.

  • Балаларға өз тарихымызға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Ел мен жер тарихын меңгерген жан- жақты сананы қалыптастыру.

  • Оқушылардың біліктері мен дағдыларының жетілуі.


Курстың бағдарламасы



Сабақ тақырыбы

Сағат саны


1

Римдік ғалым Страбонның саяхаты

1

2

Марко Поло

1

3

Х.Колумбтың төрт экспедициясы

1

4

Васко до Гама

1

5

Америго Веспуччи

1

6

Фернан Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты

1

7

Фрэнсис Дрейк

1

8

Абель Тасман

1

9

Джеймс Кук

1

10

Витус Беринг

1

11

Беллинсгаузен мен Лазаревтің саяхаты

1

12

Руаль Амундсен

1

13

Миклухо – Маклай

1

14

Джон Кабот

1

15

П.П. Семенов – Тянь – Шаньский

1

16

Н.М. Прежевальский

1

17

Ш. Уалихановтың зерттеулері

1

18

Александр Гумбольд

1

19

Скот Роберт Фолкон


1

20

Афанасий Никитин 

1

21

Крашенинников Степан Петрович


1

22

Генри Гудзон


1

23

Мартин Бехайм


1

24

Виллем Баренц


1

25

Томас Уитлам Аткинсон

1

26

Григорий Николаевич Потанин


1

27

Джек Филлип


1

28

Ибн Баттута


1

29

Крузенштерн Иван Федорович

1

30

Врангель Фердинанд

1

31

Антоний Дженкинсон 

1

32

Николай Константинович Рерих

1

33

Жюль Верн 

1

34

Семен Иванович Дежнев

1













Барлығы:

34 сағат

1 – тақырып.

Римдік ғалым – Страбонның саяхаты

Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы. “Географияның” 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық

кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған

бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 – 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 – 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік БалқанГрекия; 11 – 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 – 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады.

.

2 – тақырып.



Марко Поло

Марко Поло, итал. Marco Polo (1254, Венеция — 1324, сонда) — Италиясаяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған.

 1271 — 75 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасы Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина,Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы 

3 жылдан асажол жүріп, Пекинге жеткен. 1271-1275 ж.ж.олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден Қытай құрлығына табан

тіреді. Қытайда  17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияныайналып өтіп, Жерорта т. арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. М. П. еңбегі бүкіл Азия, Солт. Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге, картографтарға, жазушыларға айтарлықтай әсер етті.Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 — 15 ғ-ларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып, Азия картасын жасауға негіз болды. 15 — 16 ғасырларда испан және португал экспедицияларын ұйымдастырушылар М. Полоның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне



жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды. Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды:» Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді. Қарапайым және өте көрікті халық ...»





Каталог: uploads -> doc -> 06a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a0 -> Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге мақтанышымыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет