Армысыздар! Мен 11 А сынып оқушысы Қожаахмет Балжан.Бүгінгі баяндайтын тақырыбым «Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл еңбегі» кітабы жайлы».
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді… деп басталатын Тіл құралы кітабы қазақ тіл білімін қалыптастырды.
Алғаш «Тіл – құрал» үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған. Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, əр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған
Бірінші тіл танытқыш кітап:Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914), екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: Сөйлем жүйесіментүрлері (1923). Барлығыда Орынбордажарықкөрген. Əдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл – құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта əріптер, буындар, əріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса, жеткілікті екенін айтады.
«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралының» орны айрықша.
Қазір зат есім, сын есім,етістік сияқты лингвистикалық атауларды бастауыш сынып оқушысыда біледі.Бұл сөз таптарынсыз қазақ тілінің іргетасы қаланбайтын да еді. Ал бұл атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұл атаулардың сәтті шыққандығын олардың күні бүгінге дейін қолданып келе жатқандығымыздан көруге болады.
Ал Рабиға Сыздықова «Тіл құралы» кітабы жайлы:
Ахмет Байтұрсынұлы- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құралында қолданылуға тиісті əдіс-тəсілдердің қандай жолмен оқытылуы керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Мысалға кітапта мынандай сөз жазылған
Балаларға көп үйретем деп,асығып шала-шарпы үйретуден гөрі,аз болса да ,анықтап нық үйрету абзал.
Міне осыдан ақ Ахмет Байтұрсынұлының ұлы ұстаз,ал Тіл құралы тілтану саласындағы орны айрықша кітап екенін білеміз.
Назарларыңызға рахмеет!