Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
«Әліппені» оқытудың үш кезеңі қамтылған. Олар – «Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең. Осының екі кезеңі «Әліппе» оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде «Ана тілі» оқулығы бойынша жүргізіледі. Бұрынғы оқулықта «Әліппеге» дейінгі кезеңге көп көңіл бөлінген. Қазіргі оқытылып жатқан пәннің ішінде де осы ерекшеліктерге тоқталған, бірақ өз ерекшеліктері нақты оқуға байланысты берілген. Содан кейін ата-аналардың түсініспеушілігін тудырып жатқан тұстары бар. Оның бәрі қаперге алынып, қазіргі оқулық баланың физилогиялық жас ерекшелігін ескере отырып дайындалуда. Ең маңыздысы – «Әліппе» кезеңі. Онда әріп, дыбыс пен буындар үйретіледі. Сондықтан осы кезеңге баса назар аударылған, – деді Ш.Каринова.
Бұрын «Әліппемен» қоштасу желтоқсан айында өтетін. Қазіргі принцип те осыған негізделді. Одан әрі қарай «Ана тілі» оқулығына көшіп, оқушының сөз талғамы, сөзжасамын дамыту осы кезеңде жүргізіледі.
«Әліппе» 105 жылдан кейін, яғни 2016 жылдан бастап мектеп табылдырығын аттайтын оқушыларға оқытылмайтын болып, оның орнына «Сауат ашу» оқулығы енгізілген еді. Осыны еске салған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Манара Адамова ендігі оқулықтың қалай оқытылатынын атап өтті
Достарыңызбен бөлісу: |