Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары»



Дата22.05.2022
өлшемі24,01 Kb.
#144536
түріСабақ
Байланысты:
ПРАКТИКА ЕСЕБ


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПРАКТИКА (СЕМИНАР) САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Тақырыбы бойынша «Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті сөз тіркесі».


Пән :Қазақ тілі мен әдебиеті
Өткізу түрі :практикалық
2021-2022 оқу жылы

Құрастырушы : Арынаева Самал Арынайқызы


БББ шифры мен атауы: «7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті »

Педагогикалық практика жетекші: Ф.ғ.к.,аға оқытушы Қалыбеков Б.Е.

Сабақ тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті сөз тіркесі


Жалпы мақсат: білімділік – оқушыларға синтаксис туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру. дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту; тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып Синтаксис –гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы,басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы ретінде түсініледі. Тілдің ойды білдіреті ең кіші бөлшегі-сөйлем. Сөйлем сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады. Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады. Жаттығумен жұмысКөшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызып көрсетіңдер. «Кім көп біледі?» ойыны Ойынның шарты мынадай. Бірнеше жазушылардың шығармаларын атап шығамын, оқушылар кімнің шығармасы екенін табады. Әдеби шығармалардығы кейіпкерлерді табу.
Сергіту сәті Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан. Оқушылар сергіп, демалады
Шығармашылық жұмыс
Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады? Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше? Тіл білімі неше салаға бөлінеді? Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет