Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет14/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

Тянь-Шаньды зерттеу...


Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты.Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай... мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ... Ыстықкөлдің көк суы... қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы). Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан Тәңірі осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.

16 – тақырып.

Николай Михайлович Пржевальский


Пржевальский Николай Михайлович[1] 

(31 наурыз(12 сəуір). 1839Ресей, Смоленск губ.

Кимборово ауылы — 20 қазан(1қараша). 1888ҚырғызстанҚарақол қаласы) — Орталық Азиянызерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор (1886). Петербург Бас штаб академиясын бітірген (1863). 1864 — 67 ж. Варшава юнкерлер уч-щесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867 — 1869 ж. Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870 — 1885 ж. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған 4 экспедициясын басқарды. поэтика Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында қайтыс болды. поэтика бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, АлашаньТакла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді; Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, т.б. жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абауылы биіктіктері мен 63 астрон. пункттің орны анықталды; жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрлері сипатталып жазылды, 18 мың өсімдіктер және көптеген минералдардың бағалы коллекциялары жиналды. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) ашылды. 1886 ж. Петербург ҒА П-ді “Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге” деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. поэтика есімімен Куньлунь тау жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталған. Үздік геогр. зерттеу жұмыстарын марапаттауға поэтика атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. П-ге Санкт-Петербургте және Ыстықкөлдің жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған. Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой реки, М., 1948.



Жасаған саяхаты туралы... 1870 ж. Орыс географиялық қоғамы Орталық Азияға экспедиция ұйымдастырды.Моңғолия мен Қытайдың шөлдерімен және тауларымен экспедиция жетекшісі Пржевальский 11800 шақырым жерді басып өтті.Ол Гоби, Ордос және Алашан шөлдерінің ,солтүстік Тибет таулы аудандарының,Цайдам шұңғымасының егжей-тегжейлі сипаттамаларын жасады.Сонымен қатар алғаш рет Орталық Азия картасына жиырмадан астам шоқыларды,жеті ірі және бірқатар ұсақ көлдерді енгізді.Ол еуропалықтардың арасында алғаш рет солтүстік Тибеттің ішкі аймақтарына дейін тереңдеп барды. Кешікпей Пржевальский екінші саяхатына шығуға бел байлады.Оның жолы Тянь-Шань мен Тарым өзені арқылы Лобнор көліне дейін жетті. Үшінші саяхатына ол 1879 ж. Тибеттегі Нань-Шань арқылы аттанды және Көгілдір өзен аңғарына шықты.Осы сапары кезінде ол ғылымда әлі беймәлім болып келген жылқылардың түрін сипаттады,бұлар кейіннен оның құрметіне Пржевальский жылқысы деп аталды. 1883-1886 ж.ж оның төртінші саяхаты ұйымдастырылды:Тибетті басып өтіп,Сары өзеннің бастауын зерттеді,осы жерден Қаракөл қаласына (қазіргі Пржевальск) қарай жүрді.1888 ж. Пржевальский Самарқанд арқылы орыс-қытай шекарасынан келіп шықты,осы жерде аң аулап жүріп сүзек дертіне шалдықты.Кешікпей ғалым көз жұмды.Ұлы саяхатшыны Ыстықкөлдің жағасына жерледі.Орыс географиялық қоғамы Н.М.Пржевальский атындағы алтын медаль тағайындаған . Қосымша: Н.М.Пржевальский Тибеттің тарихи шаһары-Лхасаға баратын жолды тапты.Бірақ ол қала маңына жақындай алмады:оның жасағы Тибет билеушісі Далай-ламаны ұрлап әкету үшін жіберілген деген дақпырт тарады. Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой

Каталог: uploads -> doc -> 06a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a0 -> Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге мақтанышымыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет