1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.
«Әкеге қарап ұл өсер...»
Оған әке-шешесі Нұрсұлтан
деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Оқу орындары
- 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Атқарған қызметтері
1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Президенттің әр жылдарда атқарған жұмыстарынан...
2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыруды жергілікті әкімдерге тапсырды. «Жол картасы» бағдарламасы жүргізілді. 12-13 маусымда БҚО «Белес Агротраст диірмен кешеніне» арнайы іс сапармен келіп, Зеленов аудан тұрғындарымен кездесті.
2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Халықпен бірге
Астананың бас сәулеткері-тұңғыш Президент
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы);
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы;