Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет1/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

ӘОЖ 908 (063) 

Қ68 

 

Редакциялық кеңес: 

Техника ғылымдарының докторы, профессор  Валиев Х.Х., философия ғылымдарының докторы, профессор  Колдыбаев 

С.А.,  филология ғылымдарының докторы Әбсадықов А.А.,  ауыл  шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жарлығасов Ж.Б., 

экономика  ғылымдарының    докторы  Жиентаев  С.М.  ,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ким  Н.П.,    тарих 

ғылымдарының докторы Айтмұхамбетов А.А. = Редакционный совет: доктор технических наук, профессор Валиев Х.Х., доктор 

философских наук, профессор Колдыбаев С.А., доктор филологических наук Абсадыков А.А., кандидат сельскохозяйственных 

наук Жарлыгасов Ж.Б., доктор экономических наук  Жиентаев С.М., доктор педагогических наук, профессор Ким Н.П.,  доктор 

исторических наук, Айтмухамбетов А.А.  



Қ68 

«Қостанай жері: тұлғалар, оқиғалар, фактілер» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай 

облысының 80 жылдығына арналған жинақ - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2016г, 446 

б. =  Сборник посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан и 80-летию Костанайской области «Костанайская 

земля: люди, события и факты» - Костанай: Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова, 2016., 446 с.

 

 

              



 

    


ISBN  978-601-7387-44-0 

 

«Қостанай  жері:  тұлғалар,  оқиғалар,  фактілер»  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  мен  Қостанай 



облысының 80 жылдығына арналған жинақ. 

Жинақта  Қостанай  облысының  тарихи-мәдени  мұрасына  қызығушылықты  арттыру  мен  қалыптастыру  мақсатында 

мұрағат  мәліметтеріндегі  облыс  тарихы,  өлкетанушылық  әдебиет  өлкенің  әлеуметтік-мәдени  мұрасын  сақтаудың  ақпараттық 

көзі ретінде, Қостанай облысының өткені, қазіргісі, болашағы бойынша ғылыми мақалалары ұсынылған. 

  

Жинақ материалдары ғылыми, мәдени, мұрағат мекемелерінің қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, жоо-дары, орта 



және орта кәсіптік оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдары, докторанттар мен магистранттар, өлкетанушылар, 

мемлекеттік  қызметкерлеріне    де    пайдалы  болуы  мүмкін=  В  данном  сборнике  представлены  материалы  посвященный  25-

летию Независимости Республики Казахстан и 80-летию Костанайской области «Костанайская земля: люди, события и факты». 

                 

В  сборнике  представлены  научные  статьи  по  историко-культурному  наследию  Костанайской  области,  истории 

области  в  архивных  источниках,  краеведческой  литературе  как  информационном  ресурсе  сохранения  социально-культурной  

памяти края, прошлое, настоящее, будущее Костанайской области. 

Материалы  данного  сборника    могут  быть  интересны  работникам  научных,  культурных  архивных  учреждений, 

научным сотрудникам, профессорско-преподавательскому составу вузов, сузов, школ, докторантам, магистрантам, краеведам, 

а так же госслужащим. 

.  

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                

ӘОЖ 908 (063) 

                                                                                                                                                                            

 

 

Авторлардың  пікірі  редакциялық  кеңес  көзқарасына  сәйкес  болмауы  мүмкін.  Қолжазбалар  рецензияланбайды  және 

қайтарылмайды. Тапсырылған материалдар үшін жауапкершілік авторларға жүктелген. Материалдарды қайта басып шығаруда 

конференция материалдарына сілтеме жасау міндетті.= Мнение авторов не всегда отражает точку зрения редакции. Рукописи 

не  рецензируются  и  не  возвращаются.  За  достоверность  предоставленных  материалов  ответственность  несет  автор.  При 

перепечатке материалов ссылка на журнал обязательна. 

 

 

 



 

 

 



 

 ISBN 978-601-7387-44-0 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

© А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті,  2016 

© Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова,  2016 

МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ТАНЫЛҒАН ТҦЛҒА 

 

Әбішева  Г. - «Рудный  қалалық  мемлекеттік  архивы»  «Қостанай облысының  мемлекеттік  



архивы» ММ  филиалының  архивисі  

 

Қала  тарихына  және  Соколов-Сарыбай  кен–байыту  комбинатының  ардагерлері,  Рудный 

қалалық  мемлекеттік  архивындағы  Рудный  қаласының  еңбек  сіңірген  жұмысшыларының  жеке 

тектік құжаттар қорындағы Лисаков және Рудный қалаларының Құрметті азаматы, «Тау-кен ісі» 

кафедрасының  доценті,  «Шахтер  даңқы»  белгісінің  толық  иегері  Кусембаев  Хаир  Нұрпейсұлының 

және Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» орденінің, «Шахтер Даңқы» 

белгісінің  иегері  Әлсабыр  Тұрғынбайұлы  Дәрменбаевтың  отбасылық  қорына,  олардың  ұлағатты 

ӛмірлері мен еңбек жолдарына арналады.  

Кілт  сӛздері:  Рудный,  Соколов-Сарыбай  кен–байыту  комбинаты,  жеке  тектік  құжаттар 

қоры, Кусембаев Хаир Нұрпейсұлы, Әлсабыр Тұрғынбайұлы Дәрменбаев, отбасылық қор. 

 

Биылғы  жылы  Тәуелсіз  Қазақстан  үшін  тарихи  оқиғаларға  толы  жыл  болғаны  баршамызға 



мәлім.  Нақтырақ  айтсақ,  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы  мен  Қостанай  облысының  ӛзіндік  қалыпта-

суына 80 жыл. 

Ӛңіріміздің  құрылу  тарихында  Солтүстік  Қазақстан  орталығындағы  ең  ірі  ӛндірістік  аймақ  - 

Рудный қаласының алар орны айрықша. 

Оның  тарихы  -  темір  рудасымен,  сонымен  қатар  Соколов-Сарыбай  кенімен  және  ең  сапалы 

шикізаттарды ӛңдеп шығарудағы Қазақстандағы ең ірі мекеменің бірі болып табылады.  

Рудныйдың  тарихы  аспан  кӛгінен  басталды.Ұшқыш  Михаил  Григорьевич  Сургутановтың  еңбе-

гінің  арқасында  ірі  магнетит  кенінің  орындары  ашылды.  Болашақ  қаланың  тағдыры  1954  жылы 

Соколов–Сарыбай кен–байыту комбинатын салу үшін алаң таңдаумен бірге шешілді. 1956 жылғы 30 

мамырда елді  мекен комбинатты салу  кезінде Рудный  деген атауы бар жұмысшы поселка санатына 

жатқызылды. 1957 жылы 30 тамыздағы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумы Жарғысымен Қостанай 

облысының Қостанай ауданының Рудный жұмысшы поселкесі  облысқа бағынышты қалаға ӛзгертілді 

және Рудный қаласы деген атау берілді [1, б.4]. Қаланың Рудный деп аталуының ӛзіндік қызықты та-

рихы бар. «Соколоврудстрой» тресінің құрылысшылары поселкелерін осылай деп атайтын. Алғашқы 

кеншілер  оны  Рудногорск  деп  ӛздерінше  атайтын  және  бұл  атау  мейлінше  байсалды  естіледі  деп 

санайтын.  Трестің  және  комбинаттың  басшылары  әртүрлі  органдарға  хат  дайындаған  кезде  кері 

мекенжайды жазғанда «бӛтен»  атауды сызып тастап, әрқайсысы ӛздері таңдаған атауды кӛрсететін. 

Бұл мылтықсыз майданға «Огонек» журналының 1955 жылғы он тӛртінші нӛмірі нүкте қойды. Мәскеу-

ден  келген  «Огонек»  журналының  арнайы  тілшісі  Владимир  Полынов  поселкеде  біраз  мекендеп, 

кеншілер  мен  құрылысшыларды  суретке  түсірді,  ал  ӛзі  жариялаған  очеркте  былай  деп  жазды:  «Бұл 

қала карта бетінде жоқ, тіпті оның атауы да жоқ. Бірақ жаңа Магнитка пионерлері Рудный атауы оған 

ең лайықты атау деп санайды». Очерктің ӛзі «Рудный поселкесі» деп аталатын. 

Журнал саны еліміздің түкпір-түкпіріне тарап кетті, енді бірдеңені ӛзгерту қиынға соғар еді. Ӛйт-

кені  Кеңес  Одағының  әр  түкпірінен  жаңа  құрылысқа  ниеттенген  хаттар  ағылып  келіп  жатты,  мекен-

жайы  Қостанай  облысы,  Рудный  қаласы  деп  кӛрсетілетін.  Осы  кезде  жұмысшы  поселкесіне  ресми 

мәртебе беру мәселесі кӛтерілді, оның атын белгілеу керек болатын. Халық Рудный деп атап кеткен-

нен  кейін  құжатты  дайындаушылар  бұл  шешімді  құптады.  Шиелініске  толы  бұл  сұраққа  комбинат 

директоры Николай  Фаддеевич Сандригайло былай  деп жауап берді:  «Осылай шешеміз! Облыстық 

және республикалық атқарушы комитетке осылай деп ұсынамыз». 

1955  жылғы  жазда  ҚазКРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумі  Жарлық  шығарды,  онда  былай  жа-

зылды:  «Қостанай  облысы  Қостанай  ауданы  ССКБК  құрылысы  жанындағы  елді  мекен  жұмысшылар 

поселкелері  санатына  жатқызылсын,  оған  «Рудный  жұмысшылар  поселкесі»  атауы  берілсін».  Осы 

Жарлықта жұмысшы поселкесінің шеңберіне Комсомольск елді мекені де енгізілген болатын. 

Бір жыл ӛткен соң 1957  жылғы 30 тамызда Республика Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумі Рудный 

жұмысшылар  поселкесін  Рудный  қаласы  деп  ӛзгертті.  Сол  уақыттан  бері  Рудный  қаласы  Қостанай 

облысындағы және республикамыздағы ірі ӛнеркәсіптік және мәдени орталық болып ӛсті [4, 1,4].  

Иә, солай болары әбден мүмкін еді, себебі Рудный – бұл комбинат қала (кеңес дәуірінде қаланы 

«қала - зауыт» деп атаған болатын). 

Рудный  –  алып  ӛнеркәсіптік  қуат  пен  мәдени  –  тарихи  даралық  ұштасқан  таңғажайып  қала. 

Қазақстаннан  тыс  жерлерде  Рудный  алып  кен-байыту  комбинаты  орналасқан  қала  ретінде    әйгілі. 

Биылғы жылы қаламыздың құрылғанына 59 жыл  болды. 

 

Бүкілодақтық құрылысқа келген мыңдаған жастар маң далада кен–қала , бақ–қала, ертегі–қала 



тұрғызды. 2004 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ССКБК»  АҚ 50 жылдық 

мерейтойымен құттықтай отырып, былай деген еді: «90–ыншы жылдардың ауыр кезеңдеріндегі мем-

лекеттер арасындағы байланыстар үзілген кезде  комбинат толық тоқтаудың шегінде тұрған болатын 


МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



және осы жағдайдан шығу жолдарын іздестіру қажет болды. Егер осы мекеме болмаса, Рудный елес-

қалалардың біріне айналары сӛзсіз еді...»[1, б.20]. 

Қала және адам! Қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі?  Әрине адам! Ол бәрінің де басы, бәрінің 

бастамасы. Қаланың қалай болатыны, қалай тіршілік ететіні, қалай дамитыны, соған ғана байланысты. 

Геологтар  келіп  кен  ашса,  ал  құрылысшылар  жолдар  мен  зәулім  үйлер  мен  мықты  комбинатты 

тұрғызды. 

Кеншілердің  кезегі  келді,  металлургияға  ӛнім  шығару  басталды.  Адамдар  келген  жерде  –  қала 

бой кӛтереді.  

Рудный  кӛпұлты  қала.  Ӛйткені  ССКБК  мен  Бүкілодақтық  екпінді  комсомолдық  құрылыс  болып 

жарияланған  болатын.  Бойын  қиял  мен  талпыныс  билеген  жастар,  осы  жерге  Кеңестер  Одағының 

түпкір-түкпірінен  жиналды  [1,б.34].  Қаланың  тағдыры  республикамыздағы  ірі  кен-байыту  ӛнеркәсіп 

алыбының бірі, Рудный  қаласының  кен  ӛндіруші кәсіпорны болып табылатын Соколов-Сарыбай  кен-

байыту  Ӛндірістік  бірлестігімен  тығыз  байланысты.  «Соколов-Сарыбай  тау-кен  байыту  ӛндірістік 

бірлестігі» - Қазақстан Республикасының темір кенін ӛндіру және байыту бойынша жетекші кәсіпорын. 

Оның құрамына Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкӛл кеніштері кіреді. Сарыбай  карьері  әлемдегі ең 

қуатты  карьерлердің бірі. Еңбек жолының бәрі осы қаламен, ондағы ірі кәсіпорын – Соколов-Сарыбай 

кен  байыту  ӛндірістік  бірлестігінің  ӛмірімен  еңбек  жолын  бастаған,  бойында    жастық    жігері  бар  жас 

мамандар  жұмысқа  келіп  еңбек  етті.  Жылдар  ӛте  сол  жылдары  еңбек  еткен  жұмысшылардың  аты 

тарихта қалды [4, б.8]. Рудный қаласының мемлекеттік архивы тәуелсіздік алған жылдары  1992 жылы 

ашылған болатын. Міне, содан бері 24 жыл ӛте шығыпты. Осы уақыт аралығында архив қоры мейлін-

ше  толыға  түсуімен  қатар,  тарихи  және  мәдени  мәні  зор  жәдігерлерді  жинау,  іздестіру  ісі  үздіксіз 

жүруде.  Тарих  қана  ұрпақтар  үндестігін  жалғастырып,  уақыттар  арасындағы  ӛзара  байланыстар  мен 

ӛзара  әрекеттесуді  қамтамасыз  етеді.  Архив  шегіндегі  құжаттарды  топтастыру  қоғам  ӛмірінде  үлкен 

қызмет атқарады. Мемлекет, республика, қала, мекеме тарихын жазғанда  іс қағаздары ақпараттық та-

былмас қайнар кӛзі бола алады. Архивымызда 1999 жылы Рудный қаласының еңбек сіңірген жұмыс-

шыларының  жеке  тектік  құжаттар  қоры  ашылған  болатын.  Ашылған  қорға  алғашқы  болып  Лисаков 

және Рудный қалаларының Құрметті азаматы, «Тау-кен ісі» кафедрасының доценті, «Шахтер даңқы» 

белгісінің  толық  иегері,  ССКБК  ардагері  Кусембаев  Хаир  Нұрпейсұлының  құжаттары  қабылданған 

болатын [6, б.1-3].  

Кусембаев Хаир Нұрпейсұлы 1913 жылы 15 наурызда Целиноград облысы Атбасар ауданының 

14 аулында туған

.

. Атбасарда тӛрт сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген. Ӛзінің  еңбек жолын 1931 



жылы    қазақтың  алғашқылары  болып  Магнитогорск  тау-кен  комбинатында  құрылысшы  болып 

бастаған. Жұмыс істей жүріп  Хайыр Нұрпейсұлы Магнитогорск тау- кен институтын аяқтап шығады. 

Дипломды, жігерлі жас кейін де  жауапты қызметтер атқарады. 1942-1955 жылдары участок бас-

тығы, Жезді және Атасу темір-марганецкен орнының алғашқы директоры болды. 1955 жылы Соколов-

Сарыбай кең-байыту комбинатының ауысып (Х. Н. Кусембаевты бағыттау туралы еңбек кітапшасынан 

кӛшірмесі) 8 жыл комбинаттың бас инженері болып қызмет атқарды [9, б.129,130]. 

Хайыр  Нұрпейсұлының  қатысуымен  Рудный  қаласында  Қазақ  полетехникалық  институтының 

бӛлімшесі ашылды, ӛзі де институтта лекция оқыды. 1963 жылы Хайыр Нұрпейсұлы Лисаков – Қашар  

кең-байытатын комбинатының директоры болды.  1963 бастап 1970 жылдары бойынша оның басшы-

лығы  кезеңі  ішінде  Лисаков  кең-байыту  комбинатының  бірінші  кезектегі  кен,  байытатын  фабрикасы 

салынды. Автомобиль және темір жолдары ӛткізілді, электр берудің жоғары вольттік линиясы тартыл-

ды.  Қызыл-Жар  және  Жоғарғы-Тобыл  су  қоймасы  салынды.  1967  жылы  кеніш  қызметін  бастады,  ал 

1968 жылы «Лисаковскрудстрой» тресі құрылған болатын. Қиын кең-геологиялық жағдайларда үйінді 

жұмыстар  мен  оржолдын  ӛткелінде  мықты  адымдағыш  экскаваторлардың  техноголияларын  енгізу, 

зерттеу  мен  жетілдіруі  оның  кандидаттық  диссертациясының  тақырыбы  болды.  Ол  сонымен  қатар 

техникалық ғылымдардың кандидаты, ІІІ дәрежелі «Шахтер  даңқы» белгісінің толық иегері болды [7, 

б.4-5]. Хайыр Нүрпейсұлы жұбайы екеуі жеті бала тәрбиелеп ӛсірген. Балалларының бәрі де жоғары 

білім алған.  

Архивтағы  Рудный  қаласының  еңбек  сіңірген  жұмысшылары  қорындағы  Кусембаев  Хаир  Нүр-

пейсұлының құжаттарынан 2016 жылдың ақпан айында  «Ер еңбегі – ел есінде» атты кӛрме әзірленіп 

оның тұсау кесері қаламыздағы ӛлкетану мұражайында болды. Кӛрменің ашылу салтанатына  Хайыр 

Күсембаевтың қызы да қатысты.  

1956 жылы Алматыдағы Қазақ кен-металлургиялық  институын бітіріп, КСРО қара металлургия 

министрлігінің жолдамасы бойынша енді салынып жатқан Соколов–Сарыбай кен байыту комбинатына 

Әлсабыр  Тұрғымбайұлы  Дәрменбаев  та  жұмысқа  келеді.  ӘлсабырТұрғымбайұлы  1933  жылы  Ақтӛбе 

облысының Ырғыз ауданының 25–ші  ауылында, қазіргі  «Нұра»  ұжымының ізі  Қызылкӛл мен  Шолақ-

кӛлдің сағасында дүниеге келген. Жас шағы бұрынғы «Жаңа дәуір» колхозында ӛтеді. Әкесі  Дәрмен-

бай Еспенбетұлы заманында Ырғызда белгілі азамат болған кісі.Сол үшін 1937 жылы «халық жауы» 

деген ат тағылып, 10 жылға айдалған, содан қайтып оралмаған.Соғыс кезінде анасы Қалшимен бірге 

колхоз  шаруашылығына  араласып,  жастығына  қарамастан  еңбектің  әр  саласында  аянбай  жұмыс 

атқарды.  «Еңбек  шыққан  жерден    тӛзімде  шығады»  деп,  Мұхтар  Әуезов  айтпақшы,  бәріне  шыдады. 


МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



Майданнан келген «Үшбұрыш» хаттарды жеткізу үшін атқа мініп, күніне 70 шақырымға дейін жол жүр-

ді. Масақ терді, сиыр бақты, тырмашы болды, сүт пен майдың есебін алды, не керек «Бәрі де майдан 

үшін,  бәрі  де  жеңіс  үшін!»  деген  ұранмен  еңбек  етті.  Қайратын  жанып,    қайсарлықпен  алға  ұмтыл-

ды.1945 жылы Жеңіс кӛктемін ерекше қуанышпен қарсы алып, оқу мен білімге ден қойды.1951 жылы 

оныншы сыныпты үздік бітіріп, ӛзінің  оқуға деген  талабы арқасында Алматы қаласындағы Қазақтың  

тау-кен институтына  түсіп, оны 1956 жылы аяқтағаннан соң тау-кен  инженері ретінде  бүкіл Одаққа, 

Қазақстанға белгілі ірі ӛндіріс орны Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатына жұмысқа орналасты [8, 

4,5] . 


1956 

– 2000 жылдары – Сарыбай кенорынының кен шебері, ауысым бастығы, кен учаскесі бас-

тығының кӛмекшісі, Қостанай халық шаруашылығы кеңесінің ӛндірістік техникалық бӛлімінің инженері, 

аға  инженері  болып  еңбек  етті.  Сондай-ақ  оңтүстік  Соколов  кенішінің  бас  инженері,  бастығы,  ССКБК 

бас  инженерінің  орынбасары,  сыртқы  –  экономикалық  байланыстар  бӛлімінің  бастығы,  «ССКӚБ»  АҚ 

президентінің кеңесшісі. «ССКӚБ» АҚ-тың Ардагерлер кеңесінің тӛрағасы (2001 ж). «ССКӚБ» АҚ-тың 

Директорлар кеңесі Тӛралақасының мүшесі (2003 ж.) қызметтерін де абыроймен атқарды. 

Қостанай  облысының  Павлов  кент  кеңесінің  депутаты  (1958),  Рудный  қалалық  кеңесінің 

депутаты (1962 – 1966) болған [1, б.424]. 

Әлсабыр Тұрғынбайұлы ӛзінің еңбекқорлығының арқасында кӛптеген ордендер мен грамоталар 

мен марапатталды.  «Еңбек Қызыл Ту» Ордені, «Шахтер  даңқы» белгісінің   толық  иегері. Қазақстан 

Республикасының еңбегі сіңген кеншісі, Рудный қаласы, Қостанай облысының, Ақтӛбе облысы Ырғыз 

ауданының  құрметті  азаматы,  Н.  Назарбаевтың  алғыс  хаты    жоғарыда  айтылған  деректердің  дәлелі 

болып табылады [8, б.10,11,12,13,14,15]. 

Әлсабыр Тұрғынбайұлы рудныйлықтар үшін бүгінгі таңда Соколов-Сарыбай кен-байыту бірлес-

тігі ардагерлер кеңесінің тӛрағасы ретінде құрметке бӛленуде. 

Бала  күнінен  минералдар,  тастар,  қазбалар  сиқыры  баурып  алған  ағаның  жүрген  жолдары 

осылай ӛрнектелді. Еңбекпен ӛрнектелген Әлсабыр Тұрғынбайұлының ӛмірін жастарға мадақтау мақ-

сатында қаламыздағы №7 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушыларына «Еңбекпен шыңдалған асыл 

тұлға»  атты  тағылымы  мол  сабақ  ӛткіздік.  Сабақтың  мақсаты  қарапайым    еңбек  адамының  үлкен 

ерлігін насихаттау.  

Болашақ  ұрпақ  осы  ағалардан  үлгі,  ӛнеге  алып  жатса,  қазақтың  кӛгінде  талай  жұлдыздыр 

жарқырап тұрады. 

Қорыта  келе,  Рудный  қаласында  оның  қалыптасу  тарихындағы    ӛзіндік  орны  бар  тұлғалардың 

есімін  болашақтың  мәңгілік  ұмытпайтынына  сенімім  мол.  Халқымызда  «Қарты  бар  елдің  қазынасы 

бар»  деген  нақыл  сӛз  бар.  Бүгінгі  еліміздің  кӛркейіп-гүлденуі,  ұрпақтарымыздың  шат-шадыман, 

бақытты тұрмысқа кенелуі, әрине, аға ұрпақтың маңдай терінің, елге сіңірген еңбегінің жемісі екендігі-

не сӛз жоқ. Ендеше ел мерейін ӛсірген қарияларымызды әрқашанда аялап, оларды мейірім шуағына 

бӛлеу  –  бүгінгі  ұрпақтың  міндетті  парызы  екенін  ұмытпайық.  Рудныйлықтар  ӛздерінің  сүйікті  қаласы 

кімнің қолымен тұрғызылғанын жақсы біледі, сонымен қатар ол азаматтарды құрмет тұтады. 

 

Әдебиеттер: 

1. Кенді қала кітабы Алматы қ. 2007 ж.  

2. «Кімнің Кім екені Қазақстанның ӛнеркәсіп саласы» кітабы Алматы қ. 2008 ж. 424 бет. 

3. Рудный қаласына – 50 жыл журналы  

4. Рудный 55-жыл журналы Қостанай қ. «Баспа үйі» 2012 жыл.  

5. Қостанай облысының 70-жылдығына  арналған  «Алтын  дала»  кітабы Алматы қ. 2015 ж. 158-

160 бет.  

6.  Рудный  қалалық  мемлекеттік  архивындағы  Рудный  қаласының  еңбек  сіңірген  жұмысшыла-

рының жеке тектік қоры (бұдан әрі – РҚМА 71-қор, 1-тіз., 1-іс) № 71  Х. Н. Кусембаевтың құжаттарының 

алғыс сӛзі. 

7. РҚМА 71-қор, 1-тіз., 1-іс.,1-тіз., 3-іс. П. 4 – 5,  

8. РҚМА 71-қор, 1-тіз., 9-іс. П. 10– 15. 

9. «Мы горняцким единством сильны...» ССКӚБ АҚ-ның 60 – жылдығына арналған кітабы Аста-

на қ. 2014 ж. 71 – 72 бет., 129 – 130 беттер. 

 

 

 



 

 

МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



БӚРЛІ  ҦЖЫМШАРЫНЫҢ  ТАРИХЫНАН 

 

Бекетаева  З.Ж.  -  «Қарабалық  ауданы  әкімдігінің  білім  бӛлімінің  Бӛрлі  орта  мектебі»  ММ, 

тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі 

 

Аталған жұмыста автор Қарабалық ауданының бұрынғы орталығы болған Бӛрлі селосының 

тарихы мен кейін ұжымшар аталып, оның бӛлімшелерінің ӛткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі және 

селоны ӛркендетуге  үлес қосқан тұрғындар жайында мәлімет береді.  Барлық тарихи кезеңдерден 

ӛткен елді мекен жайында сӛз қозғалады.  

 

Сӛздік: 

«Айқап» - журнал атауы (1911-1915 жылдар арасында шығып отырған) 

Бӛрлі - село атауы 

Жарсор - Тастыӛзек ауылы орналасқан кӛл атауы 

Талды - Бӛрлі астықты кеншарының 4-бӛлімшесі 

Тастыӛзек - Бӛрлі астықты кеншарының 3-бӛлімшесі 

Песчанное (Шӛлгі) - Бӛрлі астықты кеншарының 2-бӛлімшесі 

«Ленин колхозы» - Тастыӛзек ауылының атауы 

 

Бӛрлі  селосы  1913  жылы  құрылған  бұрынғы  Қарабалық  ауданының  орталығы.  1932-1936 

жылға  дейін  Ақтӛбе  облысы,  Қостанай  уезі,  ал  1938  жылдың  29  маусымынан  Қостанай  облысының 

құрамына  енді.  Село  «Үлкен  Бӛрлі»  кӛлінің  жағалауында  орналасқан.  Екінші  –«Кіші  Бӛрлі»  кӛлі  се-

лодан 5 км қашықтықта орналасқан. «Бӛрлі» - «бӛрілі» деген сӛздің ӛзгерген түрі. Бұл жайында аңыз 

бар.  Аңыз  бойынша,  Ұлы  Жібек  жолы  басталғанда  екі  кӛл  ортасымен  керуен  жолдары  ӛткен.  Ке-

руеншілерге қасқырлар тобыры жиі шабуыл жасап, шығындар мен қиыншылықтар әкелген. Сондықтан 

да бұл елді мекен «Бӛрілі», «қасқырдың мекені»  (Бӛрлі) деп аталып кеткен.  

Біраз уақыт ӛткен соң кӛл жағалауына 1000-ға жуық үйлер салынып, адамдардың тұрақты елді 

мекеніне айналды. Билік байлар мен дін қызметкерлерінің қолында болған. Әсіресе Әміржақып деген 

кісі ықпалды болды. Ол Қазан қаласында діни семинарияны бітіріп, емшілікпен айналысқан. Бӛрлі сол 

уақытта  аймақтың  мәдениет  орталығы  болған.  Соған  сәйкес  мектеп,  мешіт  жұмыс  жасап  отырған. 

Сауатты  азаматтар    Троицк  қаласында  шығып  отыратын  «Дала»  газеті  мен  «Айқап»  журналдарын 

оқып,  ӛлкеде  болып  жатқан  жаңалықтарды  біліп  отырған.  Байлардың  балалары  Троицк,  Уфа,  Қазан 

қалаларындағы мектеп, медреселерде білім алған. Революция жылдарында Айтуганов А., Нургалиев 

С,  Дусмайлов  Ж  белсенділік  кӛрсетіп,  1918  жылы  Бӛрліде  Кеңес  үкіметі  орнады.  Артынша  коммуна 

мектептері ашылып, 1923 жылы Айтмеков пен Айдангировты Ташкентке оқуға жібереді.  

Халқының    кӛбі  қолдан  соғылған,  тӛбесі  қамыспен  жабылған,  қабырғасы  саз  балшықпен 

сыланған  үйлерде  тұрған.Үйді  қамыспен,  отынмен,  малдың  кепкен  тезегін  жағып  жылытқан.    Тӛбесі 

қаңылтырмен жабылған 19 үй саналған.  Ауыз  суын құдықтан алып пайдаланған. Жолы ойлы-қырлы, 

шұңқырлы  болды.  Жеті  жылдық  мектеп,  амбулатория,  клуб,  пошта,  радиобайланыс,  наубайхана, 

диірмен  жұмыс  істеп  тұрған.  Барлық  колхоздар  сияқты  Бӛрлі  де  ұжымдастыру  мен  аштық  жылдары, 

жаппай жазалау, Ұлы Отан соғысы жылдарының, одан кейін тың игеру мен «тоқырау жылдары» мен 

«қайта  құру»  сияқты  тарихи  кезеңдердің  бел  ортасында  болған.  Аштық  пен  жаппай  жазалау  жылда-

рында  жүздеген  адам  саяси  үрдістің  құрбандары  болды.  Ұлы  Отан  соғысына  500-ден  астам  адам 

шақырылып, жартысынан кӛбі майдан шебінде қаза тапты. Ал қалғандары туған жердің экономикасын 

кӛтеруге ат салысты.  

1954 жылға дейін Бӛрлі колхоз атанып, кейін 1991 жылға дейін «Бӛрлі астықты кеншары» деп 

аталды.  Сонымен  қатар  «Шӛлгі»,  «Тастыӛзек»,  «Талды»  сияқты  бӛлімшелері  болды.  Тың  игеруге 

дейін небары бес кӛше: Амангелді, Совет, Чапаев, Пролетар, Комсомол болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет