2\3 домино: Құстар туралы әңгіме айтып берді. Күзде қандай құстар легі ұшып өтеді?
3\4 домино: Үйрек, қаз,тырна, аққу сияқты құстар легі ұшып өтеді. Жылы жаққа ұшқан құстар қалай ұшады?
4\5 домино: Олар биік ұшады. Тоқтамастан қанша шақырымға дейін ұша береді?
5\6домино: Жүзден аса шақырымға дейін ұша береді.
Жылы жаққа ұшқан құстар қандай ретпен ұшады?
6 \7домино:Құстар тізбектеліп, топтасып, үшбұрыштанып ұшады. Әр топтың алдында жолды жақсы білетін, өте тәжірибелі, қонатын, тамақтанатын орынды белгілейтін бірнеше құстар болады, сол құстарды қалай атайды?
7\8 домино: Жолды жақсы білетін, өте тәжірибелі құсты жолбасшы деп атайды. Аспандағы ауа қабатының кедергісін құстар қалай жеңеді?
8 \9домино:Олар қанаттарымен ауаны жарып, соңындағыларға жол салып отырады. Жолбасшы салған жолмен ұшу оның соңындағы құстарға жеңіл болады. Тез шаршаған жолбасшыға қандай көмек береді?
9\10 домино: Ондай кезде оны басқа жолбасшы ауыстырады, ал шаршаған жолбасшы үйірдің соңынан ілеседі. Өзің тұратын өлкедегі қыстап қалатын құстарға қандай көмек керек?
Сергіту сәті: «Кім жылдам?» музыка әуені қосылғанда топпен 1 минут ішінде суреттің ішінен жануарлар санын анықтау
Топтық жұмыс «Ноутбук» әдісі
Ноутбук шаблонында тапсырмалар берілген.
1 топ: Құстың қима суретін құрастырып, осы құстың атынан жылы жаққа ұшқандағы жолдың қиындығын жаз.
2 топ: Құс суретін құрастырып, құрастырған құсыңа «Мен адамның досымын» тақырыбында қысқаша монолог жаз
3 топ: Әңгімедегі құстардың ерекшелігін жазыңдар және өзің тұратын жердегі қыстап қалатын құстарға қандай көмек керек екенін жаз.
4 топ: Мәтін бөліктерін ажырат және мәтінге жоспар құр.
«Сұрақтар шеңбері» Оқушыларға айналма шеңберде сұрақтар беріледі.
1.Мұхтар Әуезовтың қандай шығармасын оқыдың?
2.Құс керуені деп нені айтады?
3. Құс туралы мақал білесің бе?.
4.Қандай құстың дауысы?
5. Ең биік ұшатын құстарды ата?
6.Құс керуені мәтінінен өзіңе қандай ой түйдің?
7.Құрмалас сөйлемді аяқтап айт.
Құстар топтасып, қиқулап ұшып, ... келіп жатыр.
8.Мұхтар Әуезовтың қай шығармасынан алынған үзінді?
«Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды»
9.Алыс жаққа бет алған құстар неліктен жерге сирек қонады?
10.Жеті қазынаға жататын құсты ата?
11.Құстардың жылы жаққа ұшуынан өзіңе қандай жаңалық білдің?
12.Мұхтар Әуезов қай спорттың ойыншысы болған?
Оқушылар өздерінің есімінің бастапқы әрпіне сәйкес сөздер айтады.