Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Орындаған: Әжіқұрман А.Б
Тексерген: Кенжебекова Э.П
Алматы 2020
Статистикалық бақылау мәліметтерін жинақтау және топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау — статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептеледі және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады.
Оның негізгі мақсаты –
статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
Статистикалық жинақтаудың түрлері
Статистикалық жинақтау
Ақпаратты өңдеудің тереңдігі бойынша
.
Жай
Күрделі
Ақпаратты өңдеудің нысаны бойынша
.
Орталықсыз дандырыл ған
Орталықт андырыл ған
.
Орындалу техникасы бойынша
Машина мен жинақтау
Қолмен өңдеу
Жай жинақтау дегеніміз –
жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.Бұл - жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студентгердің санын есепке алып, қосамыз.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы – Орталықтандырылған, бұнда барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы баланың тууы, адамның өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуга болады.
Орталықсыздандырылған, бұнда алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, шаруашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды көрсеткіштері облыстық статистика басқармасына тапсырылады. Ал облыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтерінің қорытынды көрсеткіштерін ҚР Статистика агенттігіне тапсырады.
Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде статистика органдарында электронды есептеу машиналары мен компьютерлер түгелге жуық қолданылуына байланысты қолмен жинақтау тәсілі сирек қолданылады.
Мәліметтер екі түрлі тәсілмен – қолмен және машинамен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап, бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады.
Күрделі жинақтау деп
алдынала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.Мысалы, республикамыздағы студенттердіңь жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбір жоғары оқу орындарындары оқитын студентгерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т.с.с.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады. Статистикалық топтау әдісі деп,қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бірбірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.
Топтау әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:
Жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;
қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;
қоғамдық құбылыстар мен процестер арасыңдағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.
Жинақтау жүргізудің кезеңдері
I. Мәліметтерді алдын ала бақылау, яғни бастапқы деректерді тексеру II. Берілген белгілері бойынша деректерді топтастыру, туынды көрсеткіштерді анықтау III. Ақпараттарды қолайлы түрде қабылдау үшін жинақтау нәтижелерін ресімдеу (статистикалық кестелерді, графиктерді құрастыру)
Деректерді топтастыру (жинақтаудың негізгі операциясы)
Таңдап алынған өлшемдеріне сәйкес бірдей жалпы белгілері мен ұқсас өлшемдері бар бірліктер жиынтықтарын өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай анықталған топтарға біріктіру Топтау нәтижелері топтау кестелерінде ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |