Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары т.б.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтайды. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыланады.
Жолда жүру мәдениетін қалыптасады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг . «Күлкі шуағында»
2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.
Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 - топ – «Қызыл» 2 - топ – «Сары» 3 - топ -«Жасыл» .
Жұмбақ шешу
Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда. Бағынамыз әмәндә. Шешуі: бағдаршам
Ендеше бағдаршамымызды ортаға шақырайық
Алуа: Бағдаршам суретін мойнына іліп айтады
Мен боламын бағдаршам
Егер маған қарасаң
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.
Рефлексия. Қорытындылау
«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!
«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |