1-оқушы (Аида) Наурыз көктем тойымыз! Той дәмі мол тойыңыз. Күн ұзарар жылынып, Өсер біздің бойымыз. Төлдеді де малымыз, Тамыр жайды талымыз. Наурыз өнер жарысын, Бастады жас, кәрі үшін. Тойын жасар ел енді, Қуанышқа бөленді. Жаса Наурыз дәстүрлі.
2-оқушы (Айым) Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы жыр-аңыз. Қызып дулы мереке, Қызып думан құраңыз. Күн әкелген жыл керім, Күллі дүние жайдары. Желпілдетіп гүлдерін, Жер анамыз жайнады. Наурыз шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз. Ән салып жас, кәріміз, Би билейіек бәріміз!
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Ау, аман ба, Жараңдар! Алтын таңға қараңдар, Ерте жайнап атты таң, Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым қуанып, Рақатын тапты жан. Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз. Күннің жаңа нұры бар, Мұның ғажап сыры бар! Халық сүйген мейрам – бұл Қарсы алайық, тұрыңдар!
(Бәрі орнынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан Жаңа күн Наурызды қарсы алады)
Наурыз қыз: (Алтынай құлпыра жайнап шығады)
Сәлем ата-аналар! Айналайын, балалар! Қызыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда. Уақыт үдеп, келдім мен, Бақыт тіліп адамға! Қудым жерден суықты, Қыдан салқын бу ықты. Гүлжайнаған көктемде, Гүлден сыйлық көп менде. Әне гүлдер келеді, Ән сап, билеп береді.
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы ананың, Қуанышы ғаламның, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап, қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Қол соғады барша жұрт.
(Көрермендер қол соғады, Наурыз қыз оларға бас иіп, ізет білдіреді, көңілді күй)
Наурыз қыз: (Алтынай)
Ашық болса Күніміз! Ашылады нұрымыз. Бай, тұлғалы өңірде, Айтылады жырымыз. Күн менен түн теңелді, Гүлмен жерді жайнатып, Гүлдендірем мен енді. Жайнатамын гүл-гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Мерейлі жұрт тойласын, Мейрам етіп бұл күнді.
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Ау, Жараңдар, келіңдер! Той қызығын көріңдер!
(Наурыз безендірілген гүлді таққа отырады. Жиренше шешен келеді).
Жиренше: (Нұрқанат)
Той әкелген ғаламға, Наурыз айым аман ба? Бас иеміз, бабамыз- Бас иемін саған да. (Жұртқа қарап) Барша, жұртым, аман ба? Құтты болсын Наурыз! (бәрі, төрлетіңіз Жиренше)
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Келдің шаршап аластан, Төрлет, шешен-данышпан!
Қожанасыр: (Ілияс)
Арайы да даланың, Амансың ба, жаңа күн! Сәлем, Халқым тірегім! Сендермен бір жүрегім! Орындалды ойларың, Құтты болсын тойларың!
(Бәрі.Мың жаса, Қожанасыр)
Наурыз қыз: (Алтынай)
Әзіз жұртқа үзік сыр- Әңгімеміз –қызық жыр.
(Қожанасыр Наурыздың қасындағы биік орынға шығып отырады. Домбырамен әндетіп, алдар көсе келеді).
Достарыңызбен бөлісу: |