Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:19.04
Сынып: 2В сынып
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғажайып түстер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
2.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және қарапайым фразаларды түсініп қайталау;
2.2.2.1 Сюжетті сурет бойынша сөйлеу;
2.3.1.1 Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу;
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/тыңдаған/ аудиовизуалды материалдар бойынша сөз тіркестерін жазу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Түстерді ажырата алу, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Көркем еңбек, дүниетану сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба, таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Қазақ тілінің төл дыбыстары
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі күнге сәттілік тілейік.
Саусақтарын түйістіру.
- Мен бүгін саған сәттілік тілеймін. Рахмет!
|
Жұптасу
|
|
Жаңа сабақты түсіндіру. Топтық жұмыс.
Біз қазақ тілінен біраз дыбыстарды өттік, оларды жазуды үйрендік. Алдымен қазақ тілінің төл дыбыстарын атап өтейік.
ә, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ, һ, і
«Өз үйіне орналастыр». Біз өткен дыбыстарды дауысты, дауыссыз екенін ажыратып, өз үйлеріне орналастырайық.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Қызықты тапсырма
|
№1. Бір ақ қағазға түстерді тізіп жазады, сосын кезек-кезек оқиды, қайталанса ештеңе етпейді, сөздердің дұрыс дыбысталуына мән беру керек.
Сосын осы аталған түстердің ішінен мұғалім қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түсті бояу қарындашпен белгілеуге тапсырма береді. Бұны әр оқушы өзі орындайды. Мұғалім алдын-ала дайындап қойған қағазда түстердің ретін көрсетеді, оқушылар қатесі болса түзейді.
-Бұл түстерді не үшін салдық? Бұл жеті түс ненің түсі деп ойлайсыңдар?
Оқушылар "радуга" деп жауап береді.
-иә, дұрыс, яғни оның қазақша атауы кемпірқосақ.
Жаңа сөздермен жұмыс:
жаңбырдан кейін –после дождя
шығады – появляется
кемпірқосақ – радуга
доға-дуга
Бұл жаңа сөз бірнеше рет топпен, жекелей қайталанады, себебі, ол ұзақ, күрделі сөз.
-кемпірқосақ қашан шығады?
-ол неден пайда болады?
оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Орысша да айтуларына болады.
Мұғалім осы жерде аздап осы мәліметті толықтырып кетсе болады.
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы құбылыс. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады. Сосын 20 минуттан кейін немесе одан көп уақыттан кейін жоқ болып кетеді!
Әр топқа ақ қағаз беріледі. Оларға жеті доға салуға тапсырма беріледі. Балаларға сұрақ қойылады
-Бұл не?
-дуга,дұрыс, енді осы сөздің қазақша атауын кітаптан қарап оқимыз, қайталаймыз.
-доға, деп оқушылар қайталайды.
Енді осы іс-әрекетін қазақша сөйлеммен жазуға тырысамыз.
Сен не салдың? деген сұраққа жауап жазамыз. екі оқушы бірігіп жазады.
мысалы: Мен доға салдым. Мен жеті доға салдым. әр жұп өз сөйлемдерін оқиды.
Енді әр топқа осы доғаларды басында белгілеген түстерімен бояу ұсынылады.
Енді осы әрекеттерін сөйлем түрінде жазулары керек.
Жеті доғаны жеті түске бояймын. Олар: қызыл, қызғыл сары, т.с.с.
-Мұғалім барлық топқа сұрақ қояды:
-Не шықты?Бұл не?
-Бұл-кемпірқосақ.
|
Түрлі тапсырмалар
Бейнежазба
«Кемпірқосақ туралы өлең»
|
Сергіту сәті
|
Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар.
1. . Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды, тек соңғы сұрақта қайталауға болады.
Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.
Сұрақтар:
1. Ағаштың түсі қандай?
2. Аспан түсі қандай?
3. Жапырақтың түсі қандай?
4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
5. Күннің түсі қандай болады?
6. Қардың түсі қандай?
7. Теңіздің түсі қандай?
8. Қемпірқосақтың түсі қандай?
Жауаптары:
1. Жасыл;
2. Көгілдір;
3. қызғылт сары;
4. Сары;
5. Қызыл;
6. ақ
7. көк
8. сабақтағы 7 түс айтылады;
|
|
Сабақтың ортасы
|
Дәптермен жұмыс. ( -бет)
Кесте бойынша сөйлемдерді құрастырып жаз.
Бірінші доғаны қызыл түске бояймын.
Екінші доғаны қызғылт сары түске бояймын.
Үшінші доғаны сары түске бояймын.
Төртінші доғаны жасыл түске бояймын.
Бесінші доғаны көгілдір түске бояймын.
Алтыншы доғаны көк түске бояймын.
Жетінші доғаны күлгін түске бояймын.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соңында оқушылар мына сұрақтарға жауап береді.
- Сен не саласың?
- Саған қандай түстер керек?
Осы екі сұрақты диалог түрінде сөйлесіп айтады.
Рефлексия
Үйге тапсырма тақпақ жаттау.
Кемпірқосақ
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Бояулары асылды.
|
Смайликтер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Көркем еңбек, дүниетану сабағы
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
|
.
Достарыңызбен бөлісу: |