Сабақтың тақырыбы: Сурет сабағы.Ғажайып түстер



Дата27.03.2018
өлшемі1,17 Mb.
#39720
түріСабақ
БҚО, Зеленов ауданы, Шалғай ауылы

Первосоветск ЖОББМ

Дусекенова Райгуль Болатовна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Сурет сабағы.Ғажайып түстер. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Түстерді қайталау, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алуға үйрету.
2. түстерді ажырата алу, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. 
3. қоршаған ортаға қызығу, оны аялау, қорғау керектігін түсіну, сұлулыққа талпыну.
Cабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық. 2. Лексикалық жаттығу.

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ.Жаңа сабақ.1."Қызығушылықты ояту"Сабақ тақырыбын сұрақтар арқылы ашу. Сұрақтар: 
1) Оқу құралдары деген сөз орысша?

2) Оқу құралдарын ата?

3) Қаламмен не істейміз?

4) Сызғышпен не істейміз?

5) Қарындашпен не істейміз?

6)Қайшымен не істейміз?

7)Желіммен не істейміз?

8)Өшіргішпен не істейміз?

9) Ұштағышпен не істейміз?

10) Сен немен сурет саласың?

11) Сен немен өшіресің?

12) Сен қарындашты немен ұштайсың?

13)Қандай тақпақ өттік?

14)Жатқа айтыңыз.


15)Тақпақ қалай аталады?

16)Тақпақ не туралы?


17)Сурет сабағы сөзін аудар.

18)Сурет сабағында не істейсің?

19)Сен ненің суретін саласың?

20)Суретті немен бояйсың?

21) Қандай түспен бояйсың?
22)Қазір жылдың қай мезгілі?

23)Бүгін аптаның қай күні?

24)Қазір қандай сабақ?

2. «Ойлан,тап» ойыны.


Әр тапсырманы орындағаннан кейін кемпірқосақтың түстері ашылады.

Не үшін керек? сұрағына жауап беру арқылы сурет саламыз.



Кітап (читать) үшін керек. Қалам (писать) үшін керек. Күнделік (оценки ставить)

үшін керек.Өшіргіш (стереть) үшін керек. Сурет дәптері(рисовать) үшін керек.

-Біз ненің суретін салдық?

-Дұрыс, әдемі гүлдің .Ал,енді кітаптан «Әдемі гүлдер» атты тақпақ оқимыз.



3.«Кітап –досың,ақылшың».

1)Сөздікпен жұмыс.

Доға-дуга

Кемпірқосақ-радуга

Ғажайып-прекрасный

Бақша – сад,огород

2)Оқулықпен жұмыс.130-бет 4-тапс.оқу. «Әдемі гүлдер».

Бақшаға барайық,

Гүлдерге қарайық.

Гүлдердің суретін

Дәптерге салайық.

Әдемі гүлдерге

Тағы бір қарайық.

Ғажайып түстерге

Гүлдерді бояйық.

-Тақпақ қалай аталады?

-Тақпақ не туралы?

4.«Кім біледі?»Тақтамен жұмыс. Сөздерге тәуелдік жалғауын жалға.

Менің қалам күнделіг сызғыш...

Сенің қарындаш дәптер сөмке

Сіздің желім ұштағыш

Оның кітаб қайшы өшіргіш



*Сергіту сәті.

5. «Білімді мыңды жығар». №2 Дәптермен жұмыс.

«Әдемі және дұрыс жаз!»

41-42 бет 1,2 тапс.орындау.

1-тапс.Жаз.

бақша


гүлдер

сурет


2-тапс.Оқулық бойынша толықтырып жаз.

6.«Кім жылдам?» ойыны. Апта күндерін ата.

7.Жетінші түсті ашу үшін сұраққа жауап беру керек.

Өзің жайлы айтып бере аласың ба? (Сенің атың кім?)



ІV. Жаңа сабақты бекіту.

-Бұл жеті түс ненің түсі деп ойлайсыңдар? 


-иә, дұрыс, оның қазақша атауы кемпірқосақ.

-Бұл түстерді не үшін салдық? Бұл жаңа сөз бірнеше рет топпен, жекелей қайталанады, себебі, ол ұзақ, күрделі сөз. 


-кемпірқосақ қашан шығады?

-жаңбырдан кейін.


Кемпірқосақтың түстерін ата.

бірінші түсі қызыл.

екінші түсі қызғылт сары

үшінші түсі сары

Кемпірқосақтың төртінші түсі жасыл

бесінші түсі көгілдір

алтыншы түсі көк

жетінші түсі күлгін.


Енді осы әрекеттерін сөйлем түрінде жазулары керек. 
№2 дәптермен жұмыс.44-бет.

*Ойын Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын,

ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл



ойынның барысында мына 1 ережені сақтауымыз керек:
1. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды, тек соңғы сұрақта қайталауға болады.Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.
Сұрақтар: 



1. Ағаштың түсі қандай?
2. Аспан түсі қандай?
3. Жапырақтың түсі қандай?
4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
5. Күннің түсі қандай болады?
6. Қардың түсі қандай?
7. Теңіздің түсі қандай?
8. Қемпірқосақтың түсі қандай?
Жауаптары:
1. Жасыл;
2. Көгілдір;
3. қызғылт сары;
4. Сары;
5. Қызыл;
6. ақ
7. көк
8. сабақтағы 7 түс айтылады;

Ү.Үйге тапсырма.129-133 бет оқу,өлең жаттау.

VІ. Рефлексия(Оқушылар жаңа сабақ бойынша өз пікірлерін білдіріп, тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін, қай деңгейде тұрғандықтарын ағаштағы адамдарды бояу арқылы көрсетеді).


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет