Сыныбы: 2 «Г» І. Сабақтың тақырыбы



Дата12.03.2018
өлшемі52,31 Kb.
#39162
түріСабақ


Сыныбы:  2 «Г»

І. Сабақтың тақырыбы:  Сурет сабағы

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Түстерді қайталау, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алуға үйрету;

2. Дамытушылық: Аталған тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік:  Қоршаған ортаға қызығу, оны аялау, қорғау керектігін түсіну,сұлулыққа талпыну.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,сурет салу өнері.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, диалог,тапсырмалар,сурет бойынша жұмыс.

Көрнекілігі: тапсырмалар,сұрақтары,ватман, слайдттар, бағалау парақшалары, альбом парағы, түрлі түсті қарындаштар. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақ барысы:

ІІІ.Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сабаққа назарларын аудару.

1) Психологиялық дайындық орындау. /Сергіту сәті/

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе,…............!



Тіл дамыту сұрақтары:

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қазір қыс мезгілі.

- Қыс айлары қандай?

-Қазір жылдың қай айы?

- Қазір жылдың ақпан айы.

- Ақпаннын қай күні?

- Ақпаннын жиырма алтысы.

- Бүгін аптанын қай күні?

-Бүгін жұма,аптанын бесінші күні.



Фонетикалық жаттығулар: қайталау

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар ?



(Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар)

Дыбыстар неше түрге бөлінеді ? (2)

Дауысты дыбыстардың саны ... (15)

Дауыссыз дыбыстар саны... (25)


Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар? (9)
Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді ?
(ұяң / үнді / қатаң )

Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді ?



(Жуан, жіңішке)

ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

-Доп. /дұрыс/

-Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

- Оқу құралдары.

- Доп лақтыру арқылы біз оқу құралдарын қайталаймыз.



Ү.Жаңа сабақ "Қызығушылықты ояту". Оқушылар сиқырлы саңдық арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топта 5-6 баладан.

Кіріспе сөз: -Балалар дәптерленізді ашамыз.

-Бүгінгі күнді жазамыз.

-Бүгін жиырма алтыншы ақпан.

-Сынып жүмысы.


  • Балалар суретті қай сабақта саласындар.

  • Дұрыс, сурет сабағында

ҮІ. Грамматикалық тапсырмалар:

Сөздік жұмысы:

Жаңа сөздерді оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып алады,хормен қайталайды.

1 тапсырма. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру.

2 тапсырма. Жаңа сөздермен бір сөйлем құрастырады.

3 тапсырма. Сөздерге көптік жалғау сәйкестіру.

Әр топ тапсырманы алып орыңдайды. Топ ішінде 1 оқушыдан тайм спикер тағайындалады. Ол тапсырмаларды топ ішінде үлестіріп береді және орындауға берілген уақыттың сақталуын қадағалайды.Тапсырмаларын жасағаннан кейін топтар өз жұмыстарын өздері бағалайды.

Бірінші әр топқа өздері білетін қазақша түстердің атын жазуға тапсырма беріледі. Әр топ біріге отырып, бір ақ қағазға түстерді тізіп жазады, сосын кезек-кезек оқиды, қайталанса ештеңе етпейді, сөздердің дұрыс дыбысталуына мән беру керек.


  Сосын осы аталған түстердің ішінен мұғалім қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түсті бояу қарындашпен белгілеуге тапсырма береді. Бұны әр оқушы өзі орындайды. Мұғалім алдын-ала дайындап қойған қағазда түстердің ретін көрсетеді, оқушылар қатесі болса түзейді. 

ҮІІ. Ойын ойналады
Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын,

ал сіздер жауаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына

1 ережені сақтауымыз керек:
1. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды, тек соңғы сұрақта қайталауға болады.
Сонымен ойын шартына Түсінсек ойынымызды бастайық.
Сұрақтар: 
1. Раушан гүлдің түсі қандай?

2. Жапырақтың түсі қандай?

3. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?

4. Ағаштың түсі қандай?

5. Аспан түсі қандай?

6. Теңіздің түсі қандай?

7. Қарындаштың түсі қаңдай?

8. Қемпірқосақтың түсі қандай?


Жауаптары:

1. Қызыл


2. қызғылт сары;

3 сары,


4. Жасыл;
5. Көгілдір;
6. . Көк
7. күлгін
8. сабақтағы 7 түс айтылады

-Бұл түстерді не үшін салдық? Бұл жеті түс ненің түсі деп ойлайсыңдар? 


Оқушылар "радуга" деп жауап береді. 
-иә, дұрыс, яғни оның қазақша атауы кемпірқосақ. Бұл жаңа сөз бірнеше рет топпен, жекелей қайталанады, себебі, ол ұзақ, күрделі сөз. 
-кемпірқосақ қашан шығады?
-ол неден пайда болады?
оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Орысша да айтуларына болады. 
Мұғалім осы жерде аздап осы мәліметті толықтырып кетсе болады.
Кемпірқосақ-аспан күмбезінде түрлі-түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол 2 немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады. Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектордың басқа түсті бояулары орналасады. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады. Ең бірініші жаңбыр жауады сосын кемпіркосақ пайда болады да, ашық сары көк сондай түске боялады. Сосын 20 минуттан кейін немесе одан көп уақыттан кейін жоқ болып кетеді.

Әр топқа ақ қағаз беріледі. Оларға жеті доға салуға тапсырма беріледі.

-Бұл не?


-Дуга, дұрыс, енді осы сөздің қазақша атауын айтамыз, қайталаймыз.

-Доға, доға деп оқушылар қайталайды.

Ал енді жеті доғаны жеті түске бояйық.

-Балалар, не шықты?

-Кемпірқосақ.

Әр топ өздерінің салған кемпірқосақтарының суретіне тақтаға іледі,өз салған постерін қорғайды, барлығы бірге «кемпірқосақ қандай әдемі» деген сөйлемді оқиды.



ҮІІІ. Сабақты қорыту:

Сұрақ –жауап

-Оқушылар, біз бүгін не салып үйрендік?

-Кемпірқосақ.

-Кемпірқосақтың неше түсі  бар?

-Кемпірқосақтың 7 түсі бар.

-Қанекей, кім маған атап береді?

ІХ. Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау,130 бет.6 тапсырма.



Х. Рефлексия. Бағалау парағы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет